Реферат
Тақырыбы:Эпидемиялық паротит вирустары
Орындаушы: Е-108 тобының студенті -Садуақас Диана
Қабылдаушы:Саймова Гулжаһан Ізбасарқызы
Эпидемиялық паротит (мысқыл)- шықшыт безінің сирек жағдайда басқа ағзалардын зақымдануымен сипатталатын, балалардың вирустық жедел инфекциясы.
Ауруды вирустар қоздыратынын 1934 жылы К.Джонсон және Э.Гудпасчер аныктады.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Paramyxoviridae
Тұқымдастықшасы: (Paramyxovirinae) Туыстастығы: Rubulavirus
Морфологиясы және антигендік қасиеттері.
Құрылысы басқа парамиксовирустарға ұксас. Сфера пішінді, диаметрі 150-200 нм. Вирионының ішінде NP ақуыз орналасқан, сыртында тікенекшелері (НА және Е гликопртеиндер) бар қабықшасы болады. Нейраминидазалық және симпласт түзуші белсенділігі бар 1 серотиптен тұрады.
Дақылдандыру.
Өсіп өндіру үшін жасуша дақылдарына (симпластар, синцитиялар пайда болады)және тауық эмбриондарына жұқтырады.
Резистенттілігі.
Қоршаған орта факторларының әсеріне төзімділігі жоғары емес.
Эпидемиологиясы.
Эпидемиялық паротит ете жұқпалы антропонозды инфекция.
Инфекция көзі - ауру адамдар. Берілу жолдары-ауалы-тамшылы, кейде сілекеймен ластанған тұрмыстық заттар арқылы жұғуы ықтимал. Патогенезі
. Вирустың кіру қақпасы жоғарғы тыныс алу жолдары. Вирустың алғашқы репродукциялануы мұрын-жұтқыншақтың эпителиалық жасушаларында және шықшыт бездерінде жүреді. Содан кейін вирустар қанға түсіп барлық ағзаларға (аталық және аналық бездер, ұйқы безі, қалқанша без, ми) тарайды және сол жерлерде қабыну үрдістерін қоздырады. Ер балаларда орхит дамып, бедеулікке әкелуі мүмкін.
Клиникалық белгілері.
Жасырын кезеңі 14-21 күн. Кесел температураның көтерілуімен, басы ауырумен, дімкәстікпен басталады. Шықшыт безінің біреуі немесе екеуінде, кейде сілекей бездерінде де қабыну дамиды. Ең жиі кездесетін асқынулар менингит, менингоэнцефалит, панкреатит және т.б. Көбінесе аурудың симптомсыз өтуі байқалады. Иммунитеті.
Эпидемиялық паротитпен ауырып тұрғаннан кейін тұрақты, өмір бақилық иммунитет қалыптасады. Микробиологиялық диагноз кою. Зерттеу заттары:
сілекей, жұлын сұйықтығы, ликвор, несеп, қан сарысуы.
Вирусологиялық әдіс (индикациялау): біріншілік жасуша дақылдарына (синцитиялар пайда болады) және тауық эмбриондарына (ГАР-мен анықталады) жұқтыру қолданылады. Серологиялық диагноз қою:
ИФТ, КБР, ГАТР (науқастан алынған қос сарысулармен қойылады)
Экспресс диагноз қою:
ИФР Емдеуі. спецификалық иммунды глобулин колдану. Спецификалық алдын алуы. Эпидемиялық паротитке қарсы бірнеше вакциналар ұсынылған: - Смородинцев ұсынған паротиттік дақылдық құрғақ тірі вакцина-Ресей (1 жастан үлкен балаларға). Нәрестелерде 6 айға дейін плацентарлық енжар иммунитет сақталады; - паротиттік қызылшалық дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей); - - қызылшаға, паротитке, қызамыққа карсы лиофильденген тірі вакцина (Индия); - ММР-қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы вакцина (АҚШ).
Достарыңызбен бөлісу: |