Ресей отаршылдығы. Ресей отаршылдығы кезеңінде 1854 жылы 4 ақпанда Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қалана бастады. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш
Верный Алматы шатқалында орналасты. Бұған дейін бұл жерде орналасқан Алма-Аты қонысының орнына қара- қырғыздардың шабуылынан қорғану мақсатында құрылды. Бекініс басында Семипалатинск облысы Алатау округінің әкімшілік орталығы болды. Кейін Түркістан әскери округінің бекітілуімен және Семиреченск облысының құрылуымен облыстың әкімшілік орталығы етілді және Верный қаласы атауына ие болды. Отаршылдық күшейе түсіп, тастарына ауыстырылды. 1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды.
Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы
сол кездегі реформаларға байланысты болды.
Алматы қаласының тарихында Верный бекінісі ерекше орын алады. Бір кездегі әскери бекіністен біртіндеп қалашық пайда болған жерде қазір Алматы қаласы орналасқан. Заң жүзінде бұл жер жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескеткіш ретінде мемлекеттің қорғауында саналады. Алайда қазір ол аянышты күйге түскен. Алматылық журналист Андрей Свиридовтың пікірінше, Санкт-Петербург үшін Петропавл бекінісі, Лондон үшін Тауэр немесе Нью-Дели үшін Қызыл форт қаншалықты маңызды болса, Алматы үшін Верный бекінісінің маңызы да солардан кем емес. Наурыздың 25-і күні Азаттық тілшісі Верный бекінісінің жұртында болып, қазіргі күйін көрді.
1853 жылғы шілденің 12-і күні патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарына пристав етіп жіберген майор М.Д. Перемышльский қарамағындағы бірнеше жүз сарбаздан тұратын топпен Іле өзенінің арғы бетінен бекініс салатын қоныс іздеу туралы Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығын алады. Шілде- тамыз айларында Іле Алатауының теріскей беткейін зерттеген Перемышльский тобы Кіші Алматы өзенінің сол жағалауында орналасқан Алматы шатқалы бекініс салуға лайық деген ұйғарым жасайды.
1855 жылдың бас кезінде салынған уақытша бекіністе бөренеден тұрғызылған бірнеше үй болған. Айналасына дуал қорған соғылып, оның алдынан ор қазылған.
Орыс саяхатшысы Петр Семенов (тарихта Семенов-Тянь-Шанский деген есімімен қалды) алғаш рет Верное бекінісіне 1856 жылғы қыркүйекте келген. Оның суреттеуінше, бекіністе сол кезде Ұлы жүз приставының асығыс тұрғызылған шағын үйінен басқа үйлер болмаған. 1857 жылы қайта келгенде саяхатшы Верное бекінісінің өзгеріп кеткеніне куә болған. «Верное 1856 жылғы кейпінен анағұрлым әдемірек көрінісімен мені таңғалдырды. Жаңа бекіністің барлық үйлері салынып бітіп қалыпты, Ұлы жүз приставы үйінің жанында жаңадан бақ отырғызылған; бұл қазір гүлденіп, жасыл желек жамылып тұрған Верный қаласы орналасқан тау бөктеріндегі алғашқы ағаштар еді». 1857 жылы Семеновпен бірге экспедиция құрамында суретші Павел Кошаров та болған. Ол салған суреттердің бірі «Верный бекінісіндегі алаң» деп аталады.