Қорытынды. Зерттелетін биотехнологиялық дәрілік препараттардың вирустық қауіпсіздігін бағалаған кезде өндірісте пайдаланылатын биологиялық шикізатты (әсіресе жануарлардан немесе адамнан алынған) ескеру қажет болады. Оның вирустық қауіпсіздігін бағалаудың қолайлы тәсілдері шикізаттың түрі мен шығу тегі қаупін, оны өңдеу және сынау, сондай-ақ оны дәрілік препараттардың өндірісінде және өңделмеген өлшеніп оралмаған материалдармен жүргізілген сынауда пайдалану жағдайларын ескере отырып бағалау болып табылады. Клиникалық зерттеу ол өте ұзақ және қиын жұмыс. Клиникаға дейінгі зерттеу орталығында көптеген тәжірибелер жасалады, бұл тексерістерсіз препараттар нарыққа шығарылмайды. Клиникаға дейінгі зерттеу шаралары тексерістің негізі болып табылады, осыдан кейін барып клиникалық тексерістер жүргізіледі.