2.3. Ауыз қуысының кұрылысы және астың қорытылуы.
Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және Жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Тілдің ұшындағы клеткалар, екі жағындағы клеткалар және түбіндегі клеткалар қандай дәмдерді сезетінін естеріңе түсіріндер.
Достарыңызбен бөлісу: |