Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады: - жеке – дара – нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;
- жергілікті – шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;
- салалық – нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес;
- салааралық – нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;
- ұлттық – белгілі-бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;
- халықаралық – әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.