Ас қорытудың мәні мен маңызы. Ас қорыту– қоректік заттардың ыдырауы мен сіңірілуі. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық және биологиялық өңдеулерге ұшырап, төменгі молекулалық қосылыстарға (т.м.қ) дейін ыдырайды. Тіршілік орта жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғатына байланысты ас қорытудың 4 түрі бар:
а) жасушалық ас қорыту- тығыз немесе сұйық заттарды жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферментінің әсерімен ыдырату процесі. Мысалы: амеба.Фагоцитоз– тығыз заттарды сіңіру,пиноцитоз- сұйық тамшы сіңіру.
б) жасушадан тыс ас қорыту– қоректік заттарды ыдырату процестері маманданған жасушадан тыс;Қуыстық– қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердегі ферменттермен ыдырайды.Мембраналық– жасушаның сыртқы бетінде мембрана ферменттерімен ыдырайды.
в) сыртта ас қорыту– қоректік заттардың ағзадан тыс ыдырайды. Бұл буынаяқтылар - өрмекшілер де кездеседі.
г) ұжымдық ас қорыту– топтасып азықты қорытады. Мысалы: ара, термит, құмырсқа.