Реферат Тақырыбы: Бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы Орындаған: Жұмағали Ажар Тобы



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі288,97 Kb.
#120736
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бақша шаруашылығы реферат


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Жеміс – көкөніс және жаңғақ шаруашылығы кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы



Орындаған: Жұмағали Ажар
Тобы: ПВ-308
Тексерген: Ибрайымова М.М


Алматы 2021 жыл
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Бақша дақылдары
2.2. Бақша дақылдарының өсіру технологиясы
2.3 Бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер


I Кіріспе
Бақша дақылдарынан жоғары өнім алуда негізгі әсер ететін жағдай - техниканы дұрыс таңдап жэне қажетті мерзімде топырақ өңдеу жұмысын жүргізу. Топырақ өңдеудің негізгі мақсаты - өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау. Өңделетін топырақ кабатының қүрылысын дұрыстайды, арам-шөптерді зиянкес пен аурулардың қоздырғыштарын өлтіреді, өсімдік қалдықтарын тыңайтқыштарды енгізе отырыл, егілген тұқымға қолайлы жағдай туғызады, тамыр жүйесі дұрыс өсіп, дамып, толық жэне біріңғай өскін береді. Топырақ өңдеу негізгі, түқым себер алдында жэне қатар аралық өңдеу жұмыстарынан тұрады. Осы агротехнологиялық іс-шараларды орындау үшін өңдеу жүмыстарына техникалар түрлерін дұрыс пайдалану білу керек.
Бақша дақылдарына қарбыз, қауын жэне асқабақ жатады. Оларды жоғары дэмділік сапасымен ерекшеленетін нәрлі жемістерін алу үшін өсіреді. ТМД елдерінде өндірістік бақша шаруашылығы 19-ғасырдың ортасында пайда болуына байланысты, бақша дақылдары Ресейде, Украинада жэне Орталық Азияда өсіріле бастады. Қарбыз Ресейдің Астрахань губерниясы арқылы Батыс Қазақстанға тарады. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінде бақша дақылдары 1 млн гектарға жуық жерлерде өсіріледі.
Бақша дақылдарын отырғызу үшін күнмен жақсы жылынатын жерлерді таңдайды, оларға ең қолайлысы жеңіл құмды жэне құмайт жерлер. Топырақтың оңтайлы қышқылдығы 6,5-7,0 шамасынды. Қарбыз, қауын ауалық құрылысы мен топырақ құрамы жетерліктей жақсы тың жэне тыңайған жерлерде жақсы нэтиже береді. Жемістер ескі егістік жерлерге қарағанда 10-15 тәулікке ерте піседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет