Реферат Тақырыбы: Ауа ылғалдылығы және оның жетіспеушілігі Орындаған


Топырақтың су режимі туралы түсінік



бет2/5
Дата08.05.2020
өлшемі35,49 Kb.
#66612
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
топырақтың су режимі

2.1. Топырақтың су режимі туралы түсінік. Топырақ суы топырақ қыртысындағы әр түрлі минералдық тұздарға бай сұйық. Топырақ суын ауыз су ретінде, не шарушылық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Топырақ суы өсімдіктер әлемінің негізгі қорегі, өсіп жетуіне қажетті су көзі.

Құм топырақтар салмағынан 4-10 процентін, құмайт, құмды саздардың 10-30 процентін, саз топырақтардың 25-30 процеттен астамын топырақ суы құрайды. Топырақ суының мөлшері ауа – райына жыл маусымдарына сәйкес өзгеріп отырады.

Топырақ ылғалдылығы өсімдіктерге екі түрлі әсер етеді. Біріншіден, тамырдың өсуі мен тармақталуы топырақ ылғалдылығына байланысты, екіншіден, өсімдіктен ылғалды қабылдауы топырақтағы судың мөлшеріне де байланысты.

Топыраққа су жаңбыр , қар , бұршақ , шық түрінде түсіп отырады . Кейде ол топырақтың беткі қабаттарына төменнен көтеріледі. Бұл жер астындағы су немесе ыза суы топырақтың беткі қабатына таяу орналасқанда кездеседі.

Қандай топырақта болмасын азды көпті ылғал болатыны белгілі. Топырақта кездесетін су түрлі құрамда болады , ол жыл мезгіліне , ауа температурасының өзгеруіне қарай түрліше күйге ауысып отырады. Мысалы топырақ кесектерінің арасындағы ауада кездесетін су топырақ температурасы жоғары болса көбіне бу күйінде болады , ал температура төмендесе ол су тамшысына айналады.

Топырақта кездесетін бу күйіндегі суды өсімдіктер пайдалана алмайды , оны топырақтағы судың пайдасыз қоры деп атайды. Аталған су өсімдіктерге тиімді болу үшін , топырақ түйіршіктерінің сыртын толығымен қапталдап , мөлшері өскенде ғана ол топырақ тіршіліктерінің аралықтарындағы қылтүтікке енеді де өсімдіктердің қоректік минимумынан қолайлы режімін реттеуге көмектеседі .

Құбылыстар жиынтығы арқылы анықталатын топырақ ылғалының жиналуы жылжуы , жұмсалуы және оның физикалық жағдайын өзгеруі топырақтың су режімі деп аталады.

Топырақтың су тәртібі топырақтың құралуындағы ең маңызды фактордың бірі , ол оның құнарлығын арттыратын басты жағдайлардың бірі болып саналады.

Топырақтың су тәртібінің мөлшер көрсеткіші , яғни ылғалдың жиналуы мен жұмсалуы жиынтығының барлық шамасын және белгілі бір кезең аралығында оның қорының өзгеруін су тепе – теңдігі деп атайды. Су тепе – теңдігінің көпжылдық орташа мөлшері топырақтың су тәртібінің түрлерін сипаттайды.

Су табиғатта ең көп тараған сонымен бірге нағыз ерекше зат. өсімдік тіршілігіне қажетті су қорын негізінен топырақтан алады. Топырақ ылғалды жинайтын , сақтайтын және өсімдіктерді барлық , даму кезеңдеріне ылғалмен қамтамасыз ететін орны болып табылады.



Су өсімдікте өтетін барлық процестеріне міндетті түрде қатысады. Көптеген өсімдіктердің клеткаларында 80 – 90 процент , ал тұқымдарында 10 – 15 процент су кездеседі. Өсімдік табиғатында су айналымы да елеулі роль атқарады. Топырақтағы судың мөлшері оның құнарлық тиімділігін анықтайтын судың технологиялық қасиетіне химиялық, физикалық – химиялық және микробиологиялық процестердің қарқынды өтуіне байланысты.

Топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына және тағы басқа жағдайларға байланысты оның ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, ол құмды топырақта 4-9%, құмдауыт топырақта 10-17% саздақ жерде 18-30%,ауыр топырақта 23-40% болады.Топырақтың капиллярлық қуыстарында ұсталған ылғал мөлшерін капиллярлық ылғал сыйымдылық деп атайды.Топырақтың барлық қуыстарының сумен толған кездегі ылғал мөлшері толық ылғал сыйымдылығы болып табылады. Мұндай жағдай қар еріген кезде, қатты жаңбырдан және егістікті суарғаннан кейін байқалады. Толық ылғал сыйымдылық кезінде топырақтағы ауа атмосфераға ығыстырылып шығарылады, сондықтан оттегі азаяды да, топырақтың құнарлылығы кемиді және өсімдік өнімі төмендейді. Толық ылғал сыйымдылық топырақтың қуыстылығына байланысты. Ылғал көтергіштік- топырақтың менискілік күштің әсерінен өзінің капилляр түтіктері арқылы ылғалды төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтеру қабілеті. Ол капилляр түтігінің диаметріне, құрылысына, құрылымына байланысты. Капиллярдың диаметрі аз болған сайын, топырақтың бұл қасиеті күштірек (жоғары) болады. Ауыр құрылымсыз топыраққа қарағанда, жеңіл құрылымды топырақтың ылғал көтеру қабілеті аз болады.

Химиялық байланыстағы ылғал мен бу түбіндегі ылғал және топырақтағы дымқылды өсімдіктер пайдалана алмайды. Сөйтіп дақылдар үшін пайдалануға жарайтын қолайлы ылғал топырақ-тың қыл түтігіндегі ылғал болып саналады. Табиғи жағдайда то иырақ ылғалы жауын-шашын әсерінен пайда болады. Жүргізілген аерттеулер нәтижесі топырақ ылғалы қыл түтіктер арқылы 5 метрге, кейде одан да биіктікке көтерілетінін анықтап отыр.

Ылғалды пайдалану топырақтың физикалық және сулық қажеттеріне байланысты болады. Топырақтың негізгі физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, көлем массасы, борпылдақтығы және механикалық құрамы жатады. Ал сулық қасиеттеріне ылғал сыйымдылығы, дымқылдығы, су өткізгіштігі жатады.

Жалпы топырақтың сулық-физикалық қасиеттерінің ондағы қорек қорымен пайдаланылатын тыңайтқыштардың тиімділігіне осерін тигізуі оның механикалық қүрамына байланысты болады. Мысалы, топырақтың келем массасыньщ мөлшері арқылы жеке-леп алған бір көлемдегі, не болмаса, қабаттағы ылғалдың қорынанықтауға болады. Сондай-аі топырақ өте тығыз болғанда оның құрамындағы ылғал мен қсректі заттарды шалғын шөптердің пайдалануы қиын болады. Қелсінше, топырақтың тым борпылдақ болуы шымның тапталып қалуына жол береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет