Ханс Риндсбахер өзінің «Иістен сөзге: Патрик Зюскиндтің «Парфюмер» романындағы жиірек көрінетін сәулеттік қалыптау (модель), пейзаждық және жаратушы қалыптасуы (модель), парфюмерлік іс қалыптауын (модель) атайды.
Зюскинд баяндаушысының иіс туралы әңгіме үшін таңдап алған алғашқы қалыптарының бірі ‒ сәулеттік. Шындығында бұл екі басқышты қалып сипатын иеленіп, «нағыз» ғимараттың құрылысы баланың кубик ойыны ретінде көрінеді. «Бұлар ‒ таңғажайып фантазия, ол (Гренуй) оларды өзі жасап және сол жерде кубик ойнаған бала сияқты ешбір шығармашылық ұстанымсыз іскерлікпен және деструктивті түрде талқандайды».
Плон дю Канталь жанартауының қойнауында жүрген уақытында Гренуй иістер жадының нағыз оргиясына беріледі. Мұнда баяндаушы иістерді беру үшін кітапхана және шарап коллекциясы қалпын (модель) қолданады.
Қысқаша айтқанда баяндаушы иістің пейзаждық қалпын «көктемнің көкорайынын хош иіс лүпілін, мамырдың жылы самалын суреттей отырып» жасайды. Бірақ баяндаушы Гренуйдің ішкі әлемінде ешбір заттың болмағанын, тек хош иістердің болғанын жеткізіп, мұны әлемдік пейзаж ретінде атайды. Бұған қарамастан Гренуй бұл сахнада Жаратушы «теңдессіз Гренуй» ретінде сипатталады. Және ол жыртылып тастаған тың жерде әмірлі кейіппен, адымдай басып, әр түрлі хош иістерді себумен болды... Ұлы Гренуй мұның өте жақсы, тіпті де жақсы екенін көрді.
Романда иістерді беруде сонымен қатар музыкалық қалыптау оның жаратылыстан да бар. Баяндаушы Гренуй ‒ баланың жаратылысынан тыс, ерекше иіс сезу қабілетін ең жақсысы музыка әлемімен теңестіру қажет деген сөзін беретін сәтте қолданады.
Постмодернизмнің әр алуан белгі-сипаттарының қазақ әдебиетінде көрініс табуы соңғы кездегі зерттеулерде бой көрсетіп жүр. «Тоқтала кететін бір мәселе ‒ қазақ әдебиетіндегі постмодернизм жайы. Постмодернизм 1970-80 жылдары негізінен Батыс елдерінің мәдени-рухани өміріне қатысты айтылатын. Постмодернизмнің тұжырымдамасы толық аяқталып, анықтамасы қалыптасып біткен деуге негіздер әлі жоқ».
Постмодернизм белгілерін қазақ әдебиетінде тіпті ХХ ғасырдың алғашқы кезеңдерінен бастайтын көзкарастар да бар. «С.Ерубаев пен С.Сейфуллин туындыларындағы интертекст, реминисценция, авторлық тұлғаның еркіндігі көзге ұрса, 1960-1970 жылдардағы қазақ | прозасында Т.Әлімкүлов, А.Нұрманов,, Ә.Тарази, С.Мұратбеков, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев М.Мағауин, Т.Әбдіков, Р.Сейсенбаев, Т.Нұрмағанбетов, Д.Досжанов т.б. туындыларында қолданыстағы жағымды, жағымсыз тұлғалардың орнына жан дүниесі мен сыртқы ортаның алшақтығына байланысты дәстүрлі этномәдени талаптар үшін оғаш қылықты «өзгеше» кейіпкердің пайда болуы, сайқымазақ (пародия) элементтерінің кездесуі, шартты түрдегі түсініксіздік, «қара» юмор нышандары модернизммен бірге постмодернистік дүниесезіну модустары дүниеге әкелгенін аңғартты».
Қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм сипаттарын Д.Амантай,
А.Жақсылықов, Т.Шапай, А.Ысқақов т.б. табуға болады.
Модернистік әдебиетте дәстүр маңызды рөл атқарса, ал постмодернизм бұдан бас тартады. Оны негізгі шарты деп санайды.
Американдық әдебиеттанушы Ихаб Хасан постмодернимзнің 11 қасиетін атайды: белгісіздік, фрагментарлық, деканонизапция, өзіндік, «менін» жоғалту, ирония, гибридизация, карнавальдылық, құрастырмалылығы және т.б.
Американдық әдебиетші Лесли Фидлер бұл ағымның тағы бір ең басты сипатын анықтап берді. Ол ‒ бүгінгі постмодерн тікелей попмәдениетпен байланысты ғана емес, сонымен табиғаты бір. Ол бұл қатарға Батыстың ортанқолды басылымдары мен арзан киноларын да жатқызады.
Орыс зерттеушісі И.С.Скоропанова постструктурализм мен деконструктивизмнің теориясы мен тәжірибесінен пайда болған постмодернизмнің бірнеше типтерін анықтайды. Олар: нарративті постмодернизм, лирикалық постмодернизм, лирикалык-постфилософиялық, шизоаналитикалық постмодернизм, феминистік постмодернизм.
Ағым жайында постмодернизмнің ең жаркын өкілі, жазушы әрі сыншы Умберто Эко былай деп жазады: «Постмодернизм есепке алынған xронологиялық құбылыс емес, ол сондай бір рухани хал-күй. Осы тұрғыда әрбір дәуірдің өз маньеризмі бар. Біздіңше әр дәуір өз уақытында Ницщенің «Уақыты келмеген толғаныстарда» сипатталған дағдарыс табалдырығына келеді».
Әдеби постмодернизм теориясына қатысты өрбіген бір алуан көзқарастар сипаты жоғарыдағыдай болып келеді. Алайда жаңа дәуір эстетикасының теориясына қатысты аяқталған, толық анықтама беріліп, соңғы нүктесі қойыла қойған жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: Ағымдар мен әдістер. Қарағанды, 2009.
344 б.
2. Майтанов Б. Қазіргі қазақ прозасындағы модернистік және постмодернистік ағымдар//«Қазақ әдебиеті» газеті, 2004. №43. 8-9 б.
3. Ісімақова А.С. Бүгінгі постмодернизм//ҚР ҰҒА-сының хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. №4. 2008, 3 б.
4. Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: Ағымдар мен әдістер. Қарағанды, 2009.
364 б.
5. Ролан Барт. Семиотика. Поэтика. М., 1989 №С.390, 391.
Достарыңызбен бөлісу: |