3. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру
Даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялык-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.), сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады.
Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы бейімделеді немесе оқу жоспарындағы пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары құрылады. Жеке
түзете дамыту және оқу бағдарламаларының мазмұны баланың жасын емес, оның зерде дамуының деңгейін, жеке даму ерекшеліктерін, баланың өтемдік мүмкіндіктерін есепке ала отырып анықталады.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында денсаулыққа колайлы педагогикалық-күзету тәртібін қарастыру қажет (дамуында проблемалары бар балалардың мүмкіндігінен жоғары талаптарды қоймай, баланың қажеттілігін және келешек өмірін есепке ала отырып оқыту керек, сондай-ақ қойылатын талаптыда аса төмендеьпеу қажет).
Психологиялық-педагогикалық қолдау тобының әрбір мүшесі кәсіби этиканы сактауга, балаға немесе оның жанұясына зиян тигізетін жағдайда, психологиялык-педагогикалық тексеру, кеңес беру жұмысы немесе қызметтің басқа да түрінің нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға міндетті.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |