Реферат Тақырыбы: «Бәсеке және оның негізгі түрлері»


Бәсеке түсінігі және оның жіктелуі



бет2/8
Дата08.02.2022
өлшемі43,37 Kb.
#121479
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
referat

1. Бәсеке түсінігі және оның жіктелуі. Бәсеке түсінігі латынның concurrentia деген сөзінен шыққан. Бәсеке – бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес. (ақша, билік, статус, махаббат және т.б құндылықтар). Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерін еңбектерінде де кеңінен қарастырылды. Мәселен, А.Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретінін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін алғаш рет көрсетті.
Бәсеке түсінігіне зерттеушілер әртүрлі анықтамалар берген. К.Р.Макконел және С.Л.Брю «Бәсеке - бұл нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі» десе, А.Ю.Юданов «нарықтық бәсеке –тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардын күресі» деп сипаттайды. Р.А.Фатхутдиновтың пікірінше, «Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы». Ал, Г.Л.Азоев: «Бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық (бәсекелестік)» деп түсінеді. Бәсеке түсінігін Н.Г.Миронов едәуір толық сипаттайды. Яғни, бәсеке – ол обьективті және субьективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субьектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
• өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
• бәсекеге төзімді өнім өндіру;
• өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
• пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
• өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
• кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
• ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет