Бүгінгі экскурсиямызда біздің баратын объектілеріміз:
1. Қаланың қақ жүрегінде орналасқан 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы.
2. Алматының символына айналған “Даңқ” мемориалы.
3. Аталған саябақта орналасқан Әулие Вознесенск кафедралы соборы.
4. Республика алаңы.
5. Қазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр - Абай атындағы опера және балет театры.
6. Астана алаңы.
7. Абай алаңы және Республика сарайы.
8. Көк Төбе тауы.
Енді, Алматы қаласы туралы кішкене айтатын болсақ:
Алматы – Қазақстанның екінші астанасы саналатын тарихы терең қала. Қала кең жолды, биік ғимаратты, ерекше пейзажды мекен. Расымен де, бұл қаланың сұлулығына көз тоймайды. Ең ерекше жері қаланың көркем табиғат пен заманауи ғимараттарды біріктіріп, өзгеше көрініс беруінде деп білемін. Туристер үшін демалатын көрнекті орындарға бай.
Алматы аумағында алғашқы қоныс құрылған сәттен бастап 150 жылға жуық уақыт өтті. Осы онжылдықтарда қаланың тағдыры кітабында, оның тұрғындарының өмірінде көптеген қуанышты және қайғылы беттер аударылды. Көптеген саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер болды. Бірақ Қазақстанның әрбір азаматының өз ата-бабаларының мұрасына құрметпен қарау, Тарихи фонда қаланың портретін қалпына келтіру, оқиғалар мен тұлғалардағы тарихтың естелік беттерін өзінің кейінгі ұрпақтарына беру міндеті.
Тоқсан жолдың торабында тұрған Алматы қаласының тарихы тереңде жатқаны туралы өткен «Еуразияның ежелгі және ортағасырлық кенттенуі: Алматы қаласының қалыптасуы, дамуы және жасы» атты халықаралық ғылыми конференция барысында еліміздің белгілі де беделді тарихшы ғалымдары айтып өткен болатын. Белгілі археолог ғалым, академик Карл Молдахметұлы Байпақов: «Алматының жасын Верный бекінісінен бастау шын мәнінде қателік. Себебі, ежелгі Верный тұрғындарының өзі қаланың бос далада тұрғызылмағандығын айтқаны туралы деректер Шоқан Уәлихановтың, ресейлік ғалым Б.Бартольдтің, кейбір кеңестік ғалымдардың еңбектерінде кездеседі, сонымен қатар Бабыр мен Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбектерінде Алматы туралы жазбалар кездеседі. Жалпы қала жасын анықтауда археологияның рөлі үлкен. Бұған дейін Алматының аумағына бірнеше археологиялық зерттеу жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде бірнеше қалашықтардың орны табылды. Қазбалардың бірінде қала аумағынан табылған күміс тиын 1271-1272 жылдары жасалған. Бұл Алматының жасына тағы бір жаңа көзқарас туындатады. Басқа да айғақтарға сүйенсек, әсем қаламыздың 13-ғасырдан бастап Алматы деп атала бастағанын және тарихының 10-11 ғасырдан басталатынын бағамдауға болады. Демек, Алматының жасы мың жылдан асты деп айтуға әбден болады» деген болатын.
Негізгі бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |