Қорытынды 12 Қазақ халқы үшін 1920-1930 жылдар ауыр соққы болды. Бұл шаралардың басты мақсаты қазақ халқын жою болатын.
Тарихи оқиғаларды зерттеп жақсысынан үйреніп, жаманынан сабақ алу арқылы халықтың әлеуметтік өмірін жақсартудың моделін құрастыра аламыз. Кез-келген тарихи оқиғаның маңызы өте зор. Осындай түрлі саясаттардың кесіренен қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы күштеп бұзылды, қаншама халқымыз зардап шекті . Міне, осындай түрлі қасіреттерінің қазақ халқының басынан кешкенін ұғындыру жолында ғалымдарымыздың,таризшыларымыздың еңбегі зор. :«Бүгінгі күні халқымыздың саны өсуімен бірге санамыз бен сапамыз да көтеріліп келеді. Сондықтан тарихымызды түгендеу асқан жауапкершілік пен мұқияттылықты қажет етеді. Өткен ұрпақ тәжірибесі, тарихта болған ащылы-тұщылы оқиғалардан сабақ алу келешектегі қателіктен сақтандырады, адамдарды адалдыққа, бір-бірімен татулыққа тәрбиелейді. Осының барлығы тарихи сананы қалыптастырады. Кешегі күні халқымыздың басынан не өтті, халық қандай күйде болды, жас ұрпақ білуі тиіс» - деп Қайдар Алдажұманов өз пікірінде атап өткен. Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жасаған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігіне де ие болып отыр. Кезінде өзінің төлдеректерін жинауға, жүйелеуге, шашау шығармай сақтап, өз тарихын жазуға мүмкіндігі болмаған халқымыз, бүгінде, ақпараттар, яғни деректер тасқынының астында қалып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13 Абылхожин Ж.Б - « Социально- экономическое функционирования и трансформации традиционной структуры Казахстана» (1920-1930гг)
Омарбеков Т - «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті». Алматы :Санат 1997
Ф.А.Қозыбақова - «Қазақ байларын тәркілеу тарихынан». Алматы 1998
Мұхатова О.Х - « Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы аграрлық реформалар тарихнамасы». Алматы 1998