Реферат тақырыбы: Философия және фәлсафа. Орындаған: Ауесбек Г. Тобы: ФӨТҚБ-206-21 Қабылдаған: Жанысбеков М. А. Шымкент 2023ж



бет1/3
Дата25.02.2023
өлшемі109,26 Kb.
#170136
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Ауесбек Г философия срс1



«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Философия және фәлсафа.
Орындаған: Ауесбек Г.
Тобы: ФӨТҚБ-206-21
Қабылдаған: Жанысбеков М.А.
Шымкент 2023ж.


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Философия-даналыққа құштарлық
2.2 Философия және фәлсафа
2.3 Философиялық ойлау түрі-сын және күмәндану
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Философия – даналыққа құштарлық.


Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені адамды ешқашан өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.
Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері – туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Бұл, өз кезегінде, ойлау мектебі ретіндегі философияның алдыңғы дәрежелі рөлін растайды.
Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.
Ойлау үдерісінің нәтижесі әрдайым қандай да бір ой болып табылады. Мәнді іздестірудің ерекше саласы ретінде философия ой формасында әрекет етеді. Ол ұғымдар мен категориялардағы таным болып табылады. Категориялар – бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар. Ұғымдарды философиялық-логикалық қолдану қажетті байланыстар мен себептерге тәуелділікті анықтауға, кездейсоқтыққа толы өмірлік әсерлерді ретке келтіруге әкеледі.
Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңызлдылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады. Біздің уақытта да, яғни ғылымды көп қажетсінетін өндірістер және жоғары технологиялар дәуірінде де философ Эпикурдың: «Әзірше жас болып тұрғаныңда, ешкімде философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын» деген сөзі өзекті болып табылады.
Ақыл (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.
Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену қажет, жобалау мен жоспарлау керек, болжам жасап, жаңалық ашу қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді, мұнда өз әрекеттеріңді, ойларыңды, ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің толассыз түрде сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу.
Рефлексия – өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойлану. Ол білім алушыларға өзінің үйрену әрекеттері мен амалдарын айқындау мен нақтылау, үйренудің мақсат-міндеттерін тұжырымдау, үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу мүмкіндіктерін береді.
Сонымен рефлексияда адам әрекеттерін бір мезетке тоқтатып, жан-жағына байыппен қарап, өзіне мынандай сұрақтар қояды: «Мен кіммін? Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны қалай қолданамын? Маған мұны қалайша өзгертуге болады? Енді не істеймін?» Бұл сауалдарға ол өз алдында бүкпесіз шындық тұрғысынан адал түрде жауап береді, басқа да сұрақтарды туындатып, оларға да жауап іздейді. Адамның өзімен өзі жасаған диалогы осылайша жалғаса береді, тіпті үздіксіз сипат алады.
Осыған байланысты үйрену адамның өзінің жасаған әрекеттерін есіне түсіріп, оларды нақты айқындағанда ғана іске асырылады (мән-мағынасы, қиындықтары мен оларды шешу жолдары, түрлері, құралдары, нәтижесі, т.б.), яғни рефлексия арқылы әрекеттердің реті мен мазмұны қарастырылып (адам әр қадамын өлшеп-пішіп алады), проблема шешіледі де адам осындай тұжырымдау арқылы өзіндік пікір мен ұғым қалыптастырады. Үйрену – рефлексияның нәтижесі.
«Философия – даналыққа деген құштарлық» анықтамасының мәніне келсек, Даналық ешқашан Әлем, Адам және қоғам туралы кең білімге жетпейді. Ең алдымен адам мен оның тікелей қоршаған ортасына қатысты даналық табиғат туралы ғылымдарға қарағанда адам мен қоғам туралы ғылымдарда көрінуі мүмкін, бірақ біріншіден ол өте сирек болып табылады және оны эмпирикалық, субъективті және беттік білімнің жалпы массасынан бөліп алу қиын. Даналық адамның қызметімен байланысты, яғни ол өз өмірінде және өз іс-әрекеттерінде басшылыққа алатын құндылықтармен байланысты.
Кейбір тарихи фактілерге сүйенсек, «философ» бұл сөзді де, анықтаманы да алғаш рет ежелгі грек математигі мен ойшылы Пифагор жоғары даналыққа және лайықты өмір салтына ұмтылатын адамдарға қатысты қолданған. Еуропалық мәдениетте «философия» терминінің бекітілуі ежелгі грек ойшылы Платонның есімімен байланысты. Платонның ілімінде софия – әлемнің ақылға қонымды, үйлесімді құрылымын анықтайтын Құдайдың ойы. Адамдарды ғана сол даналыққа деген ұмтылыс, даналыққа деген махаббат мол боп келеді. Осы жолда тұрған адамдар философтар, ал олардың жұмысының саласы философия деген атаққа ие бола бастаған.
Осылайша, философияның пайда болуы ерекше руханилыққа құштарлығы, ұстанымның пайда болуын білдіреді және адамдардың өмірлік тәжірибесімен, олардың нанымдарымен, идеалдарымен әлем туралы білім үйлесімін іздеуін білдіреді. Ежелгі грек философиясында олар адам өмірінің құндылықтарымен бірге ғана мағынаға ие болып, өз білімдерінің жеткіліксіз екенін ұғындырып, кейінгі ғасырларға берілді. Даналыққа құштарлық – адамның ақыл-ойы мен барлық рухани күшін талап ететін ұмтылыс, іздеу. Бұл біздің әрқайсымыз ұлы адамдардың даналығына, ғасырлар мен біздің күндердің тәжірибесіне апарар жол, тіпті өзіміз де өтуге тиіс жол.
Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.
Философия – ерекше ғылым. Оның пәрмені мен мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды.
Фәлсафа – ортағасырлық мұсылмандық ой, Мұсылмандық ортағасырлар дәуірінің мәйегі – тарихи-философиялық зерттеулерде бірнеше атауларға ие:
- шығыстық перипатетизм;
- шығыстық аристотелизм;
- араб-мұсылмандық философия;
- мұсылмандық перипатетизм;
- арабтілдес философия.
Қазіргі таңдағы зерттеулерде фәлсафа мен мұсылмандық философия арасындағы айырмашылық туралы айтылады. Фәлсафа антикалық философиялық мұрамен байланыстырылғандықтан ортағасырлық дискурс деп есептеледі, ал мұсылмандық философия – бұл қазіргі заманғы дискурс. Бұл бағыттарды ажыратуда бар болғаны дәуірлену қажет: ортағасырлық, кейінгі ортағасырлық және т.б. «Құдіретті тарихтың аясында» (Гегель) пайда болып қалыптасқан мұсылмандық философияның мәні ең жоғары ойлау әрекеті ретінде өзгеріссіз күйінде қалады емес пе?!
Фәлсафаның өкілдері, әрине, шығармашылық тұрғыда пісіп жетілген авторлар еді. Олардың қалдырған мәтіндері өздерінің ойлау әрекеттеріне лайықты болатын.
Әрине, фәлсафа гректің «философия» сөзін білдіретін термин ретінде пайда болды, бірақ ол Құдайдың Сөзі ретінде ислами тарихта жаратылды. Мұсылмандық ортағасырлық философия – фәлсафа – бұл адамның мәнін зерде мен интеллект көмегімен қарастыратын әлемнің Құдайылық мәні түсінігіне негізделген Жаратушы туралы ілім, болмыстың түпкі мәндері туралы ілім. Мұсылмандық философия – бұл Тәңірі мен адам туралы экзистенциалдық рефлексия. Онда адамның болмысы ашылады. Бүл философия тұлғалық сипатқа ие, өйткені тек тұлға ғана жаратылыстық «мағыналылық» пен әлемнің жазмыштығын айқындай алады. Өте көп жағдайда мұсылмандық философияны фаталистік (тағдырға бағынышты) деп санайды. Бірақ барлық нәрселер Аллаһтың еркінде дегенге қарсы дәлелдер табуға бола ма? Бұл үшін тіпті сұңғыла алғыр болудың да қажеті шамалы. Мұсылмандық ортағасырлық философия бүгінгі күні «өткенде қалып қойған» жоқ, ол қазіргі философиялық дискурсқа үйлесімді енді, өйткені оның сол кездері, яғни Ортағасырларда қойған жэне шешкен мәселелері қазіргі уақытта феноменологиялық, экзистенциалды бағыттарға да, «аяқталмаған постмодерн дәуірінің» теологиялық бағыттарына да сәйкес (релевантты).
Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану (Р.Декарт: күмәндану; И.Кант: сыни ойлау).
Философия – рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі.
Философиялық рефлексияда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып, салғастырады, проблеманың байыбына жетуге тырысады. Осыдан соң адам өзі таңдап алып, көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай, оны жан-жақты қарастырады, оның оң мен солын ажыратады, кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді. Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай, өз шешіміне балама іздестіреді, жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды. Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қойып, оған жауап іздейді, жауап тапса, қайтадан сұрақ қойып, енді соның жауабын іздестіреді, оған да қанағаттанбай, әрі қарай «қаза береді», «қаза береді». Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар. Жауап іздеу, жауап іздеу, жауап іздеу. Үздіксіз іздену мен зерттеу…
Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұнда ойлау тізбекті (сызықты) түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен жылжымай, біресе алға, біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналмайды: оны дәлелдеп беру керек, оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет, оған балама келтіру керек.
Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестік) ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау.
Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан» өткізуі қажет. Ричард Польдің пайымдауы бойынша, адамдар «өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрін де ақиқат деп түсінбеуі қажет. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек». Демек, олар өмірдің барлық жәйттері мен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі, құндылығы мен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек. Сол себепті сыни ойлауды көп жағдайда «сыпайы күмәндану» деп атайды.
Кезінде Сократ «Таным негізінде күмән жатыр» деп бекер айтпаған. Біз әр нәрсеге байыппен қарап, оны екшеп-текшегеннен кейін, күмәндану негізінде туындаған сұрақтарымызға жауап іздестіріп, тапқанда ғана сол зат туралы түсінік пен пікір қалыптастырамыз. Мәселе сол затты жоққа шығаруда емес, мұнда негізгі әрекет – сол затты жан-жақты қарастыру: оған күмәнмен терең үңілу, оны күмәнмен өз тәжірибемізбен салғастыру (ол туралы не білетіндігімізді, оның қажеттілігі мен тиімділігін саралау). Мұнда үнді ақыны Рабиндранат Тагордың «Таным нұры жарқырай түскен сайын, күмән қараңғылығы қоюлана түседі» деген сөздерін де келтіруге болады. Адам көп білген сайын оның күмәні де көбейе түсетіндігі хақ.
Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды/мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақта тұрғыдан кез келген жәйтті талдауға, бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды. Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.
Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай біледі. Осылайша сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау аталмыш көзқарасты қабылдауға әкелуі әбден ықтимал. «Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге болады.
Жаңа заман философы Рене Декарт күмәндану туралы «Барлығына күмән», бұл адамды сенімді білім алуға әкелуі мүмкін деп тұжырымдайды. Барлық, тіпті, мызғымас ғасырлар сияқты көрінген, соның ішінде математикалық ақиқаттар да тексеруге жатады. Халықтың танылуы теорияның ақиқаттығының салдары емес. Сонымен, Декарт «өз ақыл-ойыңды дұрыс бағыттау және ғылымдағы шындықты табу үшін әдіс туралы пайымдауда» деп жазады. «Күмән – бұл дұрыс, бәріне күмән» – Декарттың философиясы. Оның күмән – ақыл-ойдың көмекшісі, ақиқатқа әкелуі мүмкін тәсіл. Құдай, табиғат, математикалық дәлелдер және тіпті өз өмірлері, бұл Декарттық күмәнді тудырады. Біреу бұл бүкіл философияның төңкерісін көреді, біреу ғана скептицизмнің жалғасы, тек бір ғана анық: «Декарттық күмән» - ақиқатты түсінудің жаңа әдісі, сенімді білім алудың жаңа әрекеті. Декарттың түбегейлі күмәндануы түбегейлі емес, қанша салмақты және мақсатты. Ол әлемнің объективті бейнесін көрсете отырып, шындықты қайта өңдейді.
Декарттық күмән – таным мақсаты емес, күмән – бұл құрал, алыстағы ақиқатқа, сенімді білімге жолбасшы жұлдыз. Батыл, әмбебап күмән, тек ол әлем туралы дұрыс білім алуға мүмкіндік береді.
Егер ізашар философтар біздің алдымызда әлемнің өзі не екенін білуге тырысып, оған өз ой-пікір білдіруге және ғылым пәні болуға мүмкіндік берсе, XIX ғасырда Иммануил Кант «Мен не біле алам?» деген сұрақ қоя отырып, біздің алдымыздағы әлемнің өздігінен бар екендігіне күман келтіреді.
Біздің танымымызға не қол жетімді? Кеңістік пен уақыт шекарасындағы құбылыстар әлемі туралы сенімді ғылыми білім болуы мүмкін. Бірақ өзімен-өзі болатын әлемді біз ешқашан тани алмаймыз. Неліктен? Себебі ақыл-ой өз-өзіне қарама-қайшы келеді. Себебі, Кант өзіне дейінгі кейбір философтар сияқты «өз-өзімен болатын әлемнің» тіршілік ететініне күмән келтірмеген.

.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет