Реферат Тақырыбы: Қазіргі адамның тіршілік ету ортасы



бет3/5
Дата23.12.2022
өлшемі34,91 Kb.
#164074
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат 3
Қоғамдық бiрлестiктер, 1 курс Мәдениеттану. Практикалық сабақ тапсыралары 2022-2023, изменения 83 приказ
Халық денсаулығы
Адамның денсаулыгының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының(ВОЗ)анықтамасыбойынша,денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық,психологиялықжәнеәлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойыншаадамдардың денсаулық жагдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20- 25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы -қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаган ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда-бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік экономикалмқ жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда ортаболсада,қолайсызәлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жагдай нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресттік құбылыстар арқылы әсер етеді.


Дүниежүзілікденсаулықсақтауүйымының мәліметтері бойыншажыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшіншіәлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американғалымдардыңмәліметтерібойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаган ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңгы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аууруларда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күш-фактор көміртегі тотыгы мен шу болып табылады.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларга қолайсыз әсер ететін және ауруларга әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға боліп қарастыруға болады:

  1. Концерогендер қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындайзаттарбелгілі.Олардыңішіндегі күштілеріне бензо(а)апирен және басқа да полициклдіароматтықкөмірсулар,ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест т.б. жатады;

  2. Мутагендер— хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларга: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады.

  3. Тератогендер— жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады.Көбінесетератогендергемутагендер сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және. Т.б. ластаушылар жатады.

Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады.Эмбриогендер— эмбрионалды даму кезінде зақымдануларга әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мыс алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаган аурулар пайда болады. Мундай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен («минамата») және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
Адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі. Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен 12,З ЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі. Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет