Қорытынды
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің діңгегі, ұлттың тарихи өзіндік санасының өзегі - көштенділік құбылысы. Күні бүгінге дейін әлеуметтік болмысты талдаудың жалғыз лайықты тәсілдері деп есептеліп келген әмбебан еуропаорталықтық әдістер көшпенділік өркениетті назардан тыс қалдырып келді.
Көшпелі мәдениет ғаламат әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өз өзімен және табиғатпен жеке қалып, өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен, шынайы жақын екендігін сезінген. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті көшпелі түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады. Номадизм - көшпелі түркілертін шаруашылық қызметінің аса маңызды саласы. Номадизм - кеңістіктегі адамдар тобының көшіп - қонуы. Номадизм - шөп жейтін малды көбейту, су және маусымдық жайылымға (қыста - қыстау, күзде - күзеу, жазда - жайлау) көшіп - қону. Бұл дегеніміз заттық, рухани мәдениеттің қайнар көзі.
Қазақ халқы ұлт (ұлыс, халық, мемлекет, хандықтар) болып, қазіргі қазақ халқын құрап тұрған үш жүз ішіндегі барлық ру-тайпалардың өзара бір атадан, руға, тайпаға, жүз-ұлысқа бірігіп, одақтасып, өзара ынтымақтылықпен (құдандалы, жекжат, сарысүйек т.т. болып) бейбіт түрде ұйымдасып тұтас ел, ұлт, хандық құрды, мұны шежіре деректері нақты айғақтайды. Қазақтың шежірелік дәстүрінің түсіндірмелік қызметінің өзіндік ерекшеліктері болды. Қазақ елі сынды ауызекі мәдениетке негізделген қоғамдарда адам санасы тарихи жадының аса қолайлы және сенімді мұрағаты бола алатынына ешкімнің де күмәні бола қоймас. Сана архивінде ғасырлар бойғы адамдардың тәжірибесі еақталады және осы зейіннің негізінде таным- түсінік қалыптасады Санадағы адамдардың есі арқылы рухани және материалдық мәдениет, адами өмір тәжирибесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады және әр нәреснің себеп-салдары түсіндіріледі. Қазақтың дәстүрлі қоғамында айрықша дамыған ауызша тарихи дәстүрі көшпелі әлеуметтің рухани әрекетінің өнімі болып табылады.
Көшпелілер уақыт-кеңістікті игеру арқылы, танып-түсіну арқылы ұдайы шырқай көшіп, жыл құсы сияқты табиғаттың қолайлы белдеулерінде болып отырды. Олардың тіршілігінің мәні - уақыт пен кеңістіктің тылсым сырын қапысыз игеру, төрт түліктің бабын экосистемамен мінсіз үйлестіре білу, көшпелілердің өз тіршілігіне сай келетін материалдық және рухани игіліктер қалыптастыруы, түптеп келгенде, олардың төлтума мәдениетін орнығуына ықпал жасады. Қазақ халқы көшпенді өмір салтының яғни Түркі өркениетінің тікелей мұрагерлері ретінде басқан жерін, ішкен суын, баққан малын қастерлі деп біліп терең құрмет көрсетеді. Қазақ халқының табиғатқа, тау-тасқа, жануарлар мен баққан малына деген көзқарасы, ұстанымы нағыз көне Түркі өркениетін көрсетеді.
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005- 416 бет.
Ғабитов Т.Х. Мəдениеттану Алматы: Заң əдебиеті баспасы, 2006. — 62 б.
Достарыңызбен бөлісу: |