Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы — Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдыңшығысында Марқакөл қазаншұңқырындаорналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.[1]Маңғыстау облысыңдағы Қарақия ауданыжерінің аумағы 223,3 мың га.
Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді.
Елімізде республикалық мәні бар
•"Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында),
•"Шарын шаған тоғайы",
•"Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында)
•"Баум тоғайы" (Алматы қаласында) табиғат ескерткіштері бар.
Ұлттық табиғи саябақтар
Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылады. Елімізде соңғы жылдары
•Шарын (2004 ж.),
•Сайрам-Өгем (2006 ж.)
•Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |