2.1 Бақша дақылдары
Бақша - әртүрлі ағаштар мен гүлдер, дәнді дақылдар егілген арнаулы жер, алаң. Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіріледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Бақша дақылдары өсірілетін жер бақшалық деп те аталады. Негізінен сулы жерлерде, өзен бойларында өрістейтін бақша өсіру кәсібімен отырықшы қазақтар ертеден айналысқан. XIX ғасырда қазақ даласы туралы жазған Л.Мейердің еңбегінде 1847 жылы Сыр қазақтарының бау-бақша өсіргендігі, әсіресе терек, тұт ағаштарынан басқа өрік, алқоры, жүзім тәрізді ағаштардың жақсы өсірілгендігі туралы айтылады.
Бақшалық өсірілетін жерде ауыспалы егіс тәсілі колданылады. Бірінші жылы бақшалық өсімдіктері өсірілген жерге екінші және үшінші жылдары бидай мен арпа, төртінші жылы қайтадан бақша өсімдіктері өсіріледі. Көкөністердің алуан түрі өсірілетін бақшалықта әрбір бақша өсімдігінің тұқымдары да сараланып егіледі. Жетісу мен Сырдария өңірінің тұрғындары бау-бақша өсіруді ертеден-ақ меңгерген. Бақша дақылдарын өсіру ісі жақсы дамыған Сыр өңірінде қауынның күләбі, қант қауын, әміре, әңгелек, қара қауын, анар, тұрмалы, ақұрық, көкше сияқты түрлері өсірілген. Қарбыздың үлкендеу қара күңгірт түрі мен қабығы қалың, көлемі аса үлкен болмайгын теңбіл қабықты түрі өсірілген. Бақша өнімдерін әрбір көкөкністі тұтыну ерекшелігіне қарай көктей, шикідей, қайнатылған an немесе тұздалған, кептірілген түрде пайдалама береді. Мысалы, қауыннан қауынқақ, қауынбал, қауынқұрт деп аталатын өңделген тағам түрлері дайындалады. Бізге жеткен мәліметтерде отырықшы, дәстүрлі ортада жатақ аталатын қазақтардың жаз мезгілінде тұтынатын негізгі тағамы бақша дақылдары болғандығы айтылады. Жазда тағамға молынан пайдаланылатын бақша дақылдарын қазақтар «көкше байлық» деп атаған. «Көкше байлық үш айлық, үш айдан содан шошайдық» деген сөз. Бақша өнімдерінің мезгілдік тағам екендігін тұспалдайды. Кейінгі дәуірлерде бау-бақша өсіру ісі кәсіпке айналып, кең ауқымда дами бастады. Отырықшы болған қазақ шаруалары өздері өндірген бау-бақшалық өнімдерін жайылым қуып, мал бағатын ағайындарының малына айырбастап, нәпақаларын айырып отырған.
Бақша дақылдары – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобы. Оған қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Тропиктік және субтропиктік аймақтардан шыққан. Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Бақша дақылдары – бағалы тағамдық және диеталық өнім, дәрілік, сәндік мақсатта, мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органик. қышқылдар көп. Сондай-ақ олар емдік қасиеті жағынан, жұғымдылығы, сіңімділігі және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бақша дақылдарының жемістері тағамға көктей немесе өңделген түрінде қолданылады. Қарбызды тұздауға болады, ал қарбыз балы кондитерлік өндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқұрт, қауынбал (бекмес) жасайды. Бақша дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық құрылысы, химикалық құрамы, физиология-биохимилық процестері, пісіп-жетілуі, өсіп-өнуі ұқсас келеді. Олардың қос жарнақты тұқымдарының өнгіштігі өте жоғары (98 – 100%), ұзақ (8 – 10 жыл) сақтауға болады. Бақша дақылдарының жер асты жүйесі кіндік тамырлы, негізгі тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады. Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы болып келеді. Аталық, аналық гүлдерінің дара, қос және аралас 3 түрі кездеседі. Алдымен аталық, содан кейін аналық гүлдері гүлдейді. Жемістері көптұқымды, жидек тәрізді, салм. 80 кг-ға дейін (асқабақ) жетеді. Бақша дақылдары тұқымының өсіп-өнуі үшін қарбызға 15 – 17°С, қауынға 14 – 16°С және асқабаққа 10 – 13°С температура қажет. Сондықтан Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. Себу алдында егістікті суғарады. Қауын мен қарбыздың тұқымы 3 – 6 см, ал асқабақтың тұқымы 6 – 8 см тереңдікке егіледі. Себу жұмыстарын ерте пісетін сорттардан бастайды. Піскен өнім уақытында жиналса, түптегі келесі жемістер тезірек пісіп-жетіледі. Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды көбелек, бұзаубас, т.б. жатады. Олармен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |