II.Негізгі бөлім I. Казақ мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы Адамзат баласы жайындағы көркемдік концепция қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар осы жарық дүниені көркемдік - әсерлік тұрғыдан танып білуде халықтардың, оның ішінде қазақ халықының өмірлік тәжірибелері өте мол болған, қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Еуразияның кең байтақ даласында өмір сүрген халықтардың арасында ХХ- ғасырдың басына дейінгі көшпелі өмір салтын сол қалпында сақтап келген санаулы елдердің қатарынан қазақтардың да орын алуы көп нәрсені аңғартса керек. Осы орайда түрлі кәсіп иелерінің, атап айтқанда аңшыларға, балыкшыларға және т.б. қарағанда сал шаруашылығымен айналысушылардың дамудың бір сатысында жоғарғы тұрғандығын мойындамасқа, өйткені, алғашқы аталғандар табиғаттың дайын өнімдерімен тіршілік етсе, ал көшпелі малшылар өздерінің маңдай терінің, ақыл - ойының жемісін көрген. Еңбекқор малшылар қауымын ерекше озық мәдениеттің ерекше өкілдері деп бағалау - көшпелілер мәдениеті, оның ішінде қазақ мәдениеті жайында айтылған жаңсақ пікірлерге қарсы құрар сенімді қапқан болмақ.
Көшпелілердің тұрмыс - тіршілігіне сән - салтанат беріп, оны одан әрі ажарландырып тұрған жылқы малы екендігіне тоқталамай кетсек, көшпелі халықтар мәдениетінің қыр - сырлары толық ашылмай қалған болар еді. Жылкы малын кеңінен пайдаланудың арқасында адам өзінің үйреншікті дағдыларынан ажырап, емін - еркін көшіп жүру бостандығы өз есігін айқара ашты. Жылқыны үйретіп, адам еркіне бағындыру қайыспас қайсарлық пен табанды еңбекпен қатар, осыбір қасиетті жануардың талаптарына сай қасиеттерін бағалауды қажет етті. Белгілі мәдениеттанушы ғалым К Ясперс: «Ұлы мәдениеттердің ошағы болған мемлекеттер көшпелілерден жылқыны пайдалануды мұра етті. Көшпелілер жылқы малының көмегімен ұлы мәдениет ошақтарын жаулап қана қоймай, шшы қиыры жоқ осы бір кеңістіктегі мәдениеттердің дәмін татты, оларды өз көздерімен көре білді. Сонымен қатар, жылқы малының арқасында бұрынғы әскери техника мүлде жаңа сипатка ие болды», - деп жазған болатын. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің байланысуына мүмкіндік берді. Жылқышылар мәдениетінің қадір-қасиетін бағалай білу көшпелілер мәденитінің, оның ішінде қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің мерейін одан әрі тастары сөзсіз.
Көшпелілер қоғамының ен басты ерекшеліктерінің бірі оның этникалық бірлестігінде болды Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды. Қазақ мәденнетінің негізгі архетипі саналатын көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Мұндай ерекше қасиеттен қазақ халқы кенде емес, қазақ халқы да өзінің этникалық тұтастығын сақтай да , қадірлей білген халық. Қазақ халықының ата - тек , үрім - бұтаққа бөлінуіне қарамастан өмір салты , әдет - ғұрпы, дәстүрі бүртұтас бүтін болып келеді. Қазақ халқы ел басына күн туғанда жауға қарсы бір кісідей аттанған, жұт пен түрлі індеттер ауыртпалығын бірге көтерген. Көшпелілер мәдениеті дәуірлеп тұрған кезде қазақ елінде төрт түлік малға деген меншіктің өзі шартты гүрде болған.
Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып ееептелінді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың теріскейіндегі орманды- далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, - дейді ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Төйнби (1889-1975), - тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады.» Малшылық егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені дихан табиғат өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылык, жоғары интуициялық кабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікпен үйлесімді дамыған мәдениет адам мен табиғат тың арасында нәзік үндестікті білдіретін дәнекер кызметін атқарды. Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына шешуші әсер етті. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас болігі «өлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниеганым жүйесі болды.
Өнерді сұрыптауға бүкіл халық болып ат салыса отырып, қазаө халықының рухани деңгейі, рухани өресі де биік болған. Ерекше атап өтетін бір жәйт, қазақтардың салт - дәстүрлері, мақал - мәтелдері, барша тиымдары көшпелі өмір салтымен,тылсым табиғатпен тығыз байланысты болған. Көшпелілер шаруашылығы - көшплі халықтардың рухани әлемінің қайнар бұлағына айналған. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды касиеті оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Кауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныс халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыздарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.