Интеграциялык оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар. Толық интеграция - қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту.Толық интеграция психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік деңгейіне сәйкес немесе жақын, және де балалардың қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын жағдайында теке асырылуы мүмкін.
«Жартылай» интеграция- қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін меңгере алатын,сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.
Тұракты, толы емес интеграцияның маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың калыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты және арнайы топтары бар аралас типті мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен қатар даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады.
Уақытша интеграцияда арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.
Уақытша интеграцияның мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасаумен анықталады.
Эпизодтық интеграция моделі- мүмкіндігі шектеулі балалармен қалыпты деңгейлі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүйелі жүргізуге жағдайы жасалмаған арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына арналған. Эпизодтық интеграцияның мағынасы болып анық күрделі даму бұзылыстары бар балалардың құрдастарымен аз ғана мөлшерде болса да өзара байланысқа түсуін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылатын арнайы (түзету) мекеме жағдайында қалыптасатын әлеуметтік қарым- қатынастағы объективті шектеулерден асу табылады. Сонымен бірге, бұл жағдайды инклюзивті білім беру деп атауға болмайды.