Микроқұрауыштар желісі. Микроқұрауыштар өңдеуді қажет етпейді және премикске өте аз мөлшерде қосылады, сондықтан фармокопейлі дәрумендер, антибиотиктер, көмірқышқыл тұздарын жүк көтеру сыйымдылығы аз мөлшерлеу алдындағы қорапқа жібереді.
Әр құрауышты рецепт бойынша мөлшерлегіште өлшеп, алдын-ала араластыру араластырғышына жіберіп, толықтырғышпен 1: 1 немесе 2:1 қатынаста араластырып, алынған қоспнегізгі араластырғышқа жіберіледі.
Майды дайындау желісі. Май сақтайтын қорапта ыстық сумен (95°C) жылытатын қондырғы орнатылып, ол майды үнемі еріген күйде ұстап тұруы кажет. Майды тұрақтандырғышпен (сантохин, дилудин) арнайы араластырғыш-эмульгаторда араластырады. Тұрақтандырылған майды толықтырғышпен үздіксіз жұмыс істейтін араластырғышта араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: |