Байланысты: Ттр үшін тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштарды, мэ есептеу. Тт-melimde.com (4)
3.Физико-химиялық анализдеу тәсілдерін есептеу
Іздестіріп отырған компоненті анықтау үшін қолданатын негізгі әдістер. Физико-химиялық анализде концентрацияны табу үшін аналитикалық сигналды тура өлшеу тәсілі және титрлеу тэсілі қолданылады.
Тура өлшеу тэсілінде аналитикалық сигналдың анықталатын кұраушылардан (ионнан, молекуладан, заттардан т.б.) тәуелділігі тура пропорционалды болу керек. І=кс, мұнда I - аналитикалық сигналдың концентрациясы; С - анықталатын заттың концентрациясы; k - константа, қолданып отырған тәсіл және анализдің нақты шарттары үшін тұрақты өлшем.
Анықталатын заттың концентрациясын табу үшін төмендегідей әдістер қолданылады.
· а) Градуирлеу гуафик әдісі.
Бұл әдісте стандартты ерітінділер (5-7 ерітінді) үшін аналитикалық сигналдың шамасын өлшейді. Алынған нәтижелер бойынша I=f(c) координатасында градуирлеу графигін тұрғызады. Содан соң сол жағдайларда анализденетін ерітіндінің аналитикалық сигналын өлшейді және суретте көрсетілгендей градирлеу графигі бойынша оның концентрациясын табады.
· б) Мольдік қасиет әдісі.
Бұл әдіс бойынша бірнеше ерітінді (3 ерітінді жеткілікті) үшін аналитикалық сигналдың шамасын өлшеп, константаның орта мәнін табады. Содан соң сол жағдайларда анализденетін заттың аналитикалық сигнал шамасын өлшеп, константаның орта мэнін қолдана огырып, заттың концентрациясын табады: С(Х) = І(х) к · в) Қосымша әдісі.
Бұл әдіс бойынша анализденетін ерітіндінің аналитикалық сигналын есептейді. Содан соң, сондай ерітіндіге стандартты ерітіндінің (қосымша) белгілі көлемі қосылады да, қайтадан аналитикалық сигналын өлшейді. Анализденетін заттың концентрациясын төмендегі теңдеулер арқылы есептейді:
· І(х) =кС(х): І(х+ст) = к[С(х)+С(ст)]
· І(х)/C(x) = I (х+ст) / C(x) + C(ст) → С(х) = С(ст) . I (x) / I (x + ст) - I (x);
Анықталатын компоненттің массалық үлесін табу үшін анализ кезінде анализденетін ерітіндінің сұйылуын есептеу қажет: