2.4. Қатты дененiң жазық-параллель қозғалысы Егер дененiң барлық нүктелерi негiзгi деп аталатын тұрақты жазықтыққа параллель қозғалатын болса, онда дененiң мұндай қозғалысын жазық параллель қозғалыс деп атайды.
Дененiң жазық-параллель қозғалысы кезiнде оның барлық нүктелері сол нүктелер арқылы өтетiн негiзгi жазықтыққа параллель жазықтықтарда (2.5-сурет) қозғалады. Олардың траекториялары сол жазықтықтарда жатқан кез келген жазық қисық болуы мүмкiн. Дененiң негiзгi G жазықтығына перпендикуляр кез келген бір түзудiң бойында орналасқан және нүктелерiн қарастырайық. Олар әруақытта өзара параллель сәйкес және жазықтарында жатады және дене абсолют қатты (| |=const) болғандықтан түзуi өзiне-өзi параллель (яғни iлгерiлемелi) қозғалады. Дене нүктелерiнiң G қозғалыс жазықтығынан қашықтықтары әруақытта да тұрақты шамалар болады.
Дене қозғалысын зерттеудiң орнына оның әрбiр нүктесi арқылы қозғалыс жазықтығына перпендикуляр жүргiзiлген түзулер жиынының қозғалысын зерттеуге болар едi. Бұл түзулердiң әрқайсысы iлгерiлемелі қозғалғандықтан олардың қозғалыстарын бiлу үшiн сол түзулерге
перпендикуляр, яғни қозғалыс жазықтығына параллель кез келген қима нүктелерiнiң қозғалыстарын бiлу жеткiлiктi.
Сонымен, қатты дененiң жазық-параллель қозғалысын зерттеу оның қозғалыс жазықтығына параллель кез келген қимасының өз жазықтығында қозғалысын зерттеуге келтiрiледi.
Денелердiң барлық мүмкiн формаларын қамту үшiн бiз кез келген жазық фигураның немесе тіпті қозғалмалы жазықтың өз жазықтығында қозғалысын зерттеймiз.
2.5-сурет 2.6-сурет.
Жазық фигураның оның өз жазықтығында таңдап алынған (2.6-сурет) кез келген қозғалмайтын ξ координаталар системасына қарғандағы орны фигураның кез келген екi нүктесiнiң немесе оларды қосатын кесiндiсiнiң орнымен бiр мәндi анықталады. Бұл нүктелердiң орнын анықтайтын төрт шама мынадай бiртеңдеумен байланысқан:
| | = =const
Демек, олардың тәуелсiз шамасы үшеу-ақ. Осыған сәйкес кесiндiсiнiң ξ системасындағы орны өзара тәуелсiз үш шамамен: оның кез келген бiр ұшының координаталарымен ол кесiндiнiң белгiлi бiр тұрақты осьпен жасайтын бұрышымен (φ=ξ, ^ ) анықталады.
Сонымен, өз жазықтығында қозғалатын жазық фигураның, яғни жазық-параллель қозғалыстағы қатты дененiң еркiндiк дәреже саны үшке тең. Шынында да жазық-параллель қозғалыстағы қатты дененiң (2.5-сурет) бір түзудiң бойында жатпайтын кез келген үш нүктесiнiң тоғыз координатасы ол нүктелердің ара қашықтықтарының және олардың әрқайсысының G қозғалыс жазықтығынан қашықтықтарының тұрақты екенiн өрнектейтiн алты шартпен байлнысқан. Демек дененің кеңiстiктегi орнын бiр мәндi анықтайтын тәуелсiзүш қана координата болғаны.
Жазық фигураның өэ жазықтығындағы қозғалысында онымен өзгермейтiндей боп бекiтiлген кез келген түзудiң (осьтiң белгiлi бiр уақыт аралығында бұрылатын бұрышы фигураның сол уақыт аралығындағы айналу (бұрылу) бұрышы деп аталып, ‚φ арқылы белгiленедi.