Реферат Тақырыбы : Премикс өндірісінің технологиялық үрдісінің сызбасын таңдау Орындаған : Насыр Яссира



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі138,8 Kb.
#82353
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5 практика құрама

Мөлшерлеу және араластыру желісі. Құрауыштарды жоғары дәлдікпен өлшеу үшін әр құрауышты өзінің массасына сай мөлшерлегіште өлшеу керек.
Премикс зауытында мөлшерлеудің 4 түрі карастырылады:-бірінші мөлшерлегіште жүк көтерімділігі 1000кг таразылы мөлшерлегіш тұр, ол толықтырғышты өлшеуге арналған;

  • -екінші мөлшерлегіш- 100кг, ол макроқұрауыштарды өлшеуге арналған;

  • -үшінші мөлшерлегіш- 50кг, ол орташа құрауыштарды өлшеуге арналған;

  • -төртінші мөлшерлегіш- 2кг, ол микроқұрауыштарды өлшеуге арналған.

Араластыру желісі алдын-ала араластыру және негізгі араластырудан және негізгі араластырудан тұрады.
Алдын-ала араластыру сыйымдылығы 100кг араластырғышта
толықтырғыш пен микроқосымшаларды 5мин араластырады, өндірістік араластыру циклі 8мин созылады, ал негізгі араластыру сыйымдылығы 1000кг негізгі араластырғышта 8мин араластырылады, өндірістік араластыру циклі - 17мин (оның ішінде араластырғышты толтыруға-3мин, араластырғыштан шығуға-3мин, кепілдік-3мин кіреді). Премикс өндірісінің технологиялық сызбасы 16-суретте берілген.
Премикстер органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері бойынша мына талапқа сай болуы керек: ылғалдығы - 10% көп емес; ірілігі - 1,2 сым тор қойылған електегі қалдық масса бойынша - 0,7-2% көп емес; бөлшегінің өлшемі 2 мм дейінгі металды-магнитті қоспа мөлшері - 20-30г, 2мм артық өлшемдегі, өткір қыры бар металды қоспа жіберілмейді.
Микроэлемент тұздарының сапасы мемлекеттік стандарт пен техникалық шарт бойынша анықталады.
Өндіріс арнайы жемдік витаминдік препараттарды шығарады. Дәрумендердің сақтау мерзімдерін ұзарту үшін оларды тұрақтандырған немесе қорғалған күйде шығарады.

Құрама жем, АДК, премикс құрамына енгізілетін дәрумендер майда ұнтақ бөлшегінің орташа ірілігі 0,12-0,71мм, ылғалдығы төмен болып келеді. Оның кейбіреулерінің (мысалы В тобының дәрумендері) көлемдік салмағының аздығынан сусымалығы нашар. Кей дәрумендерді (А, Е) бұзылудан сақтау үшін капсула күйінде шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет