Реферат тақырыбы: 1921-1922 жылдардағы аштық Орындаған: Мейрамбай Мадина Сақтапова Диана



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі88,95 Kb.
#85578
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
тарих РЕФЕРАТ


Қ
Министерство Образования и Науки Республики Казахстан

Казахский национальный университет имени аль-Фараби






азақстан Республикасы
Ғылым және Білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы


Қазақ ұлттық университеті


РЕФЕРАТ

Тақырыбы:1921-1922 жылдардағы аштық

Орындаған: Мейрамбай Мадина
Сақтапова Диана
Тексерген:Қозыбақова Фатима
Алматы қаласы, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ

  • КІРІСПЕ

  • НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. АШАРШЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ КӨЗҚАРАС

  2. АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ «АШТЫҚ САЯСАТЫ»

  3. АШАРШЫЛЫҚПЕН КҮРЕС

  • ҚОРЫТЫНДЫ

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ
Қазақ халқы ХХ ғасырда өз тарихындағы бұрын-соңды көрмеген орасан трагедияға тап болды. Осы орайда, ХХ ғасырдың алғашқы жартысы – яғни оның екінші, үшінші, төртінші онжылдығы қазақты халық ретінде жүйелі әрі ойластырылған жою кезеңі ретінде есте қалады. Бұл кезең Бірінші дүниежүзілік соғыстың барасында орын алған 1916 жылғы көтерілістен басталып, ол патшалық Ресейдің жазалаушы әскерлерінің тұтас ауылдарды қынадай қыруымен жалғасты. Сол кезеңдегі Ресейде радикалдық социалистердің билік басына келуі империя шеңберінде азамат соғысына ұласқан қанды қақтығыстарға жол ашты. Азамат соғысы әрең дегенде аяқталған шақта, халқымызды тарихы әлі де болса толық зерттелмеген 1921-1922 жылдардағы ашаршылық күтіп тұрды. Қыста қардың, көктем мен жазда жауын-шашынның болмауы құрғақшылықты, оның салдары ашаршылыққа алып келеді.Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.Мұндай ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921 жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеужолдаған. Үндеуде былай делінеді: «Ашаршылық ‒ тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі деңгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондайақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанының да салдары».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет