Реферат тақырыбы: Географиялық және Картографиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі Орындаған



бет3/8
Дата16.03.2022
өлшемі54,97 Kb.
#135856
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
 Географиялық  және   Картографиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі.

Жалпыгеографиялық карталар – барлық географиялық құбылыстарды бейнелейді, жер бетін және оның бөліктерін, гидрография, елді мекендер, шаруашылық объектілер, коммуникация, шекаралар, жер бедерін, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемін т.б. көрсетеді. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды – топографиялық карталар, орта масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы карталар деп атайды.


Картографиялық проекция туралы түсінік
Картографиялық проекция картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобустарда материалданған. Картографиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында жоғары оқу орындары мен Картографиялық кәсіпорындарында жүргізіледі. Әрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылар біліммен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады.
Картаны құрушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография, картометрия жатады.
Картаны жобалау және құру, картаны безендіру, картаны жасау және картаны пайдалану әдістемесі кіреді.

Меркатор проекциясы
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең аудандытең бұрыштытең аралықты және еркін проекциялар.
Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель — немесе мередиан бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала бермейді.
Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.
Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлікконустық және азиммуттық деп бөлінеді.
Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.
Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір- біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.
Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан РесейҚазақстан және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет