Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
2020 жыл
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Индонезиядағы жаңа мемлкеттер
Орындаған: Жұмаш Сұлтан
Қабылдаған: Таспулатова Калдыгуль
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Индонезия
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
ИНДОНЕЗИЯ (Іndonesia), Индонезия Республикасы (Republik Indonesia) – Азияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі мемлекет. Азия мен Австралия материктерінің аралығындағы Малайя (Индонезия) архипелагын, яғни Үлкен Зонд (Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Мадура аралдары), Кіші Зонд (Бали, Ломбок, Сумбава, Сумба, Флорес), Молукка (Хальмахера, Моротай, Бачан, Оби, Серам) аралдарын жәие Жаңа Гвинеяның батыс жағы (Батыс Ириан) мен оның төңірегіндегі ондаған шағын аралдарды алып жатыр. Жері 1904,3 мың км2. Халқы 266,3 млн. (2018). Астанасы – Джакарта қаласы. Әкімшілік жағынан 23 провинцияға (олардың ішінде екеуі – Батыс Ириан мен Аче – автономиялық провинциялар), 1 айрықша облысқа (Джокьякарта) және Үлкен Джакарта астаналық округына бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Индонезия – республика. Қазіргі конституциясы 1945 жылы қабылданған. Мемлекеттік және үкімет басшысы-президент (қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол). Оны Халықтық консультативтік конгресс (ХКК) 5 жылға сайлайды. 1969 жылғы заң бойынша жоғарғы мемлекеттік өкімет органы – ХКК 460 парламент мүшесінен – Халықтық Совет өкілдері (ХСӨ) және жергілікті ХСӨ мен функционалды топтар жіберген 460 өкілден құралады. 1965 жылы 30 қыркүйек оқиғаларынан кейін коммунистер мен солшыл ұлтшылдар ХКК мен ХСӨ-ден шығарылды. 17 жасқа толғандардың бәрі сайлауға қатынасады. Провинция губернаторларын президент тағайындайды. Сот жүйесі Жоғарғы сот, облыстық және мемлекеттік соттардан құралған. Жоғарғы сот мүшелерін президент, ал жергілікті сот мүшелерін заң министрі тағайындайды. Кәдімгі әскери соттардан басқа, «30 сентябрь оқиғаларына» қатынасқандар ісін қарайтын төтенше әскери трибуналдар бар.
Табиғаты. Индонезия экваторлық ендік бойына орналасқан. Аралдарының жағасы көп жерінде биік, тік жар болып келеді. Жерінің жартысы – биіктігі орташа және аласа таулар; биік таулар Батыс Ирианда ғана кездеседі. Елдің оңтүстік шеті мен Макасар бұғазының шығысында жатқан бөлігі – қатпарлы және вулканды таулар; Суматрадан Хальмахера аралына дейінгі аралықта (5000 км) 400-ге жуық вулкан бар, олардың 80-і сөнбеген вулкандар (бастылары – Керинчи, 3800 м, Ринджани, 3726 м; Семеру, 3676 м). Калимантан, Банка, Белитунг аралдарын мүжілген, беткейлері көлбеу ескі таулар алып жатыр. Суматра, Ява аралдарының солтүстік жағы, Калимантан мен Батыс Ирианның оңтүстік бөліктері – шөгінді топырақтан түзілген жазықтар. Пайдалы қазындылары: мұнай, көмір, темір рудасы, марганец, қалайы, алюминий, никель, мыс, қорғасын т. Климаты экваторлық, Ява және Кіші Зонд аралдарында субэкваторлық. Жазық жерлерінде ауаның орташа температурасы 25°С-тан 27°С-қа дейін, тауда салқындау; 1500 м биіктіктен жоғары жерлерінде үсік түседі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 2000-4000 мм, көбіне нөсер жаңбыр кунінде түседі. Өзендері шағын, суы өте ылайлы болады. Басты өзендері – Капуас, Барито (Калимантанда), Хари (Дшамбида), Кампар, Муси (Суматрада), Мамберамо, Дигул (Батыс Ирианда). Зонд аралдары мен Батыс Ириан жері қызғылт-сары латерит топырақты, Суматра, Калимантан жері тропиктік батпақ топырақты. Таулы бөлігі – экваторлық және тропиктік мәңгі жасыл орман; аралдардың жағалауында қалың бұта өседі. Жануарлар дүниесінің құрамына қарай Индонезия жерінің көбі Үнді-Малайя зоогеографиялық аймағының Малайя тармағына, ал Батыс Ириан, Молукка аралы, Кіші Зонд аралдарының бір тобы Папуас тармағына жатады. Жануарлардан маймылдар (орангутан, гиббон, макака), жалғыз және қос мүйізді керік, піл, малайя аюы, бантенг бұқасы, жалды крокодил және құстардың, бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері кездеседі. Индонезия территориясы 2 табиғи ауданға бөлінеді: Яваның шығыс бөлігі, Сулавесидің оңтүстік-шығысы, Кіші Зонд және Молукка аралдары – субэкваторлық, қалған жері – экваторлық аудан.
Халқы. Индонезияда 150-ден астам халық пен этникалық топтар тұрады. Тұрғындарының 96%-і малайя-подинезиялық семьяның индонезия тобына жататын халықтар; олардың ішіндегі сан жағынан үлкендері – явалықтар және оларға жақын сундтар, мадурлықтар (75 млн.), индонезия малайялықтары және оларға жақын халықтар (14 млн-дай), ерекше топ – джакарталықтар (3 млн.), ачелер (1,8 млн.), батактар (2,7 млн.), даяктар (2 млн-ға жуық), балиялықтар (2,2 млн.). Батыс Ирианның солтүстік бөлігінде меланезиялықтар, оның ішкі аудан дарында папуастар, Индонезия қалаларында қытайлар (3 млн.), арабтар (100 мың) тұрады. Мемлекеттік тілі – индонезия тілі. Негізгі діні – ислам (мұсылмандар 86%, қалғандары христиандар, үнділер, буддистер мен конфуцишілдер), Халқының көбі Ява аралында (тығыздығы 1 км2-ге 500 адам) қоныстанған; Батыс Ирианда халық ете сирек тұрады (тығыздығы 1 км2-ге 2 адам). Қала халқы 30%; ірі қалалары (халқы 1 млн-нан астам) – Джакарта, Сурабая, Бандунг; халқы 500 мыңнан астамы – Медан, Палембанг, Семаранг.
Тарихы. Индонезия жері – қазіргі типтегі адам (питекантроп, явантроп одан кейін вадьяк адамы) қалыптасқан орталықтардың бірі. Одан төменгі палеолит дәуірінің ескерткіштері (патжитан индустриясы) табылды. Сірә, б. з. б. 5 ғасыр шамасында Индонезияға Үндіқытайдан қола дәуіріндегі Донгшон мәдениеті енген болуы керек; негізгі аймақтары қола дәуіріне б. з. б. 2 ғасыр – б. з. 2 ғасырда көшті. Жағалаудағы аймақтар б. з. 2 ғасырда темір дәуіріне көше бастады. Халық негізінен егіншілікпен, аздап аңшылықпен шұғылданды. Әлеуметтік ұйымның негізгі түрі рулар мен тайпалар болды.4-5 ғасырларда өндіргіш күштердің дамуына байланысты, Индонезия жерінде алғашқы таптық қоғамдар қалыптасты. Явада Тарума (Батыс Ява), Калинга (Орталық Ява) мемлекеттері мен Шығыс Ява мемлекеті (аты белгісіз), Суматрада Малайю (орталықта), Шривиджайя (шығыс жағалаудың оңтүстігінде), Калимантанда Кундунг әулеті билеген мемлекет (шығыс жағалауда) пайда болды.7 ғасырға салым Индонезияда феодалдық қатынастар қалыптасты. 7 ғасырдың орта шенінде бірнеше князьдық бірігіп, суматралық қуатты Шривиджайя империясы болды. 8 ғасырдың 2-жартысында Шайлендрлер әулеті басқарған Шривиджайя империясы Малакка жарты аралында берік тұрақтады. Орталық Явада 8 ғассырдың 1-жартысында Матарам мемлекеті пайда болды. Мұнда Санджайя құрған Шиваист әулеті биледі. 9-10 ғасырларда Шривиджайя империясы дәуірлеп өсті. Ал 11 ғасырдың ортасына салым Матарам мемлекеті Орталық және Шығыс Яваның және Бали аралдарының шұрайлы алқаптарын алып, ірі сауда қалаларын өзіне бағындырды.11-16 ғасырларда Индонезия дамыған феодалдық дәуірге ойысты. Индонезияның бұл кезеңдегі тарихы Кедиридің Явадағы мемлекетінің (11 ғасырдың 40 жылдары пайда болған) гұлденуіне байланысты. Сингасари мемлекеті (Кедири мемлекетінің 13 ғасыр басынан бергі аты) Суматраның бір бөлігіне, Малакка түбегінің оңтүстік бөлігіне. Калимантанның батыс бөлігіне т. Б. аймақтарға бақылау орнатты. 13 ғасырдың аяғында Сингасари мемлекеті ыдырап, Явада Маджапахит империясы (1293-1520 ж.ш.) құрылды. Бұл империя орта ғасырдағы ең ірі жалпы индонезиялық мемлекет болды.14 ғассырда Явада феодализмнің дамуы – қауымдық жер, патша үйі, ғибадатхана жері, жеке меншік жер болып бөлінуіне әкеліп соқтырды. Ірі жер иелері қалыптасты. 14 ғасырда Индонезияға Үндістан мен Малаккадан ислам діні кіре бастады. 15 ғасырдың ортасынан бастап Маджапахит империясы әлсіреп, 16 ғасырдың 2-он жылдығында бірсыпыра мұсылман княздықтарына бөлінді. 1575 жылға салым Орталық және Шығыс Яваның дені Матарам деп аталатын жаңа мемлекетке бірікті. Тек Батыс Явадағы Бантам сұлтандығы тәуелсіз күйінде қалды. 16 ғасырдың 90 жылдары Индонезияға голландиялықтар келіп, отарлау саясатын жүргізді. Олар жергілікті феодалдар арқылы шаруалар шаруашылығына, сыртқы саудаға қажетті дақылдарды (қалампыр, мускат, бұрыш) өсіруді енгізді. Сөйтіп сыртка шығарылатын өнімдерді өндіруді реттей бастады. 18 ғасырда Индонезияға кофе дақылы еріксіз енгізілді. Индонезия феодалдары қосымша өнімнің басым бөлігін голландиялықтарға беруге мәжбүр болды. Бұл Голландияға қарсы куресті өрістете түсті, бірақ ол күшпен жаяшылып отырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Забродская М. П., Шарец Д. С. Природа Индонезии. М., 1961; Архипов В. Я. Экономика и экономическая политика Индонезии (1945-1968). -М., 1971; Губер А.А. Индонезия. Социально-экономические очерки. -М.-Л., 1932; Беленький А.Б. Национальное пробуждение Индонезии. –М., 1965; Заказникова Е.П. Рабочий класс и национально-освободительное движение в Индонезии. –М., 1971; Проблемы современной Индонезии. –М., 1968; Алешин Ю. Советско-индонезийские отношения в 1945-1962 гг. –М., 1963; Сикорский В. Индонезийская литература. Краткий очерк. –М., 1965; Демин Л.М. Искусство Индонезии. –М., 1965; Прокофьев О. Искусство Юго-Восточной Азии. –М., 1967.
Достарыңызбен бөлісу: |