Реферат Тақырыбы: Ақпаратты кодтау әдістері



Дата07.02.2022
өлшемі22,06 Kb.
#89402
түріРеферат
Байланысты:
Реферат


Реферат
Тақырыбы: Ақпаратты кодтау әдістері
Ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің әр түрлі екі әдісі бар: үздіксіз (аналогтік) және үзілісті (дискретті). Қазіргі аналогтік аппараттар сапалы, мысалы түрлі-түсті теледидар және бейнекөріністер т.б. Компьютерлік технология ақпаратты қабылдаудың дискретті түрін ұсынады. Әр түрлі типті мәліметтермен жұмысты автоматтандыру үшін оның берілу формасын бірыңғайлау өте маңызды, ол үшін көбіне кодтау қолданылады.
Техниканың, ғылымның және мәдениеттің кейбір саласында кодтау проблемалары өте жақсы шешімін табуда. Мысал ретінде математикалық өрнектерді жазу жүйесін, телеграф азбукасын, соқырларға арналған Брайля жүйесін және т.б. айтуға болады.
Есептеу техникасының өзінің жүйесі бар – ол екілік кодтау деп аталады және мәліметтерді 1 мен 0-ден тұратын екі белгінің тізбегімен жазуға мүмкіндік береді. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер деп аталады(bit- ағылшынша, binary digit-тің қысқаша жазылуы).
Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 8 биттің комбинациясы байт деп аталады. ЭЕМ-да кез-келген таңбаны және санды биттердің көмегімен жазуға болады. Практикада ақпаратты өлшеу үшін үлкен өлшем бірліктер қолданылады: 
1 Кбайт = 210 байт; 1 Мбайт = 210 Кбайт; 1 Гбайт = 210 Мбайт. 
Текстік мәліметтерді кодтау. Егер алфавиттің әр символына белгілі бір санды сәйкестендіріп қойса (мысалы реттік номерін), онда текстік ақпаратты екілік кодтың көмегімен кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII (American Standart Codе for Information Interchange – американский стандартный код для обмена информацией) кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-тың (ANSI) американың стандарттық ұлттық институтында жасалған, бірақ оның 256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық алфавиттің символдарымен ауыстыруға болатындықтан басқа елдерде пайдалана алады. 
Қазақстанда құрамында кириллица символдары бар ASCII-ге алтернативті кодтау қолданылады. Онда үлкен және кіші орыс және латын әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және арифметикалық амалдар және т.б. қамтылған. ASCII символының әрқайсысына 8 биттік екілік код (байт) сәйкес қойылған, бұл 256 әр түрлі символды кодтауға мүмкіншілік береді.
Сонымен, егер адам текстік файл құрып және оны дискіге жазса, онда адамның енгізген әр символы компьютер жадында сегіз нольдер мен бірлердің жиынымен сақталады. Тексті экранға немесе принтерге шығарғанда осы кодтарға сәйкес символдар бейнеленеді. 
Графикалық мәліметтерді кодтау. ЭЕМ-дағы кез-келген басқа ақпарат секілді графикалық бейнелерді сақтауға, өңдеуге және екілік жүйеде кодталған түрінде байланыс жолдармен жіберіледі. Графикалық байланыс жолдармен жұмыс жасайтын әр түрлі программалар саны жеткілікті. Мұнда графикалық кодтау әдістері әр түрлі графиктік форматтар қолданылады. 
Бейне сақталған файлдың кеңеймесі мұнда қандай формат қолданғанын білдіреді, яғни қандай программаның көмегімен қарауға, өңдеуге және баспаға шығаруға болатынын аңғаруға болады. Осындай әр түрлі мүмкіншіліктеріне қарамастан бейнені кодтаудың негізінде растрлық және векторлық графика деген әр түрлі екі тәсілі бар. 
Растрлық графиканы қолданғанда бейненің әрбір кішкене элементінің түсі санаулы биттің көмегімен кодталады. Бейне пиксель деп аталатын ұсақ нүктелердің жиынын құрайды. Тастар немесе әйнектердің жиынтығынан құралған мозайка немесе вираж секілді түрлі-түсті нүктелердің көмегімен сурет салынады. ЭЕМ-де растрлық әдісті қолданғанда әр пиксель үшін биттік қалыңдық(глубина) деп аталатын санаулы биттер саны бөлінеді. Әр түске белгілі бір екілік код сәйкес келеді. Мысалы, егер биттік қалыңдық 1-ге тең болса, онда 0-қара, 1-ақ түске сәйкес келеді де, ал бейне тек қара-ақ түсті болады. Егер биттік қалыңдық 2-ге тең болса, яғни әр пикселге 2 бит бөлінсе, онда 00-ге қара, 01–ге қызыл, 10-ға көк, 11–ге ақ сәйкес келеді де, төрт түсті пайдалануға болады. Биттің қалыңдығы 3-ке тең болғанда 8 түсті пайдалануға болса, ал 4-те 16 түсті пайдалануға болады. Сонымен, графиктік программалардың көмегімен 2,4,8,16,32,64,…,256 және т.б. түсті бейнелерді құруға болады. Мүмкін түстің санының өсуіне байланысты бейнені есте сақтауға қажет жадыдан орынның көлемі де өседі. Бұл растрлық графиканың негізгі кемшілігі. Мысалы, орташа өлшемдегі фотография компьютер жадынан бірнеше Мегабайт орын алады. Бұл бірнеше жүз, не бірнеше мың беттік текстке пара-пар. Векторлық графиканы пайдаланғанда бейнені құраушы қарапайым графиктер – геометриялық объектілердің математикалық өрнегі (мысалы, кесінді, шеңберлер, тік бұрыштар және т.б.) ЭЕМ-нің жадында сақталады. Шеңберді салу үшін оның центрінің орнын, радиусын және сызықтық жуандығы мен түсін жадыда сақтау керек. Осы мәліметтер бойынша сәйкес программалар керек фигураны дисплей экранында тұрғызады. Мұндай бейнелеуде әр нүктенің түсін жадыда сақтау керек болмағандықтан расторлық графикаға қарағанда ол көп жадыны қажет етпейді (10 - 100 рет аз). Векторлық графика жоғары сапалы көркемсурет бейнелерімен, фотосуреттер мен фильмдермен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан векторлық графика сызбалар, схемалар, диаграммалар т.б. жасау үшін пайдаланады. ASCII және Юникод - екі таңбалы кодтау. Негізінен, олар сандық тасымалдағышта жазылуы, сақталуы, берілуі және оқылуы үшін айырмашылық таңбаларын екілік түрінде бейнелеудің стандарттары. Екеуінің басты айырмашылығы - олардың таңбаны және әрқайсысы үшін қолданатын биттердің кодталуында. ASCII бастапқыда әр таңбаны кодтау үшін жеті битті қолданды. Бұл кейінірек түпнұсқаның анық еместігін жою үшін кеңейтілген ASCII көмегімен сегізге дейін өсті. Керісінше, Юникодта 32, 16 және 8 биттік шифрларды таңдауға болатын ауыспалы бит кодтау бағдарламасы қолданылады. Көбірек биттерді пайдалану үлкен файлдар есебінен көп таңбаларды пайдалануға мүмкіндік береді, ал аз бит шектеулі таңдау жасайды, бірақ сіз көп орын үнемдейсіз. Үлкен құжатты (мысалы, UTF-8 немесе ASCII) қолдану үлкен құжатты ағылшын тілінде кодтаған жағдайда жақсы болар еді
**; ******; *******; - Код
Күн қоңырау документ
Ақпарат қоданудың техникада және өмідегі маңызы ол қамьамасыз ету деп ойлаймын.Әр түрлі типтімәліметтермен жұмысты автоматтандыру үшін оның берілу формасын бірыңғайлауөте маңызды. Араласу, алмасу, сөйлеу барысында керек.
Ақпаратты белгілі бір әліпби арқылы ұсыну,бір белгілі тобынан екінші белгілі тобына белгілі бір көшіру ережесі.
ASCII американдық ақпарат алмасудың стандартты коды. Оның 256 стандарт симводан тұратын бөлігі арнайыпрограмманың көмегімен ұлттық әліпбидің символдарын ауыстыруға болғандықтан, оңай технология болғандықтан және барлық әріптерді өзіндік мән беру арқылы біз оны қолданамыз
Кодты кодтаудың себебі соншалық, әрбір құрылғы бірдей ақпаратты көрсете алады.Оның екі түрі бар олар интернет үшін UTF-8 және Windows үшін UTF-16 түрлерін қолданылады.
Мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпарты кодтаудағы айырмашылықтар: Мәтіндік режимде,әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді.Экранның әрбір позициясыеа арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін.Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліиеттерді шығаруға болады.
Ал, Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады.Компютерге мәтіндік символды енгізгенде,мысалы, «А»  пернесін басқанда,жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі.Символды экранға шыаранда кері кодтау(декодталу)жүргізіледі,яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.
Дыбыс өз табиғатында ауа тербелмелі болып табылатын үздіксіз сигнал.
Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдермен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек.Бұл мына жолмен жасалады:микрофонның көмегімен дыбыс электорон тобының тербелісіне айналады.Бірдей,өз уақыт аралығы(0,00002с ) сайын электр тоғының шамасын белгілейміз.Жоғарырақ мәнін-бірлік,төмен мәнін 0 деп есептейміз әрине,бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады.Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз,оны компьютерге енгізуге,сақтауға және өңдеуге болады.
Компьютерде дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүред,екілік кодтар жиыны электр импультеріне айналдырылады да,динамика арқылы өткізіледі,сонда біз дыбысты естиміз.
Қазіргі кезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар,яғни компьютер мәтінді «оқи алады».
Адамның сөзін қарапайым дыбыстар(фонемалалар)тізбегі және оларды ң арасындағы паузалар(үзілістер)түріеде ұсынуға болады.Мысалы,қазақ тілінде-орым тілінде 40-45 фонеманы ерекшелеуге болады.
Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы,VGA типті экран үшін түсті болғанда,көлденеңінен-640;тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда көлденеңінен 320;тігінен-200 нүкте)болады.
Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандрартты түсті болады және келесідей 4 элементпен:түстің үш құраушысы:қызыл, жасыл, көк,жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады.Төрт құраушысының әрқайсысының бар болу 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі.
Мысалы, егер компьютерлердің мониторы болса,онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады,4 битке көп керек:640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).


Орындаған: Шаймерден Шаттық 10 сынып оқушысы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет