Жер шарында жеңіл атлетикамен көптеген қарапайым адамдар айналысады.Спортшыларды дайындау үшін кез келген спорт түрінде жеңіл атлетикажаттығулары пайдаланылады. Жаттығулар мен жарыстар кезіндефизиология, биохимия, биомеханика, спорттық медицина, дене тәрбиесі мен спорт теориясы және т.б. ғылымдардың дамуына көмектесетін ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Жеңіл атлетикалық жаттығуларды ерте балалар бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына дейін ауқымды түрде қолданады. Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді. Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор. Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді. Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді. Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады: -спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі; - ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы; - келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы; - дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы. Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру мамандарын дайындаудағы «Жеңіл атлетика» курсының тапсырмалары мен мазмұны: Жеңіл атлетика - дене шынықтыру маманын дайындау барысында және осы мамандықта оқымайтын студенттерді дене тәрбиесіне тәрбиелеу барысында оқу тәртібі сияқты маңызды рӛлдердің бірін атқарады. «Жеңіл атлетика»курсыныңнегізгіміндеттері тӛмендегілер болып табылады: -дене шынықтыру факультетінің студентеріне теориялық білімін меңгерту; - жеңіл атлетика түрлерінің техникасын үйрену үдерісінде қажетті ептілік пен дағдыларды игеру; - техникалық элементтерді орындағанда, сенімділікті, қателікті түзете білуді қалыптастыру; - оқу жүйесін дұрыс қалыптастыру және үйрету; - жоғары спорттық нәтижеге жету үшін және қозғалыс техникаларын тиімді үйрену үшін қажетті физикалық сапаны дамыту; - жеңіл атлетикада бапкерлік қызметтің машықтары мен ептіліктерін қалыптастыру. «Жеңіл атлетика» курсының мазмұнына жеңіл атлетика түрлерінің техникасы, арнайы жаттығулар кіреді. Жүйелі түрде жеңіл атлетика жаттығуларын үйрету тәсілдері мен техникалары қарастырылады. Спорттық жаттығулармен қатар теориялық және практикалық үлгілері кӛрсетіледі. Жеңіл атлетика курсына қатысқан адамның ӛмірге деген құштарлығы оянып, сал адам ауруын ұмытып кетеді.
1. Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж. 2. Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1. 3. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994. 4. Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері». Алматы, «Кітап», 2001.