4. Қорытынды
Сонымен қорыта айтқанда , интеграция модельдерін қарастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялық оқытудың түрлері анықталады:
1) аралас түрлі интеграциялық оқыту даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог- мұғалімнің, логопедтің, психологтың жүйелендірілген көмегін алады.
2) Жартылай даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы сыныпта, басқа жартысын қалыпты сыныпта өткізеді.
3) Уақытша арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді іс-шаралар өткізуде кездеседі.
4) Толык түрдегі интеграциялық оқыту даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаны қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жасерекшелік көрсеткіштеріне сай және де қалыпты деңгейлі кұрдастарымен бірге окуға психологиялық тұрғыдан дайын; түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады.
ЕБҚБ-ды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында окуға, арнайы педагогика мен психологияның негізін білуге, мүмкіншіліктері шектеулі балалардың психологиялық және дене даму ерекшеліктері туралы түсінуге, білуге, білім беру үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті.
5.Пайдаланылған әдебиеттер:
https://stud.kz/prezentatsiya/id/35779#&gid=1&pid=10
http://www.myshared.ru/amp/1415433/
https://emirsaba.org/integraciyali-oitu-jafdajinda-mmkindigi-shekteuli-balalarfa-ps-v2.html
Достарыңызбен бөлісу: |