Реферат тақырыбы: Қазақ ағартушыларының философиясы Оқытушы: : Балабекұлы Д. Студент: : Рақымберді Д. Е


Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-теориялық еңбектерінің философиялық қырлары



бет3/8
Дата22.04.2024
өлшемі75,18 Kb.
#201137
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фил13

Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-теориялық еңбектерінің философиялық қырлары
Ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, ақын-аудармашы, көсемсөз шебері, қоғам қайраткері, Алаш зиялыларының көшбасшы көсемі деп танылған Ахмет Байтұрсынов (1872- 1937) қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми-теориялық зерттеулердің негізін салушы болды. Қазақ гуманитарлық ғылымының кеңестік кезеңдегі дамуында А. Байтұрсынұлының ғылыми мұралары: «Әдебиет танытқыш», «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Әліпби», «Жаңа әліпби» және басқа да ғылыми-танымдық мақалаларынан жөнсіз шеттетілуі қазақ ғылымының және ғылыми әдебиеті мен тілінің қалыптасуына зор зардабын тигізген қиянат екені де айтылып жүр. Ахмет Байтұрсынұлының атақты «Маса» жинағындағы (1911) жетекші сарындардың бір – ұйқыдан ояту тақырыбы болуы, қазақты ояту, яғни, ғылым білімге үндеу сарынымен байланысты. «Баяғы қалпы, // Баяғы салты, // Бұл неткен жұрт ұйқышыл?!»; «Талауда малың, //Қамауда жаның, // Аш көзіңді оянып». Тіптен, жинақтың атауы «Үстінде ұйықтағанның айнала ұшқан «Маса» болуы да «оятушы» образына меңзеп, рәміздік мән иеленіп тұр. Масаның әлсіздігі мен мазасыздығы, қақы жеген нәзік дәрменсіздігі ғұламаның инемен құдық қазғандай надандыққа қарсы толассыз еңбегіне меңзейді. «Жиған-терген» атты өлеңінде ақын, біріншіден қазақ халқының терең ұйқыдағы халіне қамығып, ашына айтады. «Ұйқышыл жұртты // Түксиген мұртты // Обыр обып, сорып тұр. // Түн етіп күнін, // Көрсетпей мінін, // Оятқызбай қорып тұр. // Обыр болса қамқорың, // Қайнағаны сол сорың! – десе, екіншіден, ол, - Оянған ерге // Ұмты лған жерде // Еруші аз да, серік кем» [1, 56 б.], деп, бостандық аңсарын, отаршылдың озбырлығын, бірегейліктің ұйтқысы болар ердің етекбасты болған қайғысын да айтады. Ағартушылық дәуірінің ағымында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді - жаңа сападағы қайраткер-қаламгер тұлғасы туып, танылды. Ағартушылықтың күрескерлері де ұйқы, ұйқыдан ояну тақырыбын көп қозғады. Бұл Дулат Бабатайұлынан бастау алатын «Ұйқы басып, сезбедің, Шырмағанын жаудың сырт» деген ұйқы және ояту сарыныны еді. Осы идеяның әрі қарайғы жетіліп-жаңғыруы да ұлттық серпіліске, надандықтан шығуға үгіттеудің нышаны болып, сергектікке, белсенділікке, енжарлықтан құтылуға, ғылым-білімге ұмтылуға шақырумен көрініс табады. Поэтикалық тұрғыдан парықтағанда, ұйқы – құлдық құрсауындағы елдің қауқарсыз, қамсыз, қараңғы, ғапыл қалпының бір символы еді. Ояну – рухани серпілу, бойдағы қате-кемшіліктен арылу үшін сілкіну, ғылым-білімді игеру, өнер меңгеру, ұлтық сананы сергіту, ең бастысы санадағы ояныс. Ұлттық жаңғыру жағдайында тарихи генеалогия шешуші шарт, нық негізге айналады. Мемлекеттің атауы ғана емес белгілі бір нәсілдік қауымдастықтың бірегейленуі этнонимнен яғни, ұлттың атауынан көрініс табады. Қазақ ағартушылары осы заңдылықтың ортақтығын зерделеді. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы үлкен еңбекпен ашқан алғашқы газет, «Қазақ» газетінің жарияланымдарында: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық» (1913. №1); «Біздің газетіміздің таңбасы «Қазақ», яғни қазақтығымызды сақтау. Қазақтық, әрине, аты мен тілі жоғалмаса сақталады»; «Тарих кітаптарындағы көп қатенің бірі – тарих жазушылардың ешбірі қазақ пен қырғызды айырмайды. Қазақ – қазақ! Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың басында қазақ халқының тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстың басы-қасында жүрді. Ол ұлттың азаттығын ғылым және білім, алу өнер салаларын дамытумен тығыз байланыста түсінді. Сондықтан-да ұлттық қайнардан бастау алып, ұлттық құндылықтардың қордалы топырағынан тамыр тартқан жаңа заман талаптарына сай жаңа әдебиет, жаңа қоғамдық-саяси ой жүйесін қалыптастырып дамытудың жолын іздеп, қалыптастырумен болды. «Ол ХХ ғасырдың басында, аумалы-төкпелі заманда қазақ қоғамының өміріне жаңа бағыт, жаңа арна тапқан қайраткерлердің алдыңғы шебінде болып, қазақ мәдениеті, қоғамдық ой-санасы дамуына өлшеусіз үлес қосты» [12, 106 б.] дейді З. Ахметов . Ұлттық рухтың серпілісін өнер мен ғылымды игеру арқылы жаңа өркениет керуеніне көш түзеуге бағыттау негізгі мақсаты болды. Қоғамдық ғылымдардың бүгінгідей сан-салалық құрылыммен дамымай тұрған кезеңінде ұлттық мәдениеттің негізгі тұғыры ретінде ғалым тіл және әдебиетті танып, оларды ұлттың тағдырымен тікелей байланыста зерттеп, дамытуға күш салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет