Реферат тақырыбы: Қазақ ағартушыларының философиясы Оқытушы: : Балабекұлы Д. Студент: : Рақымберді Д. Е


Абай Құнанбаевтың философиясындағы адам мен дін мәселесі



бет6/8
Дата22.04.2024
өлшемі75,18 Kb.
#201137
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фил13

Абай Құнанбаевтың философиясындағы адам мен дін мәселесі
Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде: «Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ. Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері – қу борбай сымпыс шолақ», - деп өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне: «Ары кеткен алдамыш Мені-ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасайшы көктейін», - - деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай – ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист. Өз кезеңі үшін ағартушылық поэзияның тууы зор жаңалық болды. Орыс мәдениетінен жырлау Ыбырайда да болатын. Бірақ Абай сол идеяны бір ғана өнер-білім түрінде емес, бүкіл ұлттық поэзияның арқауы – мазмұны етіп, ағартушылықпен қатар қазақ әдебиетіне сыншыл реализм әдебиетінің үлгісін енгізді. Поэзияны ол тек өлең деп қараған жоқ, рухани дамудың ағын дариясы, өмірлік тілі, мұқтажы деп білген. Осы ретпен ол қазақ поэзиясындағы сатираға зор жаңалық енгізді. Сондықтан да біз Абайды XІX ғасырдың екінші жартысында туған ұлы ойшыл, өз шығармаларына әлеумет теңсіздігін, ескі бағыттардың бәрін бірлестіріп, жаңа арнаға салған ойшыл болды дейміз. Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол елдің тұрмыс тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларға сынай қарайтын болады. Мұның бәрі Абайға әке жолын ұстаудың жетімсіздігін, халыққа жақын басқа жол іздеу қажеттігін аңғартады. Осыдан бастап Абайдың әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы қошаметшіл топпен ісі мен сөзі бір жерден шыға бермеген. Бірде Құнанбай өз баласының халықшыл мінездерін ұнатпай оған: “Сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Көрінгенмен жақын боласың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді”, - деп мін тағады. Әкесіне жауап ретінде Абай: “Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін щыңыраудағы судан да қойшы қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін”, - депті. Бұл жағдайлар – халықтың өмір сүру жағдайлары мен келешегіне түрліше көзқарас Абайдың ел билеу қызметінен шеттей бастауына әкеледі. бай туралы еңбектерде, оның дінге көзқарасы туралы екі түрлі қате пікір болып келді. Кейбір зерттеушілер Абайды “ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі” деп келді. Бұл пікір 30-жылдарда айтылды. Ал екінші бір зерттеушілер, ақынның дүниеге көзқарасының басқа жақтарын кең де, дәйекті талдап келіп, дін мәселесіне келгенде үстірт, жол-жөнекей ғана соғып, Абайдың дін туралы түсініктері ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп сылап-сипаумен ғана тынды. Бұл пікір, тіпті соңғы кезге дейін өзгермей келді. Бірінші пікір Абайға тағылған жала болса, екінші пікір Абайдың дін туралы түсініктеріне тарихи тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған еді. Кемеңгер ақынның дін туралы пікірлерін дұрыс түсіну бағалау үшін оған тарихи тұрғыдан қарау керек. Абай заманында қазақ сахарасында ислам дінінің ықпалы бұрынғыдан да күшейе түскенін, оның күшейе түсуіне жергілікті феодалдар да, патша үкіметі де жарыса ат салысқанын еске алу қажет. Абай дүниетанымының бір ерекшелігі – ол бүкіл адамзат мәдениетінен үйреніп өнеге алған, ұлттық мұсылмандық тар шеңберде қалып қоймаған. Академик М. Әуезов айтқандай, Абай өзін “шығыс адамы едім”, “мұсылман едім” деп дін тұсауына бағындырмаған. Оқуға, үйренуге келгенде Абайға Низами, мен Науаи да, Пушкин мен Толстой да, Сократ пен Аристотель де, Фзули мен Батыр да, - бәрі бірдей. Абай бұлардың бірі мұсылман, екіншісі христиан, үшіншісі буддашы екен деп бөле қарап, діни мән беріп жатпаған. Демек, дін иелерінің және қаһарлы әкесінің уағыздарына қарамастан, Абай мұсылмандықтың құлы бола алмаған. Абай 1890 жылы жазған “Бірінші сөзінде” өткен өміріне шолу жасап, күнінің айтыс пен тартыста, әурешілік пен қорлықта өткеніне өкініп, “Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз?”- деп толғанады. Бұл кездегі Абай әкім болып, ел бағудан да, софылық қылып, дін бағудан да бас тартады. Міне, осы кезең Абай өмірі мен шығармашылығының, жалпы дүниеге көзқарасының, оның ішінде дін туралы түсініктерінің де қалыптасуындағы шешуші, асуы қиын, асқар бел еді. Осы уақыттан бастап Абай біржола поэзияға бет бұрады, ғылымға шомады, орыс, батыс жазушыларының кітаптарын көп оқып, өз бетімен білім алып, өзінше ізденеді. Абайдың дүние тануы мен қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ағартушының орыс достарымен қатар, өзінің оқыған атасы Халиулла Өскенбаев та көп әсер етті. Абайдың дін туралы түсініктерінің қалыптасуына байланысты ескертетін тағы да бір мәселе - ұлы ойшылдың әлеуметтік көзқарасы панисламизм идеяларынмен күресу барысында шыңдала түскендігі. Абай пікірінше, қазақ халқына қандас елдерді біріктіретін діни, мұсылмандық қауым емес, өзінің жерлес және рухтас көршісі орыс халқының көмегі қажет; оған шариғат пен надан молда емес, жас ұрпақтың көзін ашатын білім мен ғылым, білімді адам керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет