Реферат Тақырыбы :" Н.Ә. Назарбаевтың "Нұрлы жол-Қазақстандық даму жолы" бағдарламасының тарихи маңызы "


Бағыттарды оңтайландыру басымдығымен жаңа темір жолдар салу



бет3/7
Дата19.05.2022
өлшемі93,35 Kb.
#143948
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Бағыттарды оңтайландыру басымдығымен жаңа темір жолдар салу
Темір жол инфрақұрылымы саласында бүгінде өңірлер арасында тікелей жол қатынастарын құру, сондай-ақ қазақстандық бағыттардың транзиттік жүк жолдаушылар үшін тартымдылығын арттыру арқылы республика ішіндегі тасымалдар бағыттарын оңтайландыруға басымдық берумен оңтайлы темір жол желісін құру аяқталды. 
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы ұзындығы 14 шақырым болатын «Боржақты – Ерсай» темр жол желісі пайдалануға берілді, ол Құрық портындағы паром кешенін темір жол магистралімен қосты. 
Сонымен қатар, 2017 жылы ұзындығы 112 шақырым болатын «Шу – Алматы» учаскесіндегі екінші жолдардың құрылыс жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне пойыздардың 17 жұбынан 68 жұбына дейін арттыруға мүмкіндік берді, ал жүк жөнелтушілер үшін нақты пайдасы учаскеде тасымалдау уақытының 2,5 есеге қысқаруы болды, бұл пойыздар қозғалысының есептік жылдамдығын екі есе арттыру есебінен мүмкін болды.
Негізгі халықаралық дәліздер бойынша контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырудың жаңа технологияларын дамыту және енгізу контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын тәулігіне 1108 шақырымға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қоса, жүктерді тасымалдаудағы артып келе жатқан қажеттіліктер мен жүк жөнелтушілердің үміті транзиттік бағыттағы жүктерді өңдеу және жеткізу жылдамдығын тәулігіне 1150 шақырымға дейін одан әрі арттыру қажеттігін көрсетеді, бұл Нұрлы жол екінші бағдарламасының аясында қарастырылған. Сонымен қатар өткен жылдан бастап «Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңының жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, ол тасымалдаушылардың бәсекелі нарығындағы тасымалдау бағдарын және тасымалдау процесінің әрбір қатысушысының рөлін, құқықтарын, міндеттерін анықтауды ескерумен темір жол саласын реформалауға бағытталған. 
Сонымен қоса, сервистік қызмет көрсету тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі поездар мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жолаушылар жылжымалы құрамының тозу деңгейін азайту және уақытылы жаңарту мақсатында вагондарды сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және бюджеттік несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, іске асырылып жатыр. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама өзінің мультипликативті тиімділігін көрсетті — сатып алынған 1489 фитинг платформасы транзитік тасымалдарға бағытталған және контейнерлік тасымалдар көлемін 23%-ға (2018 жылы 537 мың ЖФЭ-тен 2019 жылы 664 мың ЖФЭ-ге дейін) және транзиттік тасымалдардан түсетін кірісті 20%-ға (2018 жылы 253 млрд теңгеден 2019 жылы 302 млрд теңгеге дейін) арттыруға мүмкіндік берді 310 ашық вагон жылу маусымы кезеңінде 2 млн тоннадан астам көмірді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 580-ге жуық ашық вагон республика ішіндегі жол қатынасында жүріп жүр.2019 жылы бюджеттік сыйақы мөлшерлемесі аясында 2 441 вагон (62 жолаушылар вагоны, 2 379 жүк вагоны) субсидияланды.
2019 жылы бюджеттік лизин аясында 77 жолаушылар вагоны алынды, сатып алынған вагондар «Алматы – Маңғыстау» пойызының құрамын 100% көлемде жаңартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш», «Нұр-Сұлтан – Атырау», «Алматы – Атырау» пойыздарының құрамы жартылай жаңартылды. Вагондар тапшылығы 250-ден 160 вагонға дейін азайтылды. Мыңнна аса елді мекендер темір жол қатынасымен қамтылды. 
Қабылданған шаралардың арқасында, «Тұлпар» вагон құрастыру зауыты» ЖШС отандық зауытының тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді, зауытта 130 жұмыс орны және пойыз бригадасы мен қызмет көрсетуші персонал бойынша 500-ге жуық жұмыс орны құрылды.
Алайда жолаушылар вагондарының тозуы мәселесі министрліктің алдында тұрғаны аса өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр, жаңа бағдарлама аясында жыл сайын 100 вагоннан сатып алу көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет