Қазақстан Республикасының білім министірлігі
Болашақ жоғары колледжі
Реферат
Тақырыбы: Цифрландырудың қазіргі білім берудегі орны .
Орындаған: Өсербай.Н.
Қабылдаған: Кенжаев А.
Шымкет 2022
Кіріспе:
Тақырыбы:Циврландырудың қазіргі білім берудегі орны.
Негізгі бөлім:
1. Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт.
2.Цифрлық білім беру заманауи оқытудың кілті.
3.Цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісіне қолдану.
Цифрлық технологияның білім берудегі орны
Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл – білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті мәселе болп отыр.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.
Цифрлық білім берудегі әлеуметтік желінің алатын орны
Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр.Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын
маңыз алуда.
Цифрлық технология болашаққа – батыл қадам.
Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор
қарқынымен дамып келеді.
Цифрлық технологияның қызмет көрсету сапасын арттыруға, шығындарды төмендетуге және тұрғындар мен бизнеске уақытты үнемдеу. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсетудің 80 пайызы электронды форматта жүргізілмек. Бұл жыл сайын 40 млн-ға дейін қағаз түріндегі анықтаманы қысқартуға және электрондық нұсқадағы қызметтерді жылдам алуға, сонымен қатар 2021 жылға дейін 12,5 миллиардтан аса теңге қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бермек.
Қашықтан білім беру технологиялары оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оffline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырылады.
Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жаңа әдістер мен ресурстарды кеңінен қолдануда.
Білім берудегі бұлттық технологиялар
Шын мәнінде, барлық айырмашылық тек деректерді сақтау мен өңдеу әдісінде. Егер барлық операциялар сіздің компьютерде орындалса (оның қуатын қолдана отырып), онда бұл «бұлт» емес, бірақ егер процесс желідегі серверде орын алса, онда бұл әдетте «бұлтты технология» деп аталатын сәнді нәрсе. .
Басқаша айтқанда, бұлтты технологиялар - бұл өз мақсаттарына, міндеттеріне, жобаларына жету үшін пайдаланушыға Интернет қызметі ретінде ұсынылатын әр түрлі аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету, әдістемелер мен құралдар.
Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр.
Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.
Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын цифрлық платформа құру мақсаты Цифрлік Қазақстан -2020 Елбасымен ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.
ХХІ ғасырдың икемділігі мен құзыреттілігіне келсек, олар бастауыш мектептен бастап барлық білім беру қызметінде қалыптастырылуы керек. Білім беруді цифрландырудың, атап айтқанда жалпы білім беру жүйесінің іске асуының кейбір аспектілеріне тоқталайық.Соңғы уақытта жеке тапсырмалардан бастап тағайындалған құзыреттерді қалыптастыру үшін толық курстар мен модульдерге дейін ашық жалпы білім беру, жалпы дамудың онлайн-ресурстарын құру және пайдалану үдерісі белсенді түрде жүргізілуде. Онлайн курстардың бірыңғай платформасы баршаға ақпараттық ағындарға жылдам бейімделуге, ақпаратты бағалауға, ерекше жағдайларда шешімдер қабылдауға, бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасырдағы дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
Халық өмірінің әлеуметтік парадигмасын қайта цифрландыру, ол адамдардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа білім алу мүмкіндігін ашады. Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі - желілік қызмет, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шалғай шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер. Желілік технологияларды қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері - бұл икемділік, ұтқырлық, өндіріс қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа ағындарды қабылдауға бағдарлау.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.
Ал, Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі цифрландыру бағытында бірнеше міндеттерді айқындады. Олар:
ü орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту;
ü білім беру мен ғылымды басқару процесін автоматтандыру;
ü Ақпараттық технологиялар мамандарын оқыту.
Бірінші бағытта (орта білім берудегі ақпараттандыруды дамыту) министрлік орта мектептерде «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнін оқу бағдарламасына ерте оқытуды ұсынды. Сонымен, ведомство бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 3-сыныптарға, 2019-2020 оқу жылында 4-сыныпқа және 2020-2021 оқу жылында 1-2 сыныпқа енгізу жоспарланды. Жоғары сыныптарға 5-11 сыныптардың оқыту бағдарламаларына STEM бағытын қосу міндеттелген.
Екінші бағытты қарастыратын болсақ, мұнда білім беру мен ғылымды басқару процесін автоматтандыру жатады. Осыған байланысты, балабақшаларға кезекке тұру, жолдама беру автоматтандырылды. Сонымен қатар, мектептерге қабылдау және ауысу электронды түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, құжаттардың қағаз түрінде жүргізілуін болдырмауды басшылыққа ала отырып мектептерде электронды журналдар мен күнделіктер жұмыс жасауда. Кез келген ата-ана күнделікке интернет арқылы кіріп баланың алған бағасын көре алады.
Үшінші бағытта IT-мамандарды даярлау маңызды. Қазақстанда осы мамандық бойынша жоғары білім беру гранттары жыл сайын артып келеді. Сондай-ақ, STEM бағыты бойынша кадрлар даярлауда өзекті болып тұр. Болашақта оқушылардың жан-жақты қабілеттерін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге тәжірибесі жетерліктей болуы тиіс. STEM-білім беру жүйесінде осы айтылғандар қамтылады. STEM-білім беру артықшылықтары: оқушының сыни тұрғыдан ойлауы, ғылымитехникалық білімді күнделікті өмірде пайдалануы, командамен жұмыс жасау, жобаларға креативті көзқарас және сенімділігінің жоғарылауы. Бұл жүйеде STEM элементтерін, робототехника, виртуалды шындық, 3d-модельдеу қолдануды және бағдарламалау тілдерін меңгереді. Бұл мамандардың да цифрланған қоғамға әкелер пайдасы зор. Өйткені, қазіргі таңда оқу үрдісінде көптеген жаңа технологияларды қолданудамыз яғни интерактивті тақта, компьтерлік бағдарламалар, мобильді қосымшалар және виртуалды шындық технологиялары. Мұндай әдіспен жұмыс жүргізу сабақты тиімді өткізуге көмектеседі және мұғалімнің жұмысының оң нәтижесі байқалады. Білім берушінің міндеті – жаңа оқу бағдарламаларын ұсынып, жаңа тәсілдерді уақытында пайдаланып, жақсы нәтижеге жету. Осылайша бұл мамандардың оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуына қосар үлесі мол деп сеніммен айта аламыз
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Білім және ғылым министрлігі бірқатар маңызды жұмыстар жасағанын айтып өткен дұрыс. Республикамызда мұғалімдердің цифрлы сауаттылық бойынша білімдерін кеңейту және арнайы оқыту курстарынан өтуі жолға қойылған. Бұл мәселе бойынша «Өрлеу» АҚ филиалдары мен Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында мектептердің информатика пәнінің мұғалімдеріне дәрістер тұрақты ұйымдастырылады. Бұл курстарда ұстаздар білім саласындағы соңғы жаңалықтармен, технологиялармен танысып, біліктілігін арттырады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бірнеше салаға серпін бергенін айтып өткен жөн.
Заман ағымы бір орында тұрмайды, әрқашан өзгеріп, жаңарып отырады. Онымен бірге адамдардың тұрмыс‑тіршілігі мен қажеттіліктері де өзгереді. Жаңа қажеттіліктерге сай мамандар даярлау үшін білім жүйесі де трансформацияланып, уақыт ағымына ілесіп отырады. Осы жағдайда білім беру технологияларының, форматтарының уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғыруы қалыпты құбылыс. Бүгін өзекті болған кейбір құралдар мен нормалар, ертең маңыздылығын жояды. Мысалы, бүгін біртіндеп дамып келе жатқан виртуалды шындықтың білім беру жүйесіне енуі, басқа шарттарды талап етеді. Осындай өзгермелі әлемде мемлекеттегі білім саласына жауапты шешім қабылдаушылардың міндеті өзектілігі артып келе жатқан технологияларды ерте аңғарып, оны басқалардан бір саты бұрын енгізе білу. Бұл азаматтардың да, мемлекеттің де бәсекелік қабілетін күшейтеді.
Жалпы, заман талабына сай, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру жүйесін цифрландыру өте өзекті деген тұжырым жасауға болады. Сол себепті әлемнің көптеген елдері арнайы бағдарламалар қабылдап, заманауи технологиялардың білім саласында қолданылуын кеңейтуге ұмтылып отыр. Қазақстан да бұл салада жағымды өзгерістердің жүргізіліп жатқандығы, мемлекеттік қолдау мен инвестицияның жоғарылығы, еліміздің осы бағытта әлемнің кез келген елімен бөлісе аларлық тәжірибесі барлығы анықталды. Бұдан отандық білім жүйесі заманауи технологияларды меңгерген, сапалы кадрлар даярлауға қабілетті деген ой түйіндеуге болады.
Қорытынды:
Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |