Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Адам мәселесінің, Абай даналығында бейнеленуі
Орындаған: Абикешов.А
Тобы: ГиК-22-1
Тексерген: Хасенов Р.А.
Қарағанды 2024
ЭССЕ
Адам мәселесінің, Абай даналығында бейнеленуі
Абай атамыз – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы.Абай атамыз 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тауында (қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша) Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Абайдың әулеті тұқым қуалайтын ақсүйектер болған, ал оның атасы (Өскенбай) мен арғы атасы (Ырғызбай) билеушілер мен билер ретінде олардың отбасында үстемдік еткен. Абай – атамыз қазақтың біртуар ойшыл-ақыны, заманынан озып туған ойшыл, қазақтың қамы үшін толғанумен өткен халық жанашыры. Оның діни-философиялық тұжырымдары бүгінгі таңда елімізде қалыптасқан дінимәселелерге жауап табуға септеседі. Өйткені Абай қазақ халқы санасында өшпестей орын алған дара тұлға. Абайдың діни түсініктері сол кезеңдегі қазақ халқының діни түсінігі қандай болғандығынан хабар береді. Абайдың дін түсінігін тереңірек қарастыратын болсақ Матуридилік түсінікпен астарласып, сабақтастық жолымен қалыптанғаны байқалады.
Отбасылық жайлылық пен үйдегі тәрбиенің жолы болды, өйткені анасы Ұлжан да, Зере әжесі де өте сүйкімді, дарынды адамдар болған. Ананың жеңіл алақанымен әке берген «Ибраһим» есімі «сабырлы, ойлы» дегенді білдіретін аяулы «Абайға» ауыстырылды. Ол өмір бойы осы атпен өтіп, тарихта қалды.Балалық шағынан басталған халықтың ауызша шығармашылығы мен молдадан үйден білім алу имам Ахмед-Ризаның медресесінде жалғасын тапты. Сол тұста орыс мектебінде оқып, бес жылдық оқуын аяқтай келе өлең жаза бастайды. Құнанбай 13 жасынан бастап Абайды ру басының басқару ісіне дағдыландыра бастайды. Ол руаралық дауларға, дау-дамайларға, интригаларға баруға мәжбүр болды және бірте-бірте әкімшілік және саяси әрекеттерден көңілі қалды, бұл 28 жасында Абайдың одан кетіп, өзін-өзі тәрбиелеумен толығымен айналысуына әкелді. Бірақ 40 жасында ғана ақындық, азамат ретіндегі кәсібін, атап айтқанда, «Лето» поэмасының астына атын қою арқылы түсінді (бұрын шығармаларын досы Жантасов Көкпайға жатқызған). Абайдың осы кездегі биік мүмкіндіктерін ашуға оның жер аударылған орыстармен, Е.П. Михаэлис, Н.Долгополов, С.Гросс. Абайдың 19 ғасырда басынан өткерген орыс мәдениетіне үндеуі. оның әдебиет пен өнердегі «дауыл мен екпінді» кезең бұрынғыдан да табиғи болды, өйткені шығыс дәстүрінде ақындық сөз жоғары бағаланған. Абай Пушкин, Лермонтов, Гете, Байрон поэзиясына жақын болды. Оларды қазақ тіліне аударған транскрипцияларында ол аударылған өлеңдердің рухын нәзік етіп жеткізіп, руластарының дүниетанымына бейімдеген.20 жыл бойы Абайдың данышпандығы өте жан-жақты өркендеп, ерекше беделге, далада бұрын-соңды болмаған зор танымалдыққа ие болуда. Оған ақындар, әншілер, композиторлар ағылып, айналасына дарынды жастар толып, әлеуметтік-философиялық, әдеби мектептер құрылуда.
Әр кезеңдегі ойшылдар адам атының сақталып қалуы үшін толыққанды адам болудың жолдарын іздестірген және өздерінше әр қилы пікірлер білдірген. Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама сұмдықтарды көріп қорықты. Енді солардың біршамасына шолу жасасақ төмендегідей анықтамалар шыға келеді. Қоғамдық пәлсапалық hәм діни-танымдық тұрғыдан «адам» ұғымы аса терең. Мысалы, XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж. Руми: «Адамның болмысы – ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар. Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – деген екен.
Абай атамыз да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ. Яссауи және Ж. Румидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады.Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1986ж.) өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Адам сатысындағыларда имандылық бар. Бірақ бұл толық иман емес. Олар Алла тағаланы мойындады. Бiрақ Алла тағала үшiн әрекет жасамай, тек қана Одан өзiне жақсылық тiлейдi. «О, Алла тағала! Маған тамақ бере гөр, денсаулық бере гөр, отаныма тыныштық бере гөр» және тағы-тағылар деп ол өзiнiң денесiне байланысты құндылықтарды сұрауы мүмкiн. Сөйтiп адам Құдайға құлшылық жасаудық орнына өзiне жақсылық тілеп, Оны өз қамы үшін пайдалануға тырысады. Рухани жаңғырудың материалдық деңгейі дегенiмiз осы. Ол әлi Абай көрсеткен өмірдiң негiзгi мақсаты Түп Иеге қайтуды бiлмейдi, не болмаса толық сезiнiп-түйсiнбейді, бірақ материалдық қажетiн Құдай тағаладан сұраған кезде Оны есiне түсiредi. Осылай жаны бiртiндеп тазарып, түбiнде өмірдiң негiзгi мақсатына ұмтылуға мүмкіндік алады.Ал толық адам мүлде басқа. Ол өмір мақсатын түсiнген және соған өмірiн толық арнаған. Ол өзi үшін ештеңенi сұрамайды, iс-әрекетiнiң барлығын тек қана Түп Иенiң разылығына арнайды.
Абай осылай адамды саты-сатылап негiзгi мақсатқа әкеледi. Бұлардың ең жоғарғысы рухани жетiлу, себебi махаббаттың ең жоғарғы нысанасына – Құдай тағалаға бағытталады, сонымен бiрге «жаннан тәттi» деп ол сүюдiң басқалардан артық екенін көрсетедi. Адамға ең қымбаты жаны болса, ал «жаннан тәттi» деген сөз бұл сүю одан да құнды, ең жоғары дәреженi көрсетедi. Сондықтан рухани жетiлу – ең жоғарғы саты, одан жоғары сана жоқ.Толық адам сатысының екінші айырмашылығы – өмірдің мақсатында. Толық адамдарда бірақ мақсат бар. Ол – Түп Иеге қайту. Ол үшiн толық адамдар Абайдың «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәттi» қағидасын берiк ұстанып, Аллаға деген биік махаббатқа жетуге ұмтылады. Олар құлшылық жолындағылар. Себебi бiреудi жақсы көру үшiн оны сырттай бiлiп қою жеткiлiксiз.
Нағыз сүйiспеншiлiк қарым-қатынастан басталады. Сол сияқты Алла тағаланы сүю үшiн де Онымен қарым-қатынас аясына кіру керек. Ал ол құлшылық арқылы ғана болмақ. Олар Алла тағаланы ешуақытта ұмытпай, үнемі естерiнде ұстаушылар. Осылай олар рухани сатыға көтерiлiп, Құдайға деген сенiмдерi биiктеп, Онымен қауыша алады. Адам ендi барлық iс-әрекетiн өзiнің емес, Құдай тағаланың разылығына арнайды.Құдайға деген жүрек пен көңiлдің тазалығы. Абай Құдайға ынталы жүрек, шын көңіл керек екенін айтады
Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген.Толық адамның рухани жаңғырудың басқа сатысында тұрғандардан айырмасы осындай. Ол өзінің адами қасиеттерін сырт көзге көрсетпеуі де мүмкiн. Көпшілік тәрізді ол да жақсы отбасы, қоғам қайраткерi, ұлтының қамын ойлайтын кемеңгер, патриот, гуманист болып көрінуі мүмкін. Бiрақ оның iшкi дүниесi бөлек, өзгерген. Ол ендi өзiн, немесе «менiкi» дегендердi қанағаттандыру үшiн емес, барлық себептердiң себебi Алла тағаланың разылығы үшiн әрекет жасайды. Алла тағаланың аясына кiрiп, оның iстеген барлық iс-әрекетi рухани және өте кемелдi болады.
Кемелдi дегенiмiз – барлық жағынан кемшiлiгi жоқ толық дегенмен бiрдей. Сондықтан бұл сатыдағы адамдарды Абайдың өзi атағандай «толық адам» деуге керек. Толық адам жолында қоғам да, адам да ештеңенi жоғалтпайды. Керiсiнше, қоғамға үйлесiмдiлік, ал әркiмге рухани жаңғырып, өмірдiң жоғарғы ләззатын алуға жол ашылады.Рухани жаңғыру жан саулығына бағытталса, ал тән саулығы – оның салдары ғана. Сондықтан, бұл жол – бүгiнгi адамзаттың арманы болып отырған денсаулық сақтау мәселесiн шешудiң тура жолы. Оған жету шарты – Абай көрсеткендей, рухани жаңғыру арқылы ынталы жүрек пен шын көңiл дәрежесіне көтерілу керек.Бұл – шексiз жол. Абай рухани жаңғырудың бұл деңгейін «бек нәзiк, бек шетiн жол» дейдi. Бұл жолмен «ақыл-есiн бiр бағытта дұрыс пайдалана алған адам ғана жүре алады». Данышпан Абай «Жүректiң ақыл – суаты, махаббат қылса Тәңiрi үшiн», яғни Тәңiрi үшiн пайдаланған ақыл жүректiң нәр алатын суаты болып, жолдан адаспауға мүмкiндiк беретiнiн бiлдiредi. Ақылды дұрыс пайдаланудың маңызы осындай!
Қорытындылай келе, «Ұлы ақын Абай атамыздың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».
Достарыңызбен бөлісу: |