ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Әдеби үдерістегі модернизм және постмодернизм ағымдары»
Орындаған: Әбді Ақнұр
Мамандық: КФ91нп – «Қазақ филологиясы»
Тексерген: ф.ғ.к., доцент Жамбек С.Н.
Көкшетау қаласы, 2020 ж
Әдеби үдерістегі модернизм және постмодернизм ағымдары
Модернизм және постмодернизм ұғымдары соңғы жылдары үлкен талқыға түскен мәселе, әдеби тақырып десек те болады
Модернизм (бұл жерге декаданс, экспрессионизм, экзистенциализмді қосамыз) адамның және құндылығын романтикалық асқақтанумен байланысты болып келіп, жеке тұлғаның қоғамнан толық қол үзуін, оған мүлде әртекті болмыс субстанцияны қарсы қою сипатын көрсетеді. Бұл көркемдік жүйенің нақты түпкі негізі тұлғаның әлеуметтік жатсынуы болып келіп, ол ХХ ғасырда әсіресе тоталитарлық жүйесі бар елдерде шектес шиеленісті сипатта, өткір түрде көрініс тапты. Бұл тұрғыда модернизм мәні тұлғаның көркемдік-шығармашылық өзектілік сипаты мен ортаны әлеуметтік жатсынуын белгілі тұрғыда асқақтатуымен танылады. Осы негізде модернизм әдебиеті көптеген шынайы көркемдік құндылықтар туғызды.
Модернизмнің мазмұндық мәні экспрессионизм және экзистенциализм әдебиеттерінде әжептеуір, айқын түрде көрінеді.
Экспрессионализмде әлем заттар, оқиғалар, Идеялардың хаостық бейберекеттілігі сипатында көрініп және осылардың ортасында жалғыз қалған дара тұлғаның өз тағдыры үшін үнемі қорқыныш сезім күйінде болуы суреттеледі. Мұның жарқын үлгісі ‒ Ф.Кафка шығармашылығы. Оның шешуші романы «Процессте» дуал қоқысында сот үнемі мәжіліс құрып, сот істеріне ешбір қатысы жоқ, бірақ бірдеңе үшін жауап беруі тиіс адамның үстінен сот істерін (процессін) жүргізеді. Қоғамда адам жатсынуының шектен тыс күйін образды түрде мүмкіндігінше «Превращение» («Құбылу») әңгімесінде берілген. Онда да кейіпкер, тәртіпті коллективтер, отбасының қамқор мүшесі, шешуі сәттерде күтпеген жерден өзінен жәндікке тән ерекше белгілерді байқап, жәндікке ұқсас тіршілікке айналады. Енді өзі бір кезде толығымен берілген, сенген ортасы одан кері айналып, оған мүлде жат, жау күйде көрініс береді. Грегор Замзаның жәндіктектес тіршілікке айналуы адам мен қоғамның модернистік тұжырымдамасын берудегі, жеткізудегі гротескінің әркилылығын сипаттайды.
Экзистенциялық әдебиетте қоғам қатаң, өктем жүйе ретінде адам даралығына (еркіндігіне), оның жеке тіршілігіне мүлдем жат күйде көрініс табады. Жеке тұлға өзінің тән болмысын сақтау үшін, өзін белгілі бір рөлді иеленіп, соны ойнайды.
Өзінің экзистенциалдық философиясына көркем параллель болып келетін Сартр шығармашылығында, қаһарман шешуші сәттерде мүлдем еркін тіршілігін ашық білдіреді.
ТаланттыТалантты неміс жазушысы, экзистенциалист Г.Носсактың «Спираль» романындағы түрмеге кесілген қаһарман, өзін үлгілі тәртібі үшін түрмеден босататынын коркынышты күйде қарсы алады. Рақымшылық оған ешқандай қуаныш әкелмейді. Түрме ол үшін нағыз рақат (идеалды) жағдай болып есептеледі. Сыртқы жағдайлар ‒ жалпы роман қаһарманы үшін соншалық маңыз ойнамайды. Бұл ‒ жеке тұлғаның ешкім қол жетпейтін шынайы әлемін жасырған қабық немесе жай орама, бүркеме ғана. Бұл бүркеме берік, сенімді болған сайын, өзінің жабык, ішкі әлеміндегі адамда өзін тым тыныш сезінетін болады.
Қазак әдебиеттану ғылымы да соңғы жылдары модернизм мен постмодернизмге айрықша назар аударып отыр. Модернизм мен постмодернимзнің қазақ әдебиетіндегі көріністері мен сипаттары жайында тұшымды пікірлер мен тұжырымды ойлар айтқан Б.Майтанов бұл ұғымдар туралы былай деп жазады: «Сәл ертерек дәуірге көз салсақ, модернизм мен постмодернизмге хас мәтін кұрамының байлығы мен әркелкілігі М.Әуезовтың_«Қорғансыздың_күні»_,_«Жетім»_,_«Бүркіт_аңшылығының_суреттері»_,_Ж.Аймауытовтың_«Елес»_,_М.Жұмабаевтың_«Шолпанның_күнәсі»'>М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Бүркіт аңшылығының суреттері», Ж.Аймауытовтың «Елес», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», С.Сейфуллиннің «Біздің тұрмыс» шығармаларынни мол аңғарылады. Аталған туындылардағы интертекст, реминисценция, аллюзия көріністері өмір шындығын қалыптағы реалистік баяндаудан гөрі оны қабылдаушы субъектімен арақатынаста, жан-жакты танытуда зор нарративтік рөл атқарды. Модернистік прозада шарыктап дамыған сана ағымын суреттеу өнері М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мәтіндерінде салттық дәстүр есімдерін қалыптастырды. Поэзияда символизм мен импрессионализм көріністер, прозада экзистенциализм мен экспресионализм (фрейлшілдік сарын) эстетикасына тән белгілер күрделі дүниетанымдық, көркемдік ізденістерге мұрындық болғанын жоққа шығару қате».
1960-80 жылдардағы казақ прозасындағы модернизм сипаттарына әдебиеттанушы-ғалым Ж.Жарылғапов та назар аударған. Модернизм әдебиетінің ұстанар басты принциптерінің бірі көркем шығарма тінін сана ағымына орайластыру десек, мұндай сипат 1960-80 жылдардағы казақ прозасында анағұрлым басымдылыққа ие болды. Мұндай үдеріс әсіресе, Ә.Кекілбаев, Т.Әбдіков, О.Бөкей, А.Сүлейменов, Қ.Ысқақов, А.Нұрманов, М.Мағауиндердің стильдік бағдарына тән еді. Кезінде американ психологі және философы У.Джеймстің «Психологияның ғылыми негіздері» (1890) атты еңбегінде тиянақталған «сана ағымы» тұжырымдамасы классикалық реализмдегі кейіпкерлердің белгілі бір рухани-психологиялық күйін бейнелеуге қолданатын шикі монологынан біршама өзгешеліктері бар. Реалистердің көпшілігі қолданған ішкі монолог бойынша ой заттық-құбылыстық фактыға негізделді. Модернистерге дейінгі әдебиетте көркемдік ойлау сананың ақиқат болмысқа деген рефлекциясы ретінде түсініліп келсе, сана ағымы ақиқат әлемінен қол үзуге дейін барды.
Модернизм әлем әдебиетінде «Поколение 1898 г. и модернисты» деген атпен Испания әдебиетінен көрінген. Бұл терминді енгізген тарихшы Хайме Висенс Вивес.
«Модернизм ‒ бұл тек натурализмге ғана емес, жалпы дәуірдің улитарлық рухына, тұрпайылықтың дөрекі немқұрайлылығына деген реакция болып табылады. Модернизм деген ашкөздік, қомағайлық жайлаған әлемнен шыға отырып өнер арқылы тіршілік тауқыметі мен күресінен титықтаған, шаршаған жандарға өзімшілдер тобыры ұрлаған заңды сезімдерін қайтара отырып рух беру, күш беру, серпіліс әкелу, жаңғырту болып табылады (История всемирной литературы)».
Модернизм бағытының ағымдары: 1910-1932 жылдары ‒ экспрессионизм, 1917-1939 жылдары ‒ авангардизм, 1950-1960 жылдары ‒ неоавангардизм,
1970-1980 жылдары ‒ постмодернизм.
Авангардистік ағым түріне енетіндер: футуризм, поп-арт, соц-арт, арт -дизайн, инсталяция, хэппининг.
Модернизм ағымы: имажинизм, символизм, акмеизм, фовизм, субизм, экспрессионизм.
2) модернизмнен кейін өнер тарихындағы шеруді постмодернизм жалғастырады. «Постмодернизм ‒ бүгінгі әдебиеттанушылар көп талқылап келе жатқан әдеби құбылыс. Біреулер оны екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болды десе, екіншілері АҚШ-тан келгенін алға тартады.
Анығында да бұл ағым модернизмнен кейін пайда болған. Әдеби модернизм біркелкі емес, әртүрлі топтардан тұратыны белгілі. Ал постмодернизм бүгінгі әдебиет үшін басты ағым».
Бұл термин алғаш рет 1917 жылы неміс философы Рудольф Панцвиценнің «Кризис европейской культуры» деп аталатын еңбегінде қолданылған екен. Постмодернизмнің теориялық түсініктерін АҚШ-тың Йель университетінің әдебиеттанушы мамандары (Ельцкий университет) қалыптастырған.
Екіұштылық, көпмағыналылық, күдік тудыру ‒ постмодернизмнің басты ұғымдары. Бұрынғы дәстүрлі бір ізге түспеушілік, оқиғалардың мерзімі, уақыты анық болмауы бұл ағымның тағы бір сипаты. Осы тұрғыда американдық мәдениеттанушы Ф.Дженсон былай деген: «Сондықтанда постмодернизмдегі стильдік бағыт деп емес, мәдениеттің доминанты (тұрақты, берік тұғыры) деп түсінуіміз маңызды». Ол мәдениет әрине тоқыраған, астан-кестені шыққан күйде болып келеді. И.Хассан бұл мәдениет өкілдерін «табиғатты мәдениетке, ал мәдениетті ‒ имманентті семиотикалық жүйеге айналдырады» - деп айтқан болатын.
Постмодернистік әдебиет тоқыраушылық, дағдарысты көқарас, адам рухының белгілі бір кезеңін ‒ жұмақты аңсаушы, бірақ соған жету мүмкін еместігін сезінген жанның күйзелісін бейнелейді.
АҚШ-та көркемдік құбылыс ретінде пайда болып, әуелі сәулет өнері, мүсін өнері, бейнелеу өнері сияқты кескіндік өнерде, сонымен қатар дизайн, бейне клиптарда өркен жайған постмодернизм кейінірек әдебиет пен музыка саласына да шапшаң тарап үлгерді. Оның теориялық байыпталуы едәуір кешіккенмен француз постфрейдистері мен деконструктивистерінің философиясында негізделгеннен кейін бұл олқылық қалпына келтірілді.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың өркендеген дәуірінде қалыптасқан постмодернизм плюрализм мен төзімділік белгілерін өз бойынан өткере отырып, көркемдік көрінісінде эклектизм сипатын иеленеді. Суреткерлер классиктердің аллегориялық тілін, барокконы, ежелгі мәдениеттің символикасын қолданады. Постмодернистердің шығармалары ойын кеңістігі ретінде көрініп, онда мағыналардың еркін қозғалысы орын алады. Алайда өзінің айналымына әлемдік көркем мәдениеттің тәжірибесін енгізе отырып, постмодернистер мұны әзіл, гротеск, пародия, көркемдік цитация тәсілдерін кешінен қолдана отырып, коллаж, қайталау арқылы іске асырады.Әртүрлі көркемдік жүйелерді еркін иелену жолымен жүре отырып, постмодернизм ортак әлемдік мәдени кеңістік қалыптастыра отырып, оларды теңестіргендей болды. Тек кейбіреулердің ғана қабылдауына ашық модернизмге антитеза ретінде пайда болған постмодернизм барлығын ойын пішініне түсіре отырып, бұқаралық және элитарлық тұтынушылар арасындағы алшақтықты жақындатқандай болды.
Американ әдебиетіндегі постмодернизм өкілдерін бәрінен бұрын «қара юмор» мектебінің негізін қалаушылар есімдерімен байланыстырады. Олар: Джон Барт, Томас Пиниена, Джеймс Патрик Данливи, Дональд Бартельми. Ықпалды постмодернистер қатарында Дон Делилло, Джулиан Барнс, Уильям Гибсон, Владимир Набоков, Джон Фаула, Джейме Джойс және т.б. жазушылар аталынады.
Орыс постмодернистерінің қатарында Владимир Набоков, Виктор Пелевин, Владимир Сорокин, Саша Соколов, Владимир Ерофеев сияқты жазушылар есімдері айтылады. Олардың барлығы Владимир Сорокин шығармашылығының ертедегі кезеңімен Виктор Пелевин шығармашылығының соңғы кезеңін еске алмағанда, өздерінің қайталанбас көркемдік әлемін «бұрынғы» мәдениетке агрессиялық шабуылсыз, жеткілікті түрде байыпты және шебер құрастырады.
Қазіргі постмодернистік әдебиетте Зюскиндтің_«Парфюмер»'>Патрик Зюскиндтің «Парфюмер» (1985), Умберто Эконың «Имя розы» (1970) романдары алабөтен, ерекше аталады. Постмодернизмнің мәдени дискурсы да осы шығармалар арқылы айқындалып отыр.
1985 жылы «Диоген» баспасында Зюскинд «Парфюмер» (төл атауы «Реrfume» - «Хош иіс» - «Аромат») романын жариялатады. Бұл роман оған әлемдік даңқ әкеледі. Өзінің ең танымал шығармасы жөнінде Зюскинд: «Мұндай романды жазу сұмдық. Мұндай қадамға тағы да бір барам деп ойламаймын», - деген болатын.
«Парфюмер» латынь тілін қоса есептегенде 46 тілге аударылған. Роман «Бір кісі өлтірушінің тарихы» деген қосымша атау иеленіп Жан Батист Гренуй туралы баяндайды. Романның жарық көруін әдеби сын «күреске шақыру» деп қабылдады. Рецензенттер «Зюскинд біздің бос кеңістікке барлық бактериялар, кітаптар, мыңдаған иістерден арылған кеңістікке өз шығармасын шиырып жіберді. «Парфюмер» ‒ хош иіске толы тұңғыш роман», - деп жазды.
Тура базарда барлық сатушыдан туған Жан Батист Гренуй әлемдік әдебиеттің кембағалдық таңбасы салынған Квазимодо, Ричард III, герцог Глостер сияқты персонаждар қатарына жатады. Сұлулықтан жұрдай кісі өлтіруші Гренуйдің әрбір қадамы мынау өмірге деген өшпенділікке толы.
Сонымен бірге өмірдің өзі Зюскинд романында кембағалдық пен құлдыраудың бой көрсетуі арқылы көрініс табады. Неміс сыншылары «Парфюмердің» авторы Ницще, Фуко, Грасса, Канеттилары әсерінде болғанын атап көрсетті, бірақ мұның өзі оған төлтума, сонымен бірге XX ғасырдың шүбәсіз ең қызғылықты шығармасын тудыруға кедергі келтіреді. Сегіз жылдан артық роман бестселлерлер тізімінен түспей, 33 тілге аударылды. Бұл шығармадан Латын Америкасының магиялық реализміне деген еуропалық жауапты таныды (аңғарды) әдеби орта.
Зюскинд романы түгелдей алдын-ала ойластырылған ұғымдық қоспалардың жиынтығы ретінде оқылуы мүмкін және бұл қоспалар жеткілікті мөлшерде дәл болған фрагменттер көбіне табысты болып, тұжырымдамалық тұрғыда дәл және еркіндігін сақтап, қиялға орын қалдырады. Ол иістік – тілдік жақындасу үдерісін байқатып, сонымен қатар оқырманның иістік тәжірбиесін жұмылдыра іске қосып, бұл тәжірбиеге белгілі бір шек жүктейді.
«Парфюмердің» өн бойында иістік образдардың інжуі, өсімдіктер мен гүлдер, аңшылық, жануарлық сезім, адам денесі, оның иесі, естелік, көпшілік оргия және парфюмерия көрініс беріп, осының барлығы сезімдік қабылдаумен тікелей байланысты семантикалық өріс ретінде танылады. Егерде біз қарастырып отырған мәтінде қандайда бір ашық нәрсе құпияланса, онда ол міндетті түрде әралуан метафоралық моделдердің көмегімен нақтылы сипатталған иіс феномендерінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |