Микроэлемент тұздарын дайындау желісі. Премикске негізіненмына микроэлемент тұздары косылады: күкіртқышқыл темір, көмірқышкыл марганец, көмірқышқыл мыс, көмірқышқыл мырыш, хлорлы кобальт, йодты калий.
Өндірістен сусымалы ұнтақ күйінде шығарылатын микроэлемент тұздары (көмірқышқыл күйіндегі) премикске дайындықсыз енгізіледі, ал ірікристалды күйде және ылғалдығы жоғары келетін тұздарды (күкіртқышқыл, хлорлы) кептіріп, ұнтақтайды, оларды 2 әдіспен дайындайды:
Бірінші әдіс бойынша микроэлемент тұздарын ірі ұнтақтағышта алдын-ала ұнтақтап, кептіріп, одан кейін балғалы ұнтақтағышта қажетті ірілікке дейін ұнтақтап, мөлшерлеуге жібереді. Микроэлемент тұздарының ірілігі-250мкм аспауы керек.
Екінші әдіс бойынша валкалы ұнтақтағышта ұнтақталған микроэлемент тұздарын ылғалдығы 8% аспайтын толықтырғышпен 1: 1 катынаста араластырып, алынған қоспаны балғалы ұнтақтағышта ұнтақтап, мөлшерлеуге жібереді. Дайын қоспаның ірілігі 1,2мм аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |