Реферат тақырыбы: Электрлік өлшеулер, өлшеу қателіктері жөнінде түсінік



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі43,42 Kb.
#186964
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
электротехника реферат

Өлшеу қателіктері.Өлшеу құрал-жабдықтарының техникалық сапасының төмендігі және өлшеу тәсілдерінің жетілдірілмегендігі нәтижесінде шаманың өлшенген мәні оның шын мәнінен ауытқу мөлшері өлшеудің қателігі болып табылады. Қателікке сыртқы жағдайдың (температура. ылғалдық т.б.) өзгерісі мен тәжірибешінің шеберлігі де әсер етеді. Қателіктер әрдайым қайталанып отыратын жүйелі және кездейсоқ болуы мүмкін. Жүйелі қателік өлшеу тәсіліне және өлшеуіш аспаптың кемшіліктеріне байланысты туады. Сондыктан олшеу кезінде ол тұрақты болып қалып отырады. Жүйелі қателіктерді болдырмау үшін өлшеу тәсілдерін жетілдіріп, ал өлшеу аспаптарын үнемі тексеруден өткізіп отыру керек.
Кездейсоқ қателіктердің себептері әртүрлі болады және әрбір өлшеу сайын өзгеріп отырады. Бірақ өлшеу саны бір шамаға жеткенде өлшеу деректері қайсыбір заңдылыққа бағынады. Ал бұл заңдылық ықтимал шаманын таралу зандылығымен сәйкес келетіндіктен әрбір өлшеудің қателігін осы заңдылықты пайдаланып табуға болады.
Ток пен кернеуді өлшеу үшін әртүрлі жүйелі өлшеуіш аспап­тар — амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады. Мөлшері кіші токтарды өлшеу үшін гальванометрлер, микро-амперметрлер, миллиамперметрлер, ал мөлшері аз кернеулерді өлшеу үшін милливольтметрлер, микровольтметрлер қолданы­лады. Амперметрді жүктемеге тізбектеп қосқанда ол өлшенетін тізбектегі ток­ка әсерін тигізбеуі керек. Сондықтаноның кедергісі энергия қабылдағышының кедергісінен аз болуы тиісті. Амперметрдің кедергісі Ra аз болса, ол тұтынатын қуат та аз болады.
Өлшеуіш аспаптардың өлшеу шегінен үлкен мөлшердегі ток пен кернеуді өлшеу үшін тұрақты ток тізбегінде шунттар мен қосымша кедергілер қолданады, ал айнымалы токта — өлшеуіш ток немесе кернеу трансформаторлары қолданылады.
Егер амперметрмен шкала шегінен асатын токты өлшеу керек болса, онда амперметрге параллель шунт Rm қосады. Ақиқатына келгенде шунт жүктемемен тізбектеле қосылады да, ал амперметр шунтқа параллель қосылады. Шунт деп отырғанымыз жуан константан немесе манганиннен жасалған жалпақ тілікше. Шунт және қосымша резистор ретінде манганиннің немесе константанның пайдалануының себебі — олардың кедергілерінің температураға тәуелділігінің аз болуында. Егер шунт кедергісі амперметр орамасының кедергісінен 9 есе аз болса, онда 0,9 ток мөлшері шунт арқылы,тек 0,1 — аспап арқылы ағады. Бұл жерде аспаптың өлшеу шегі 10 есе кеңейтіледі.
Шунт кедергісін мынадай формуламен анықтайды:
Rш = Rа/(n—1) мұндағы Rш—шунт кедергісі;
Rа — амперметр ормасаның кедергісі;
п—аспаптың өлшеу шегі неше есе өсетіндікті керсететін сан.
Шунтты қосқан кезде аспап шкаласына көбейткіш қою керек. Шунтты амперметрді қосқанда тізбектегі нақтылы ток аспап көрсетімін оның кебейткіші сапына көбейту жолымен анықталады.
Шунтта төрт түйіспелер болады: оның екеуіне аспап, ал калған екеуіне — электр тізбегінің жалғаушы сымдары қосылады. Осылай қосқан кезде аспап көрсетімдері түйіспелердің өткелдік кедергілеріне байланысты болмайды.
Мөлшері шкала шегінен асып түсетін кернеуді өлшеу үшін вольтметрге қосымша кедергіні Rқ тізбектеп қосады. Егер қосымша резистордың кедергісі Rқ вольтметр орамасы кедергісінен 9 есе көп болса, онда екеуіне ортақ кернеудің 0,9-ы қосымша кеде-гіге, тек 0,1-і вольтметрдің орамасының кедергісіне Rв түседі. Бұл кезде аспаптың өлшеу шегі 10 есе кеңейтіледі. Қосымша ре­зистордың кедергісі мынадай формуламен анықталады:
Rқ = Rв (п — 1) бұл жерде п — аспаптың өлшеу шегінің неше есе кеңейтілуін көрсететін сан.
Қосымша кедергіні қосқанда жаңа шкала жасау керек, немесе аспап шкаласына тиністі көбейткіш қою керек. Қалқандық аспаптарда қосымша резнсторлардың кедергісі бірнеше мың Ом болатындықтан, оларды меншікті кедергісі жоғары жіңішке сымдардан орауыш түрінде жасайды.
Шунттар мен қосымша резисторларды аспаптың ішіне орналас-тырады, не болмаса өлшеу кезінде аспап қысқыштарына қосатындай етіп бөлек жасайды. Соңғы тәсілде аспаптың шкаласында «жеке шунтты» немесе «жеке қосымша резисторлы» деп көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет