Реферат тақырыбы: «Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының күштеп бұзылуының салдары»


Қорытынды....................................................................................................12



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі97,87 Kb.
#98065
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының күштеп бұзылуының салдары

Қорытынды....................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................13

Кіріспе 3

Тарихымыздың күрделі беттеріне өткен ғасырымыздың 20-30 жылдары жатады.Қазір біз өмір сүріп отырған қоғамымыздың демократиялануы тарихтың күрделі беттерін , яғни ақтаңдақ тұстарын ашуға,оны зерттеуге мүмкіндік ашты.Қазақ халқын күштеп ұжымдастыру , зорлап отырықшыландыру бағытын ұстанған кеңестік дәуірдегі коммунистік партияның қатал қуғын сүргін саясатын мұрағат қойнауында сақталған құжаттар айқындап беріп отыр.Қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күштеп ұжымдастыру мәселесі тарихымызда бұрын біржақты зерттеліп,айтылып келді.Бұл жылдары республикада өмір сүрген басқа ұлттар бұл оқиғаларды бастан кешірді,соның ішінде Қазақстанда осы жылдары жүргізілген аграрлық өзгерістер КСРО- ның басқа республикаларындағы және аудандарындағы осындай қайта құрулардан өзгешелеу болған еді.


Ресейлік тарихшы А.И.Яковлев бұл өзгешелікті төмендегідей түсіндіреді: «Қазақстан үшін бұл (ұжымдастыру) ерекше қиын міндет болды. Өйткені байырғы халықтың(қазақтың) төрттен үші көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрді.Өлке халқы орналасқан сол кездегі табиғи-тарихи жағдайда көшпелі мал шаруашылығы толығымен ұтымды шаруашылық болып табылды.Ол жақсы тұрмыстың және халықтың өзінің өмір сүруінің негізі еді.»
Шет елдік тарихшының бұл пікірі толық қолдауға тұрарлық. Шындығында да Қазақстандағы ұжымдастыру шаралары бүкіл елдегі науқанның құрамдас бөлігі бола тұрса да олардан, әсіресе, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының ауыр азап шеккенін , «қазақ этносының аяусыз қырғынға ұшырағанын ,сөйтіп аса ауыр шығынды басынан кешкенін көрсетіп берді.Кеңес үкіметінің қазақ халқына жасаған саясаттарынан кейін , олар тіптен азайып , күнкөрісінен айырылған .Сонымен қатар 1921-1922 жылдардағы аштық та себеп болды. Енді осы саясаттарға тоқталайық.
1926-1927 жылдардағы жайылымдық және шабындық жерлерді қайта бөлу шарасының сәтсіз аяқталғанын тәуелсіздік тұсында жарық көрген тарихи зерттеулер көрсетіп берді. Ф. Голощекиннің өзінің сөздерінде бұл шараны «Кіші Қазанға» теңеп, қанша көтермелегеніне қарамастан, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы тарихнамалық зерттеушілер мен тарихшылар өздерінің еңбектерінде бұл мәселеге аса мән бере,арнайы тақырып ретінде қарастыра қойған жоқ. Өйткені осынау науқанның нәтижесі шынында да мардымсыз болды. Бұл науқанды өткізу барысындағы шаралар Ф. Голощекиннің саяси және шаруашылық тұрғыдан қате көзқарасына қазақтың дәстүрлі шаруашылығын білмейтін түсінігіне бейімделген болатын. Қазақ ауылында жерге ғасырлар бойы рулық,қауымдық меншік орныққанын , Мәскеуден келген Ф.Голощекин бірден түсіне қойған жоқ,ал қазақ қайраткерлері оған бұл мәселені түсіндіруге асықпады.Нәтижесінде шабындық жэне жайылымдық жерлерде кайта бөлу, казақ байларына тежеу салады, ауылдағы әлеуметтік теңсіздікті жояды және бұлар ауылды кеңестендіру саясатын берік орнықтырады,- деген қате көзқарас қалыптасты.Республикадан,облыстардан және аудандардан бөлінген уәкілдер жергілікті жерлерде белсенділік танытып ,шабындық, жайылымдық жерлерді шаруаларға бөліп бере тұрса да ,ешқандай малы жоқ кедейленген жұрт ,меншіктен жұрдай қалың қазақ шаруалары шын мәнінде уәкілдер қайтып кетісімен-ақ өздеріне бөлініп берілген жерлерді қайтадан рулық ауылға және қауымдастыққа қайтарды.Шын мәнінде науқан осылайша сәтсіз аяқталды. Сондықтан да Қазақстан тарихшылары бұл мәселеге байланысты әлі күнге дейін іргелі зерттеулер жүргізуге құлшынып отырған жоқ.
Алайда, тәуелсіздік тұсында ,қазақ байларын кәмпескелеу деген атпен әйгілі болған 1928 жылы тамыз айында болған науқанға қатысты іргелі зерттеулер пайда болды. Олардың қатарында. алғашқы орында тұрған зерттеу ретінде Ж. Әбілқожиннің дәстүрлі қазақ шаруашылығының күйреуіне арналған монографиялық еңбегін және докторлық диссертациясын ауызға алуға болады [1]. Бұл еңбекте Ж. Әбілқожин дәстүрлі қазақ шаруашылығын, яғни байлар шаруашылығын жан- жақты талдау негізінде,қазақ ауылында жүргізілген бұл науқанның күштеу, зорлық зомбылық сипатын тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарихшыларының арасында алғашқылардың бірі болып ашық көрсетті. Мұнда бай шаруашылықтың экономикалық күш-қуаты, олардағы мал басының
саны жэне дәстүрлі қазақ шаруашылығының өзіндік даму эволюциясы ,ерекшеліктері жан-жақты,тиянақты зерттелген.
Сонымен бірге , Т. Омарбеков өзінің монографиялық еңбегіндегі аталған тараудың «Ірі байларды меншігінен айыру және оның зардаптары» деп аталатын бірінші параграфында 20-шы жылдардағы қазақ байларының қоғамдағы әлеуметтік орны туралы мәселе төл тарихымызда жаңаша көзқарастарға мұқтаж болып отыр деп,батыл түрде ауылдағы әлеуметтік тұлға байлар туралы жаңаша пікірді атап көрсетеді [2. 82 б.]. Мұнда 1928 жылға қарай қазақ ауылындағы кедей мен батырақтың ,халықтың 60%- ға жуығын құрғанын атап көрсетіледі,яғни қазақ байларын тәркілеу науқанында тұрмысы бар , әлі де бақуатты шаруаның қазақ ауылындағы үлесі шамалы ғана болған.
Т.Омарбековтың ғылыми талдауы бойынша сол тұста 50 бастан жоғары малы бар ауқаттылардың қазақтар арасында 1%-тен сәл ғана асып түсетінін көрсетіп береді.Мұның өзі шын мәнінде қазақ ауылдарында ірі және ауқатты байлардың айтарлықтай үлкен әлеуметтік үлеске ие болмағанын және оларда бар болғаны малдың 14.8% ғана шоғырланғандығын дәлелдейді.
Ф.А.Қозыбақованың «Қазақ байларын тәркілеу тарихынан» атты монографиясының арнайы тармақшасы , байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясатына арналған. Мұнда 1930 жылдың 5-қаңтарында жарық көрген БК(б)П Орталық Комитетінің Саяси бюросының «Ұжымдастыру қарқыны мен мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы» қаулысының кулактарды тап ретінде жою шараларын жүзеге асыруға баса мән бергендігін,осы қаулыдан бастап негізінде күштеп ұжымдастыру жағдайында бай кулактарды тап ретінде жою жұмысының батыл қолға алынғандығын атап көрсетеді.⁅3⁆
Келесіде , Оразкүл Мұқатованың «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-90 –шы жылдарындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы» атты монографиялық еңбегінде «Ауыл шаруашылығындағы сталиндік- голощекиндік реформаның тарихнамасы» деп аталатын екінші тараудағы алғашқы параграфтың «Қазақ ауылын отырықшылыққа көшіру және оның ауыр зардаптарының зерттелуі» деген тақырыпты көреміз.Бұл еңбекте автор қазақ шаруаларын отырықшыландыру жайлы жан- жақты талдаған.⁅4⁆
Яғни ,бұл деректерден біз тәуелсіз Қазақстан тұсында ғана қазақтың дәстүрлі әлеуметтік тұрмысы мен мал шаруашылығының күшпен , зорлықпен күйретілгені, ашық айтыла бастағанын аңғарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет