Реферат Тақырыбы: Аутизм кезіндегі ойын терапиясы Орындаған: Мәдиева Ақмарал Алматы,2020



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі48,45 Kb.
#75837
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Аутизм кезіндегі ойын терапиясы

арқылы, аутизмге шалдыққан баланың өз проблемасын жеңуіне мамандар мен қоғамның барлық өкілдерінің болып көмктесуге тиімпіз. Сонда ғана мұндай балаларды әлеуметтендіруге, қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуға, әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру бағытындағы үлкен істер іске аспақ.
Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
1. Аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулану,ешнәрсеге көңіл аудармаумен ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бірнәрсеге көзін тікпейді, күлмейді,жыламайды. Атын айтып шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай көңіл бөлмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанғанды, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары–бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиіспесең бірнеше сағат бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, қарсылық көрсетеді.
2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысы мен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немесе алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген. Бет–әлпетінде
қорқынышы бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз,бір сөзді қайталап береді,
күрмелеп сөйлейді, олар кей кездері отырып–отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін–өзі
жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керсінше жасайды.Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі - монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты,күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айтуды, алдауды білмейді.
Әлемдік тәжірибе нәтижесінде қолданысқа кең еніп, ең тиімді әдіс
саналып жүрген ол – АВА-терепия әдісі.АВА-терапия – Applied Behavior Analysis қазақ тініне аударғанда(қолданбалы мінез-құлықты талдау), адам мінез-құлқының жалпы заңдылықтары мен оларды оқыту туралы ілімдерге сүйенеді. Аталмыш
әдіспен жұмыс жасау ең алғаш рет 1963 жылы Лос-Анджелесте дәрігер Ивар Ловаас қолданған екен.АВА емдеудің мінез-құлықтық әдістерін қолдана отырып, жағымды
мінез-құлық белгілерін көбейтіп, қауіпті және проблемалық мінез-құлық белгілерін азайтуда осы заңдылықтарды қолданады. Сонымен қатар АВА терапия сөйлеу және коммуникация дағдыларын, зейін мен жадын және академиялық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.ABA-терапияның құрамына түрлі әдістер кіреді, бұл аутизмді емдеудің ғылыми негізі бар ең үздік әдісі саналады.
Түзете – дамыту сабақтарында жүргізілетін ойындар:
“Киім үтіктеу ойыны”
Ойын шарты: Киімдерді ұқыпты үтіктей білуге үйрету. Үтікті ұстату арқылы өзіне
деген сенімділігін арттыру. Қуыршақтың киімдерін үтіктеп үйрету арқылы өзіне –
өзі қызмет ете білу дағдысын дамыту.
“ Ойыны: Еңбек құралдары”
Ойын мақсаты:Балаларды еңбек құралдарымен таныстыру.
Тіл байлықтарын және сөздік қорларындамыту, қол саусақтарының моторикасын
дамыту.Ұқыптылыққа,әдептілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Ойыны: “Дәрігер ойыны”
Ойын мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып,
әрі қарай жан - жақты дамыту, сөздік қорын молайту.Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға,адамгершілікке, ұйымшылдыққа,жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер,кітапшалар, халаттар, бас киімдер, құрал -жабдықтар.
Ойыны: “Дүкенші ойыны”
Ойын мақсаты:
Балаларға дүкен, дүкенші (тұтынушы туралы түсінік беру) Дүкен адамдарға өте қажет екенін, дүкеннен азық - түлік, ойыншық, аяқ киімдер, ыдыстар т. б.
ақшаға алатыны туралы түсінік түсіндіру. Арқылы балалардың тілдерін
дамыту, сөздік қорларын молайту,балалардың қызығушылығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды адамгершілікке инабаттылыққа баулу және достасып, бірігіп тату ойнауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар. Өлшеуіш, касса, тағам түрлері ыдыстар ақша т. б. дүкенге байланысты заттар.
Ойыны: “Асхана ойыны”
Мақсаты: Тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен
құралдарды таныстыра отырып, ыдыс-аяқтар туралы салыстырмалы
түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Дастархан мәзірін дайындатып үйрету.
Балаларды мәнерлеп,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.

Пайдаланылға әдебиеттер



  1. Азбука общения. Развитие личности ребенка, навыков общения со взрослыми и сверстниками /Л.М.Шипицына, О.В.Защиринская, А.П.Воронова, Т.А.Нилова. – СПб., 1998.

  2. Ануфриев А.Ф., Костромина С.Н. Как преодолеть трудности в обучении детей. – М.: Ось-89, 1998.

  3. Баскакова И.Л. Внимание дошкольника, методы его изучения и развития. Изучение внимания школьников. – М., 1995.

  4. Башаева Т.В. Развитие восприятия. Дети 3-7 лет. – Ярославль, 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет