4-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГТЕУГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
1-мәтін. Нұсқаулық: мәтінді мұқият оқып шығыңыз және тапсырмаларды орындаңыз.
Колибрилер – әлемдегі ең кішентай құстар. Олар тек Америка құрлықтарында ғана кездеседі. Колибрилердің көбінің түсі ала- құла болып келеді.
Олардың кішкентай мықты денелері және ұзын күрек тәрізді қанаттары болады. Колибрилердің аяқтары өте қысқа болғандықтан, оларға жүру қиынға соғады. Колибрилер Жоғары-төмен ұшу Колибрилер – қанаттарын шеңбер бойымен қаға алатын жалғыз құстар. Олар жоғары қарай, төмен қарай, жанына қарай және айналып та ұша алады. Сонымен қатар, бұл – артқа қарай ұша алатын жалғыз құс.
Колибрилердің 320 түрі белгілі. Олардың көбі Оңтүстік Америкада кездеседі.
Олардың ішіндегі шамамен 16 түрі Америка құрама штаттары мен Канадада жұмыртқа салса, қалғандары Орталық және Оңтүстік Америкада өмір сүріп, көбейеді.
Күзде Орталық, Оңтүстік Америка мен Батыс Үндістанға қысты өткізу үшін орын ауыстырады.
Колибрилер – тағам талғамайтын құстар. Олар гүлдердің шырындары мен сірнелерін, жәндіктер мен өрмекшілерді қорек етеді.
Тапсырмалар:
Мәтінге сәйкес сөйлемді аяқтаңыз. Колибрилердің көбінің түсі ...
A) көк ала B) қызыл сары
C) ала- құла D) шұбар
2. Калибри құсы басқа құстарға қарағанда немен ерекшеленеді
A) артқа қарай ұша алады B) ұша алмайды
C) қанаттары үлкен D) жәндіктермен қоректенеді
3. Калибри құсы қайда кездеседі?
A) Канадада B) Үндістанда C) Парижде D) Америкада
4. Калибри немен қоректенеді?
A) жәндіктер мен өрмекшілерді
B) гүлдердің шырыны сірнелерін, жәндіктер мен өрмекшілерді
C) гүлдердің шырыны сірнелерін D) дұрыс жауап жоқ
2-мәтін. Нұсқаулық: мәтінді мұқият оқып шығыңыз және тапсрмаларды орындаңыз.
Ұлу - Жер бетінің ең ежелгі тұрғындарының бірі. Ұлулар- соқыр және саңырау, тек қана жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ұлу 15 жыл өмір сүреді. Суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Олар жұмыртқалау арқылы көбейеді.
3- 4 аптаның ішінде, бұл ұлы – 85 нәресте әкелуі мүмкін. Туылған кезде, қабығының түсі мөлдір болады. Қабықтың мықтылығы, ағзадағы кальцийдің мөлшеріне байланысты. Тістерінің саны кез -келген акуладан көп, шамамен 25000! Ұлулар өте ақылды жануарлар.
Ең үлкен түрі – Австралиялық ұлу. Оның салмағы – 40кг, ал ұзындығы- 30см дейін жетеді. Олар құрт -құмырсқалармен қоректенеді. Тұз бен қант, бұл жануарлар үшін улы. Қауіп төнген жағдайда, өз қабығына толығымен тығыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: |