Сабақ жоспары күні: Пәні: Мәдениеттану Тобы: 1пм-214 Сабақ тақырыбы : Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары Сабақтың түрі: сайыс сабақ



бет1/4
Дата23.11.2022
өлшемі38,93 Kb.
#159559
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Өлкетану, Реферат✅

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні:
Пәні: Мәдениеттану
Тобы: 1ПМ-214
Сабақ тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақ мақсаты: студенттерді дін, оның мәні мен маңызы, қазақ халқының ежелгі наным-сенімдері, ислам дінінің мәні, сондай-ақ оның қазақ даласына таралу тарихы және бүгінгі күнгі маңызы туралы мағлұматпен қаруландыру.
Міндеттері:
1. Студенттерге қазақ халқының наным-сенімдері мен ислам дінінің таралуы жайлы, әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болғандығы жайлы және де тотемизм, шаманизм туралы мағлұмат беріп, меңгерту.
2. Діни көзқарастардың шығуы мен қазақ халқында орын алған наным-сенімдерге сипаттама беру арқылы, студенттердің есте сақтау қабілетін арттыру, топпен жұмыс жасату нәтижесінде ауызбіршілігін, ұшқыр ойлау, өз пікірін еркін білдіру қабілетін дамыту.
3.Студенттерге шығармашылық тапсырмалар беру арқылы эстетикалық тәрбие беру, сабақ барысындағы ақпараттарды пайдаланып еңбекті сүюге, елін-жерін, халқының рухани құндылығын қадірлеуге баулу.
Пәнаралық байланыс: тарих, құқық, философия.
Көрнекті құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: Слайд материалдары «Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары», My-Test материалдары, мәдени-тарихи диктант, «Жұмбақ сөйлем», «Мені түсін» ойынының үлестірмелі материалдары, жұлдыздар, әр студентке арналған бағалау парағы, бейне материал.
Сабақтың әдісі: білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық; таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, эвристикалық.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: деңгейлеп-саралап оқыту, ұжымдық-топтық оқыту технологияларының элементтері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу (аудитория тазалығын тексеру);
2. Кезекші есебін тындау;
3. Студенттердің назарын сабаққа аудару;
Студенттерге психологиялық қолдау көрсетіліп, бағалау парақтары үлестіріледі. (3 мин.)


2.Өткен тақырыпты тексеру:
Студенттер екі топқа бөлінеді. Өткен сабақты сұрамас бұрын топтар өздерін таныстырады. Бірінші топ – «Жебе» деп аталады. Олардың таныстыруы:

Тарихтың ашып талай қыр беттерін.


Ақтарып сырын ұқсақ деп келеміз,
Көк найза ақ білектің күшімен
Бүгінге жетті міне жер бөктерім
Азамзат өмірне қозғау салған
Қарудың дамуына негіз болған
Жебені таңдаудағы мақсатымыз
Дәлдік пен мергендікке топ ұмтылған.

Екінші топ – «Орда». Таныстыруы:


Топтың атын алдық біз, Орда деп,


Бар байлығы, бақыты, қазығымның
сонда деп,
Ертеректе хан шатыры, құрметті адам орыны
Саналыпты, он екі қанат, кигіз
үйі – Орда деп (2 мин.).

Топқа берілген тапсырмаларды тексермес бұрын, «Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы» атты тарауға тиесілі болатын негізгі ұғымдар еске түсіріледі. Олар:



  • Жылнама, өркениет, көшпенділік, көшпелі-мәдениет, балбал, салт-дәстүр (3 мин.).

Үй тапсырмасы топқа берілген шығармашылық тапсырмалар арқылы тексеріледі. Олар:


1 тапрсыма.
1-топ «Қазақ даласының материалдық мәдениетінің құндылығы - тастар» туралы ақпарат береді.
2 – топ «Ежелгі қорғандар» жайлы мағлұмат айтады. 4 мин.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет