<<Түркілердің мәдени мұрасының европалық және исламдық әлемге әсері>> Орта ғасырларда Еуропаға Исламның әсері көп жоспарлы және жан-жақты болды. Ол өмірдің барлық жақтарын қамтыды: тұрмыстық, ғылыми, діни, әдеби, техникалық, философиялық, сауда-экономикалық, әлеуметтік-мәдени. Әр түрлі мамандықтарды зерттеушілерге бүгінгі таңда ойлау үшін әр түрлі тақырыптарды ұсынады. Тарих саласында-бұл атақты бельгиялық тарихшы Пиренн бастаған Еуропадағы феодалдық құрылыстың генезисіне Исламның әсері тақырыбындағы пікірталастарТүркі халықтарының ата тегінен қалған нақты рухани мұралар үлгісіне Орхон – Енисей бойынан табылған тасқа ойылып жазылған ескеркіштер жатады. Ескеркіштер ежелгі заман тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік жортуылдарын мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндаған.Әдебиет саласында-бұл ортағасырлық фаблио жанрының пайда болуы, шығыс және еуропалық элементтердің провансаль лирикасындағы арақатынасы, бай араб мұрасының Дант пен өнерге әсері туралы даулар. Жаратылыстану саласында-бұл Араб еңбектерінің Еуропадағы медицина мен астрономияның дамуына әсерін зерттеу. Ал философияда-бұл латын аверроизмінің Ибн-Рушдтың философиялық жүйесімен шарттасу мәселесі, сондай-ақ Ибн-Синаның көзқарастарының арабтардан ерекше терминдерді, мысалы, атрибут ұғымын ала отырып, кейінгі орта ғасырлардағы тамызинизм өкілдеріне әсер ету тақырыбы.Рашид әд-Диннің айтуынан түркілердің аңшылық өмірі адам төзгісіз ауыр болғанын аңшылардың алғашқы діни көзқарастарынан аңғаруға болады. Ал түркі халықтарының дәстүрлері мен тәлім – тәрбиелік мұралары жазба материалдарда толық ашылмаған. Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды. Түркі қағанатының батыстағы шекарасы VI ғасырдың аяғында Византиямен, оңтүстікте Персия және Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен іргелес жатты.ХХІ ғасыр – түркінің ғасыры. Америкада Инк мәдениеті деген болған. Зерделей қараған адам олардың, қызыл терілілердің дәстүр-салт, жазу-сызуында, тілінде түркілермен жақындықтың барын аңғарады. Америка құрлығының байырғы тұрғындарының шыққан жері – Азия. Америкадағы үндістерді келімсектер қырып-жойды. Сол үндістердің жерінен көне жазулы мәтін табылған. Жазудың арасында астрономиялық карта бар екен. Біздің ата-бабаларымыздың жазуы, қағазы, баспаханасы, т.б. жазу мәдениетінің дамығандығын білдіретін дүниелері табылып жатыр. Біреулер «бұлай болуы мүмкін емес» дейтін шығар. Бірақ ойлап қараңызшы, жазуды білмейтін адамның қағазда не шаруасы бар, баспахана орнатуда не шаруасы бар? Демек, біздің бабаларымыздың жазу мәдениеті жоғары деңгейде болған. Дөңгелекті де тапқан түркілер. Атты алғаш мінген де түркілер. Азия, Еуропа, Америка, Африка болсын, дүниежүзінің кез-келген аймағына қарасаңыз, түркілерден қалған мұраларды көресіз. Барлық құқықтар сақталған.Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.Тарихи шындық түркі халықтары жоғарыда аты аталған екі дәуірдің тарихына, мәдениет пен әдебиетіне, рухани құндылықтары мен өркениетіне ортақ. Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Тарихи шындық түркі халықтары жоғарыда аты аталған екі дәуірдің тарихына, мәдениет пен әдебиетіне, рухани құндылықтары мен өркениетіне ортақ. Сол үшін түркілер Ислам өркениетіне не берді? Ислам өркениетінен қандай үлес алды деген сұрақтарға ортақтаса жауап беруге де тиіс.Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Бұдан кейінгі кезеңде Түркі тарихын Ислам тарихынан бөле-жара қарастыру мүмкін емес. Ислам тарихын рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мұхаммед )с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632( рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар.Бірінші кезеңі- Ислам тарихындағы ең маңызды кезеңі. Ислам тарихында Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбар қайтыс болған соң сахабалар кеңесінде (ижмаһ ) Әбубәкір(ғ.с) пағамбардың орынбасары ретінде мұсылмандардың тұңғыш халифасы болып тағайындалды. Екі жыл халифат тағына отырды(632-634). Әбубәкірдің қазасынан кейін екінші халифа Омар(ғ.с), (634-644) үшінші халифа Осман(ғ.с), (644-656) төртінші халифа Әли(ғ.с) (656-661) болып сайланды. Олар барлығы жиырма тоғыз жыл Ислам әлемін биледі. Аталған төрт халифа «Рашедин халифалар» (турашыл халифалар) атаумен Ислам тарихында танылды. Екінші кезеңі- Мүавийе ибн Әбусофиян( 636-679) құрған Үмеийе әулеттері халифаты 660-750 жылдар аралығын қамтиді. Бұл кезең біз үшін халифат әскерінің түркі даласына қадам басуымен ерекшеленеді. Тарихтан белгілі Құтейбе ибн Мүслім «669-715» ( 704 жылы халифа Әбдімәлік ибн Мәрван(685-705 билік құрған жылдары) тарапынан Хорасан өлкесінің әкімі болып тағайындалды. Ол өлгеннен кейін Уалид ибн Әбдімәлік әкесінің орнына халифат тағына отырған(705-715) жылдары да Құтейбе өз орнында шентағына ие болып қалды. Құтейбе Хорасанға әкім болған соң Ислам араб халифатының Түркі даласына ептеп ене бастауына бастама жасады. Оның бұл бастамасы Харезмнен бастады. Харезм-Амударияның екі жағында Арал көлінің оңтүстінен Хәзәр «каспий» теңізінің шығысына дейінгі жерді алып жатқан өлке. Амударияның шығыс жағалауында орналасқан Кат қаласы орталығы болған. Кейін Кат есімі Харезм атымен орын ауыстырды. Бұл өлкені билеп тұрған Харезмшаһ әулеттері арасында тақталастықтың кесірінен алауыздық туындап, тақ мүдделілердің бірі Хорасан өлкесінің араб текті - Құтейбе ибн Мүслімге хат жазып, Харезмді жаулап жаулап алуын сұрады. Құтейбе оның өтінішін орындап 712 жылы билікке қарсы топтардың көмегімен ешбір қиындықсыз Харезмді жаулап алды. Одан кейінгі жылдар Харезмшаһтар араб халифатына бағынышты болды. Құтейбе сол кездері Бұхара, Самарқан, Соғд, Шаш, Фарғана, Харезм тағы басқа уалаяттарды жаулап алып, Хорасанға қайта оралған соң Мәрв қаласын Хорасан өлкесінің бас қаласы етіп алды. Сөйтіп ұлы Хорасан өлкесін құрды. Ежелден Тұран «Түркі елі» аталып кеген территория Құтейбенің Түркі еліне жасаған жорықтары жеңісті нәтижелерге қол жеткізген соң «Түркістан» атымен ел тарихына енді. Құтейбенің жеңістері де түркілерді толық бағындыра алмады. Үшінші кезеңі- Аббас тегінен шыққан Абдолла Сәффаһ( 722-754) Аббаси халифатын (750 -1258) құрды. Ислам әлеміне Аббас әулеттерінің хали фаты орныққан соң Түркістан да жаңа өзгерістердің куәсі болды. Оның басты себебі 751 жылы бірлескен халифат пен түркі қосыны қытай әскеріне қарсы Атлақ мекенінде ұлы жеңіске қол жеткізгені болды. Сол оқиғадан кейін түркілер Ислам дінін саналы түрде мойындай бастады. 751 жылғы оқиға жөнінде араб тарихшысы Ибн Әсир жазбаларымен қоса қытай жылнамаларында да айтылады. Төртінші кезеңі- Осман ибн Ертұғрол(1258-1326) негізін қалаған Османлы халифаты(1299-1923) бүгінгі Станбул қаласын жаулап алуымен ерекшеленеді. Исламның саяси халифаты әр кезеңде түрлі құбылыстары, артықшылығы мен пендеуи кемшіліктерімен әлем өркениетіне, білім мен ғылымына айтарлық үлес қосқаны үшін адамзаттың дүниеуи және рухани өрісін қазіргі уақытқа дейін алға жылжытып келе жатыр. Халифаттың екінші және үшінші кезеңдері арабтардың саяси үстемдігімен бірге араб тілі мен мәдениеті Исламдық дүниетаным арқылы түркі жұртына еніп, бойлады, тамыры тереңге тартты. Содан бастап түркі даласында әдебиет, жаңа түрлерімен қоса жаңа мазмұндағы тақырыптармен де баи түсті. Бұл бастау араб, парсы, түркі мәдениеттердің тоғысында өзіндік тарихи-саяси ерекшелігімен күрделеніп тұрды. Оның басты себептерінің бірі- араб тілі исламның бастапқы ғасырларда үстемдік құрып парсы мен түркі тілдері оның көйлеңкесінде қалып қойғандығы еді. Бұл үрдіс екі-үш ғасырға созылып, тіпті парсы-түркі тілдері қолданыстан шығып, жойылып кету алдында тұрды. Сол кезеңде араб тілінің үстемдік құруының бірнеше себебі болды. Оның бастысы- құран кәрім Алланың сөзі араб тілінде болғандығы. Онымен қатар тағы да үш себеппен байланысты еді. Біріншіден- Мұхаммед (с.ғ.с) Алла тарапынан пайғамбарлыққа тағайындалған соң игі істерінің бірі аударма саласына ерекше көңіл бөлгендігі. Пайғамбар сол заманның өркениетті Грек, Иран, Үнді елдерінің тілін үйренуді жолға қойды. Пайғамбар іргесін қалаған бұл шара одан кейінгі уақытта да өз жалғасын тауып, 850 жылға дейін сол дәуірдің тамаша ғылыми һәм әдеби туындылары араб тілінде сөйлеп үлгерді. Араб тілі құран кәрімнің негізінде өз заманының ғылыми сөздік қорын байытып, мол қазнаға айналды. Сондықтан ұлы ойшылдар мен ғалымдар араб тілін қажетсініп тұрды. Әбунәсір Әл-Фараби, Харезми, Ибн Сина, Зәкерия Разимен бірге жүздеп саналатын түркістандық, ирандық ғалымдар араб тілінде оқып, жазды. Екіншіден- Ислам халифатының тізгіні арабтардің қолында болғандықтан саяси билікке жақын жүрген түркі мен парсы шенеуніктері де араб тілін үйренуге ден қойды. Үшіншіден- Экономиканың да қарқынды дамуы араб тілінің пайдасына шешіліп тұрғанын Үмеийе халифаты исламдық қағидасынан көре арабтық үстемдігіне пайдаланып отырды. Алайда Араб, парсы мен түркілер арасында ғылымның қарқынды дамуы әрі сол елдердің бір-бірімен жақынырақ қарым-қатынаста болуларына негізгі тірек Ислам діні болды. Араб, парсы және түркі сахарасындағы қалаларда ғылым мен мәдениетке арналған барша халықтарға қызмет көрсететін орталықтар ашылды. Яғни- медреселер, мешіт жанындағы дәрісханалар, ханқаһлар, кітапханалар мен кітап дүкендері, жұмыс істеп жатты. VIII ғасырдың соңына қарай Бағдат қаласында жүзден аса кітап сататын дүкен мен кітапты көшіретін орталықтар, Сондай-ақ көптеген мешіттердің жанында кітапханалар болған. Ирактағы Маусыл қаласында 950 жылы ауқатты бір ауқатты кісінің қаржылай көмегінің арқасында үлкен орталық кітапхана салынды. Кітап оқушылар кітаппен бірге қажетті қағазын сол жерден ала алатын еді. Жалпы орталық кітапханалар барлық мұсылман қалаларда тәулік бойы толассыз жұмыс істеп жатты. Ислам өлкелерінде ғалымдар мен ақындар үлкен құрметке ие болғандықтан олар ерекше ықыласпен білімге сусындаған талапкерлерді қаланың ортақ алаңдарында ашық ауада жинап сабақ өтуді үрдіске айналдырған еді. Сол заманда құлдықта болған адамдар бостандық алып, ұл-қыздарын алты жасынан бастап мешіт жанындағы медреселерге беріп оқыта алатын болды, жалпыға арналған медереселерде оқу тегін болған, кей бір медереселерде оқу ақысы болған жағдайда өте мардымсыз ақы төленетін болғандықтан бәріне білім алу мүмкіндігі жасалған еді. Исламның сол бір алтын дәуірінде иранның Рей, ирактың Бағдат, Маусыл шаһарлары мен бірге Бәсре қаласы, Түркістанда Мәрв, Харезм, Тараз, Баласағұн тағы басқа қалаларда білім ошақтары көп болған. Үш елдің аумағында жүздеген медресе, кітапхана, кітап дүкендерінің болғаны кітап оқушы қауымның санын арттырып отырды. Бұның өзі үш ел арасына сауда жасап жүрген саудагерлерге үлкен табыс көзі болды. Өйткені сол дәуірде сауда керуендерінің бір құнды тауары кітап болған. Соның арқасында үш елде де исламдық және ислам қағидаларына негізделген сопылық әдебиет дами түсті. Орта ғасырда ғылым мен әдебиеттің дамуы өте қарқынды жүрді. Сол үшін қазіргі заманда дүние жүзінде араб тілінде алты жүз отыз мыңнан аса қолжазба бар. Парсы тілінде екі жүз мыңға жуық, түркі тілінде он мыңдаған қол жазбалар әлем елдерінің түрлі қолжазба қорларында сақталып келе жатыр.
Ислам тарихында бір шындыққа ат үсті қарауға болмайды. Ол аталған үш елдің ғылымымен бірге қоғамдық ортасында да араб тілінің үстемдігі еді. Бұл үрдіс Үммейе халифаты(661-750) билік құрған жылдары айрықша ушықып тұрды. Әсіресі Үммейе саясатында арабтардан өзге халықтарды кемсіте «Әжәм»,-деп атағаны парсы жұртына ауыр тиді. Сол себепті ирандық ұлтшылдар арабтардың ұлттық саясатына қарсы шықты. Соның нәтижесінде Үммейе халифатына қарсы иран көтерісшілерді басқарған Әбу Мүслім Хорасани жеңіске жетіп, Үммейе династиясын халифаттан құлатып, Аббас әулеттерінің халифат тағына отыруына сеп болды.
Аббас халифаты (750-1258) мұсылман, араб емес ұлттарға ымырашыл саясат ұстанды. Дегенмен араб тілінің ықпалынан иран елінде парсы тілі ұмыт болып бара жатқан шақта тілі парсы, діні ислам сұнни ханафи болған Саман әулеттері халифаттың нұсқауы бойынша Хорасан мен Мауароннарде(892-1005 ) әмірлік тізгінін ұстады. Хорасанда әмір болған Мансұр ибн Саман парсы тарихы мен мәдениетіне айрықша көңіл бөлгені соншалық оның басқаруымен ежелгі иран тарихының деректері жинақталып, жаңа парсы дәри тіліне проза түрінде аударылды. Бұл жинақ аталған әмірдің құрметіне ” Шаһнаме Мәнсұри” деп аталды. Бұл кітап иранның ежелгі дәуір патшаларының өмірін баяндайтын шығарма еді. Әмір Мәнсұрдың өлімінен кейін ол қолжазба ер жеткен ақын Әбілқасым Фирдаусидің қолына тиді. Ақын ” Шаһнаме Мәнсұри” жинағын өзі қосқан қосымша тарауларымен прозадан поэзияға айналдырды. Ел құрметіне бөленген бұл нұсқа “Шаһнаме Фирдауси” атымен бүгінге дейін әлем жұртшылығына әйгілі болып келе жатыр. Шаһнаме жыры иран жұртшылығының парсы тіліне құмартуға себеп болып, парсы тілінің жандануына мықты негіз қалады. Фирдаусидің де мақсаты парсы елінің ұлттық санасын ояту еді. Сол үшін Фирдауси “иранның ұлттық” шайыры болып танылады. Фирдаусидің “Шаһнаме” жыры парсылармен қатар түркі халықтарының да қызығушылығын парсы тіліне оятты. Сол себепті түркі ғалымдары мен ақындары парсы тіліне жүгіне бастады. Сөйтіп түркі тілі араб бен парсы тілдерінің ықпалында өз болмысынан алыстап кете берген заманда түркінің Қара хан әулеттері билікке келіп(840-1212), түркінің ұлттық болмысын сақтап қалу жолы тек қана елінің тіл, дін, діл бірлігі екендігін алға тартты. Сол себепті Қара хан мемлекетінің дінін “Ислам сұнни ханафи” етіп жариялады. Түркі тілінде шығармалар жазылуын ескертті. Бұл кезеңде Жүсіп Баласағұн дидактикалық “Құтты білік”, Махмұд Кашғари “Диуан лұғат түрік”, Қ.А. Йәсауи сопылық сарындағы “Хикмет” туындысын түркі тілінде жырлап шықты. Сөйтіп олар түркілік сананың ояну жаңа кезеңінің бастау бұлақтары болып тарих жадында қалды. Сол кездегі саяси билік пен зиялы қауым өздерінің көздеген мақсатына жеткеніне тарих куә. Өйткені түрік халықтары қазіргі уақытқа дейін ислам сұнни ханафи мәзһабта түркі тілі мен әдет-ғұрыптарын сақтап келеді. Сол кезеңдегі әдеби шығармалар әдебиеттің ұлттық идеологияны іске асырудағы маңызды құрал екендігін де дәлелдеп берді.
Қ.А.Йасауи түркілердің исламдық дүниетанымын қалыптастыра отырып, Ислам әлемінің мәдени-саяси кеңістігіне өлшеусіз үлес қосты. Қ.А.Йасауи шығармасының артықшылығы да оның исламдық мазмұнында болғандығы. Қ.А.Йасауи бастаған исламдық сопылық әдебиеті Баһаеддин Нақышбәнд, Қажы Бекташ, Ашық Паша(1272-1333), Жүніс Әмре(1238-1320) сынды мемлекетшіл сопы-ақындар Орталық Азия мен Анадолыда Түркілердің рухани тұтастығын күні бүгінге дейін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар Йасауидің ислами тәлімдері қазақ даласына Бекет Ата (1750-1813) арқылы кең тарады.
Исламға негізделген әдебиет пен ғылыми салалар қарқынды түрде дами бастағаны соншалық 750-1050 жылдар аралығындағы кезең ислам өркениетінің “ренесанс-қайта өрлеу” дәуірі іспеттес кейінгі ғасырларда Европада дамыған ғылымның ғажайып жетістіктеріне негіз қалап берді. Оған араб, парсы мен түркі ойшылдары бірлесе отырып өлшеусіз үлес қосты. Әдебиет түрлі жанрда, ғылым түрлі салада үлкен табыстарға қол жеткізді. Мұхаммед ибн Мұса Харезми(770-850) алгебр мен логаритм ғылымын дүниеге алып келді. Әбунәсір Әл- Фараби(870-940) философия, логика, музыка секілді салалардың жаңа биігін қалады. Әбу Рейһан әл-Бируни(973-1048/50) тарих, математика, астрономия, жағрафия, топография, физика, медицина, геология, минерология, т.б. ғылыми салаларда энциколопедист ғалым ретінде адамзат ғылымына орасан зор үлес қосты. Әбу Әли ибн Сина(980-1037) терең ойлы философ, медицина ғылмының данышпаны. Оның медицина саласында жазған «қанун» атты еңбегі XXI ғасырдың табалдырығында орыс тіліне аударылып, 12 том болып 30000 данамен жарық көруі исламияттың ғылымдағы жарқын табысы дей аламыз. Сол кезеңдерде Ислам әлемінде ғылымның даму барысын зерттеген Жорж Сартон исламның ғылыми кезеңін жетіге бөліп, әр кезеңді оның бастауына ғылыми жаңалық алып келген бір ғалымның атымен атады. Онда: 1. Жабыр ибн Һәйян кезеңі VIII ғасырдың екінші жартысы, 2. Мұхаммед Харезми кезеңі IX ғасырдың бірінші жартысы, 3. Зәкерия Рази кезеңі IX