Сабақ жоспары күні: Пәні: Мәдениеттану Тобы: 1пм-214 Сабақ тақырыбы : Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары Сабақтың түрі: сайыс сабақ


тапсырма. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сурет салып, ондағы қателерді қарсы топ табуы тиіс. 4 мин. 3 тапсырма



бет2/4
Дата23.11.2022
өлшемі38,93 Kb.
#159559
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Өлкетану, Реферат✅
2 тапсырма.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сурет салып, ондағы қателерді қарсы топ табуы тиіс. 4 мин.


3 тапсырма.
«Пікір талас» ұйымдастыру. Берілген тақырып – Жаһандану үрдісінің ұлт мәдениетіне жағымсыз әсері жоқ (жақтау және даттау). 4 мин.


3.Жаңа тақырыпты зерделеу
ЖОСПАР
Өткен сабаққа толықтырулар жасалып, жаңа тақырыпқа сипаттама беріледі (жаңа тақырыптың дәріс материалдары студенттерге алдын-ала берілген). «Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары» тақырыбы 2 сұраққа бөлініп қарастырылады:

  1. Дін мәні, маңызы және шығу тарихы

  2. Қазақ халқының ислам дінін қабылдау тарихы



1-сұрақ: Дін мәні, маңызы және шығу тарихы
Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше
Әлемдік діндер – христиан, буддизм, ислам қабылданғанға дейін түріктер мен моңғолдардың көне айрықша діні болды. Ол осы Тәңірге табыну, сену болып табылады. Маньчжурия, Қытай жылнамаларынан, араб, иранның көне жазбаларынан, VI-X ғасырларда табылған көне түрік ескерткіштерінен біздің бабаларымыздың о бастағы діні Тәңіршілдік болғанын ғалымдар зерттеп білген.
Жоғарғы Енисей аймағында табылған тас плиталардың бетіне үстерінде ұзын киімдері бар бір топ адамдардың Тәңірге сыйынып тұрған кезі бейнелеген сол замандардағы суретшінің суреті табылған. Алтарь үстінде кесе тұрған сурет Тәңірге сыйынудың бір рәсімі ретінде сурет бетінде айқын таңбаланыпты.
Тәңіршілдікті діңгегі мықты, аспаннан аян түскен қасиетті кітабы бар дін деп айтуға болмайды дейді ғалымдар. Әйтсе де, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырларда Ұлы даланы мекен еткен біздің ата-бабаларымызда жер бетіндегі өзге халықтар секілді сенім-наным болған. Сенім-нанымсыз өмір сүрудің өзі мүмкін емес. Төбеміздегі төңкеріле жауып тұрған аспанның ар жағында әлемді басқарып, адамзатты жаратқан белгісіз күш иесі бар екендіген түйсік арқылы сезген бабаларымыз оны Тәңірі деп есептеген. Тәңірі, айналып келгенде, барлық халықтарға ортақ бір Құдай, яғни жаратушы Ие екендігіне еш шек жоқ. Көзге көрініп тұрғаны төбемізде көк аспан болғандықтан, оны бабалар Тәңірінің рухы деп есептеген. Нәтижесінде, аспанға табыну пайда болады.
Түріктердің мәдениетіне үлкен ықпалын тигізген келесі діни наным – шаманизм болды. Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. “Шамандық дегеніміз, – дейді Шоқан, – әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. …Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: “Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”.
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек.
Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да генотиптік сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы болған ашин тайпасының өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз деп санаған. (10 мин.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет