Байланысты: Ттр үшін тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштарды, мэ есептеу. Тт-melimde.com (4)
2.Талдаудың физика-химиялық әдістерінің ерекшеліктері мен қолдану аймағы Талдаудың барлық әдістері аналитикалъщ сигнал немесе қарапайым сигнал деп аталатын заттардың физика-химиялық қасиеттерінің заттың табиғатына және оның анализденетін сынамадағы мөлшеріне байланысты тәуелділігін
қолдануға негізделген.Химиялық талдаудың классикалық әдістерінде мұндай қасиет ретінде не тұнба массасы (гравиметриялық әдіс),не реакцияга кеткен реактив көлемі (титриметриялық талдау)қолданылады. Алайда, уақыт өте талдаудың химиялық әдістері тәжірибенің көптеген әртүрлі сұраныстарын, әсіресе, ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелері ретінде өскен талаптарды
ғылым мен техниканың жаңа салаларын дамытуды қанағаттандыра алмады.
Елдің өнеркәсіптік-энергетикалық потенциалына түсті және қара
металлургиямен,жасаумен, энергетикамен, химиялық өнеркәсіппен және басқа да дәстүрлі салалармен қатар атом энергетикасы, ракета жасау мен
ғарышты меңгеру,жартылай өткізгіш өнеркәсібінің,электрониканың дамуы, техникада таза және аса таза заттардың кең қолданысы маңызды мәнге ие бола бастады. Осы және басқа да салалардың дамуы аналитикалық химияның алдына анықтау шегін 10'5 - ІО'10 %-ға дейін төмендету міндетін қойды. «Тыйым салынған» деп аталатын қоспалардың мөлшері 10"5%-дан аспағанда ғана ыстыққа төзімді құймалар өздерінің қасиеттерін сақтайды.
Цирконийді ядролық техникада құрылыстық материал ретінде қолданғанда,ондағы гафний қоспалары шамамен осындаймөлшерменшектеледі(Бастапқыда цирконийді гафниймен ластанғаны үшін осы саланың құрылыстық материалы ретінде қолдануға қателікпен тыйым салынған.) Ластанудың одан да аз мөлшері (10 10 %-га дейін)жартылай өткізгіш өнеркәсібіндегі (кремний, германий жэне т.б.) материалдарға рұқсат етіледі.Қоспаларының мөлшері 10'5%-ға жэне одан аз деңгейде болатын металдардың қасиеттері елеулі өзгереді. Мысалы, хром мен бериллий иленгіш және созылмалы,вольфрам мен цирконий сынғыш осыншалықты аз мөлшерді гравиметриялық титриметриялық әдіспен анықтау мүмкін емес,анықтаудың ең төменгі шегіне жететін талдаудың физика-химиялық эдістерін қолдану арқылы ғана осындай түрдегі аналитикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.Талдаудың физика-химиялық эдістерінің екінші бір маңызды ерекшелігі-олардың шапшаңдығы(экспрестілігі),нәтижені алудың қарқыны жоғары болып табылады. Қазіргі автоматтық квантометрлер зертханаға сынаманы енгізгеннен кейін бірнеше минуттан кейін-ақ нәтиже алуға мүмкіндік береді.Шикізаттың құрамы, химиялық қайта түзеу деңгейі туралы және т.б. қазіргі ақпараттар технологқа технологиялық үрдістің жүрісіне араласуға және керекті түзетулер жасауға мүмкіндік береді. Талдаудың экспресстілігі металлургиялық өнеркәсіпте де елеулі маңызға ие,ол жерде болаттың құрамын нәтижесіне байланысты құйма дайындау жүрісі түзетуге болады.
Талдаудың жылдамдығына байланысты,балқыту уақытын қысқарту энергетикалык және шығындарды төмендетіп үлкен экономикалық тиімділік береді.