III. Қорытынды. Генекологиялық потологиялардың алдын алуы үшін Акушерлік-генекологиялық диспансерлеу жүргізіп отыруымыз керек. Диспансерлік тексеру дегеніміз мал организіміндегі потологиялық үрдістің алғашқы басталған кезеңінен бастап ақ дер кезінде тауып алып аурудың алдын алуға арналған, барлық сүт фермаларында міндетті түрде, жүйелі түрде жүргізілетін малдәрігерлік шаралардың жиынтығы.Диспансерлік жұмыс үш сатыдан тұрады:1) Малдың тұрған жерін, бағып-күтімін, азықтандыруын зерттеу. Әрбір малды жеке клиникалық тексеруден, жемшөптің сапасын, құнарлығын агрохимиялық тексеруден өткізіп, мал организміндегі зат алмасу құбылыстарының деңгейін, сипатын анықтайды.2) Зат алмасу үрдістерінде патологиялық өзгерістері бар, бірақ әзірше клиникалық асқынуға бара қоймаған малды бір топқа жинап, оларға жалпылама алдын алу шараларын жүргізеді де, аурудың нақтылы клиникалық белгілері бар малды бөлектеп, әрқайсысын жеке емдейді. 3) Малдың қанын, жемшөптің сапасын биохимиялық, агрохимиялық тексеру нәтежиесіне сүйене отырып, жалпы алдын алу шараларын жүргізеді. Диспансерлеу жұмысын маусымды жұмыстар (күзде және көктемде) және күнделікті істелінетін жұмыстар деп қарасақ, оны мынандай бөліктерден құрастыруға болады:
1. Жыл бойында үзбей орындалып отыратын малдәрігерлік шаралар:
а) Жемшөптің санитарлық сапасын бақылау; ә) Суалған сиырларды төлдегенге дейін және төлдегеннен кейінгі кезеңде миниральді және витаминді заттармен қамтамасыз ету; б) Төлдеген сиырларды гинекологиялық тексеруден өткізу; в) Сауылып жүрген және суалған сиырларды желінсауға тексеру; г) Мал төлдейтін қоралардың тазалығына бақылау жасап, төлдеу жұмыстарын ұйымдастырып, туа алмай жатқан малға көмек көрсету; ғ) Туғаннан кейінгі аурулардың алдын алатын жұмыстар;
д) Қолдан ұрықтандыру жұмысына бақылау жасау (кәсіптік деңгейі, тазалық жағдайы); е) Туғаннан кейінгі кезеңнің ауруларына ұшыраған сиырларды емдеу; ж) Бірнеше рет ұрықтандырғанда тоқтамай жүрген сиырлардың жатырына алдын ала тазарту емін жүргізу; 2. Айына бірнеше рет жүргізілетін малдәрігерлік шаралар: а) Тік ішек арқылы қашырған сиырларды буаздыққа тексеру; ә) күйілмей жүрген, бірнеше рет күйлеп, қашырғанға тоқтамай жүрген сиырларды гинекологиялық тексеруден өткізу; б) Сауылып жүрген сиырларды (бақылау өткізетн күндері) жасырын желінсауға тексеру; в) Табындағы сиырлардың физиологиялық-клиникалық жағдайларына талдау жасау; г) Жасырын желінсаумен ауырған сиырларды емдеу; ғ) Қысыр (бедеу) сиырлардың жыныстық циклін қалпына келтіретін емдеу шараларын қолдану.
3. Әр тоқсанда бір жүргізілетін малдәрігерлік шаралар:
а) Ұзақ уақыт қысыр қалған, емдеу нәтиже бермей жүрген сиырларды комиссияның гинекологиялық текеруінен өткізу; ә) Өсіп-өну қабілетінен біржола айырылған сиырларды жарамсыз деп тауып, етке өткізу;
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
«Ветеринариялық акушерлік, генекологиялық және көбею биотехникасы» Ш.Қ.Қалтаев, Б.Д.Жукин, М.Н.Жоланов, Қ.У.Қойбағаров. Алматы 2011ж.