Реферат Тақырыбы :" Н.Ә. Назарбаевтың "Нұрлы жол-Қазақстандық даму жолы" бағдарламасының тарихи маңызы "


Бағдарламаның екінші бесжылдығының мақсаттары мен міндеттері



бет6/7
Дата19.05.2022
өлшемі93,35 Kb.
#143948
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Бағдарламаның екінші бесжылдығының мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасын толыққанды және сапалы орындау атқарушы биліктің назарында болуы керек деп атап өтті.
«Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады», — деді Қазақстан Президенті. Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция салады.
Осылайша, бес жыл ішінде жүзеге асырылған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы өзінің табыстылығы мен Қазақстанның экономикалық өсуі үшін маңыздылығын дәлелдеді, бүгінде ол 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасында өз жалғасын тапты.
2019 жылғы 31 желтоқсанда ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді, мобильділікті, еңбек өнімділігі мен тұрмыс сапасын арттыратын көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған. Бағдарлама аясында 2025 жылға дейін жалпы сомасы 5,5 трлн теңгеге 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы негізгі міндеттер:

  • 10 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау (оның ішінде 3,8 мың км өтпелі жобалар), сондай-ақ республикалық желідегі 11 мың км жолды күрделі және орташа жөндеу.

  • жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100%-ға, ал I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының ұзындығы 60%-ға дейін артады.

  • облыстық және аудандық маңызы бар 27 мың км-ден астам жолды жөндеу және олардың жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 95%-ға дейін жеткізу.

  • Достық ‒ Мойынты учаскесін жаңғырту және Мойынты ‒ Ақтоғай учаскесін электрлендіру.

  • 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу.

  • 16 аэродром салу.

  • 48 кеме сатып алу, оның ішінде 6 сауда флоты және шлюздерді күрделі жөндеу.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша келесі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда:

  • Еңбек өнімділігін 2016 жылғы деңгейіне қарағанда 40%-ға арттыру;

  • «Көлік және қоймалау» саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуін 2016 жылғы деңгейіне қарағанда 308%-ға ұлғайту;

  • 550 мың адамға жаңа жұмыс орындарын ашу (48,5 мың ‒ тұрақты, 502,2 мың ‒ уақытша);

  • Республикалық маңызы бар автожолдардың 100%-ын, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95%-ын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу;

  • Логистика тиімділігінің индексі бойынша 50 орын, индекс әрбір 2 жыл сайын бағаланады, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ‒ 71 орын;

  • ДЭФ ЖБИ «Инфрақұрылым» бойынша 49 орын, жыл сайын бағаланады, 2019 жылдың қорытындысы бойынша – 67 орын.

Басым міндеттердің бірі — тұрғындарды үйге апаратын жолмен, яғни жалпы желісі 70,9 мың км құрайтын жергілікті жолдармен қамтамасыз ету.
2020 жылы 4 мың км автожол құрылыс жұмыстарымен қамтылды:

Биыл жалпы ұзындығы 2,6 мың км автожол учаскелерінде қозғалысты ашу жоспарланған, ол үшін бүгінгі таңда жалпы жылдық қажеттіліктен 27% қиыршық тас, 44% ТББ және 14% битум дайындалды.


Осы жылдан бастап республикалық маңызы бар 5,7 мың км автожол ақылы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет