3.Қорытынды бөлім Қорытындылай келе Қазақ халқының математикалық түсініктері ерте кезден ақ дамығандығын тарих толқындары көрсете білді.Таяу Шығыста ,Грекияда .Орта Азияда математика ғылым ретінде дамыған уақытта Қазақ елінде Ұлықбек,әл-Фараби,әл-Хорезми және тағы басқа ғұламалар өз еңбектерін жариялап ғылым жолында аянбай еңбек етті.Бірақ,Орта ғасырлардың жаугершілік замандарында ,тайпа-мемлекеттердің аяусыз соғыстары,бұдан басқа сыртқы жаулап алушылық моңғол шапқыншылығы мен жоңғар шапқыншылығы,патшалық Ресейдің отаршылығы Қазақ жеріндегі өркендей бастаған Ұлы Жібек жолының қалалық мәдениетін,ғылымын,білімін ту-талақай етті.Отырадағы аса бай кітапхананы жер бетінен құртып жіберді.Математика мен физика ғылымдарына негізделген Ұлықбектің обсерваториясы мүлдем жойылып кетті.Қазақ жері бөгде елдің боданы болды.Ашып айтқанда мәдениет,ғылым-білім мүлдем болған жоқ.Ғылымның дамуы бірнеше ғасырға кешеуілдеді.Аталған уақыт аралығында Европа елдері ұлы тоқырауды-дін қысымын басынан өткізіп,Қайта өрлеу дәуірінде қазіргі математика ғылымына өте бай шығарма-еңбектерін қосты.Ал Қазақ елі бөгде ел бодандығынан шыға алмай отырды.Тек 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін 20-ғасырдың ортасына қарай Қазақстанда математика ғылымы өріс ала бастады.Қазіргі 21 ғасыр қарсаңында математика көп өзгерістерге ұшырап жетілдірілу үстінде.
Ойлап қарасақ сол әл-Хорезми,сол әл-Фараби,сол Авиценна,сол Ұлықбек және тағы басқа орта ғасырлық ғалымдардың еңбектері жойылмай ,елімізде жаугершілік заман өтпеген уақыт болып бізге жетсе,ғылымның дамуы өте жоғары әлемдік деңгейден де асып түсетін еді.Алайда тарихтың уақытына шектеу қоя алмаймыз.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Интернет материалдары,Википедия материалдары
2.Уикипедия 18-19 ғасырларда математика дамуы
3.«Математическая энциклопедия» Москва, 1990.
4. Лекция материалдары