Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру жəне жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында əр түрлі оқыту формалары мен əдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру жəне оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау жəне қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.
Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке дара жəне топтық оқыту сияқты əр түрлі əдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар — электрондық оқулықтар. Жаңа технологиямен оқыту жүйесі — сабақта барлық білім алушының белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын оқу үдерісінің бірі. Бұл ретте оқытушы мен тіл үйренушінің коммуникативтік қатынасқа негізделген қарым-қатынасының өзгермей сақталуы талап етіледі. Қазақ тілін оқытуда жаңаша оқыту технологиясын қолдану арқылы қоршаған ортада болып жататын əр түрлі жағдаяттар тарапынан алғаннан соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек. Жалпы, жаңаша технологияның түрлері өте көп. Мұның үстіне компьютерлік-ақпараттық технологиямен жасалатын жұмыс жүйелерін алатын болсақ, бұл технологияның сапалы білім беруде, танымдық қызығушылығын арттыруда алатын үлкен орны байқалады.
Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орнында, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту курстарында оқыту жүйесі, жекелеген сабақ, бір қарағанда, күнделікті өтіп жататын жағдай сияқты. Бірақ тұтас оқыту жүйесі сияқты, бір сабақты өткізу барысында танымдық үдерістің небір күрделі түрлері өтіліп, адамның рухани əлемі қалыптасып жатады. Сонысымен де оқу үрдісінің танымдық үдеріс ретіндегі сыртқа қарапайым, ал ішкі мазмұны адам қалыптастыратын мүмкіншілігі айқындала түседі. Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен еркін сөйлеу тілін дамытуды маңызды орын алады.
Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен жақсы сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері айқындалуы тиіс. Əрбір берілген ұғым мен оның мазмұның құрайтын білімдік ақпарат — оқушының ой-санасын өзгертуші, дамытушы құрал. Бірақ танымдық негіздері туралы бөлімде айтқанымыздай, оқушылардың даму барысында көп сүйеніп, талдаулар жасай беруге, білім мазмұнын жөнсіз көбейтуге немесе күрделендіруге болмайды. Тіл үйренушінің даму ерекшелігін оның жас ерекшелігімен байланыстыра қарау қағидаты басты назарда болуға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |