Реферат Тақырыбы: «Қазақ халқының көшпелі өмірсалтымен байланысты дүниеге деген көзқарасы, рухани және материалдық мәдениеті»



бет1/5
Дата17.11.2023
өлшемі63,3 Kb.
#191872
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
срсп 14
Цифрлы Қазақстан Ғылыми жоба, сроп биохим арх, 5 боөж саясат


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ

NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»




СОӨЖ #14


Реферат

Тақырыбы: «Қазақ халқының көшпелі өмірсалтымен байланысты дүниеге деген көзқарасы, рухани және материалдық мәдениеті »


Орындаған: Ғазиз Бекзат


Тобы:102Б

Алматы, 2022


Мазмұны



I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім



  1. Көшпелілер мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениеті қалыптасуы

  2. Көшпелілер мәдениетінің ерекшелігі

  3. Мәдени мұралары

III. Қорытынды


IV. Пайдаланған әдебиеттер



Кіріспе
Қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәденпеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата - бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпактан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. «Көшпелілік - көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік- экономиқалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Қазақтың көшпелі қоғамының негізін қалаған мәдениет ежелгі дүниеден бастау алатыны белгілі. Содан бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени- тарихи және этногенетикалық тұрғыда үздіксіз дамып келеді. Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалардың бұл процеске тікелей қатысы болғандығы да күмәнсіз. Олардың бай құндылықтарының қазақтың мәдени мұраларынан көрініс тауып, осы күнге дейін жеткендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сонымен қатар бұл байланыстар ерте кезеңдегі көшпелі тайпалардың мәдениетінің қалыптаса бастаған әлеуметтік институтары мен рухани өмір-тіршілігінің өзара жақындығын, байырғы қазақ мәдениетінің ішкі бірлігінің беріктігін де көрсетеді. Қазақ мәдениетінің өткенініе тереңірек үңіле қарасақ үш мың жылдың аясында Ұлы Дала бір ғана әлеуметтік - экономикалық жағдайды бастарынан кешірді, бір ғана өндіріс тәсілін тірек етті. Ең бастысы - көшпеліліер даласында өмір сүрген халықтардың қай - қайсысы болмасын ( сақ, сармат, үйсін , ғұн, қыпшақ ) бәрінің тілі де, діні де, наным - сенімдері де, өмір салты да, салт - дәстүрлері де , тұтынатын дүние мүліктері де біртектес болған. Көшпелілердің өздеріне тән талаптары да сан - алуан болған. Олардың ең бастылары: көшпелі мал шаруашылығының теіктерін жете игеру, еңбек сүйгіштік пен асқан төзімділік, ел намысын ерлікпен қорғау, ата тегін ардақтай білу, ата - бабалар салтын бұзбау, сөз асылын қастерлеу және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет